5.3. Сақтар
Сабақ тақырыбы:
Шырақтың ерлігі
Қазақстан тарихы
5 сынып
Оқу мақсаты: 5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау Бағалау критерийлері: - Дарий патшаның сақ жеріне жорығы туралы деректерді біледі
- Парсы патшасы мен грек тарихшысының жазбаларындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратады
- Парсылардың соғыс жорықтары туралы дереккөздері арасындағы сабақтастықты дәлелдейді.
Деректерде сақ-парсы қарым-қатынасы қалай сипатталады?
Парсы патшасы І Дарий өз жеңістері туралы ақпаратты 50 метрлік биік жартасқа жаздырған. Ол Бехистун жазбасы деп аталады. Жазбада І Дарий және оның алдында тұтқындалған қарсыластары бейнеленген. Сақ жеріне жорығы туралы мынадай ақпарат келтірілген: «Бастарына шошақ бөрік киетін сақтарды толықтай талқандадым. Олардың көсемін тұтқындап, басқаны көсем қылдым. Сақ елі осыдан кейін маған бағынды».
Грек тарихшысы Полиэн парсылар сақтардың бір бөлігін бағындырғанын растайды, алайда өз еңбегінде І Дарийдің шөл далада адасып, әрең құтылғаны туралы жазады. Полиэн І Дарийдің сақтарға жорығы сәтсіз аяқталғаны жөнінде жазып қалдырған.
Парсылар батысы Жерорта теңізі мен Египеттен бастап, шығысы Орталық Азия елдеріне дейінгі жерлерді жаулап алып, ірі патшалық құрды. Парсы патшасы І Дарий шамамен б.з.д. 519-518 жылдары қалың қолмен сақ еліне жорыққа шығады. Ол Кир бағындыра алмаған сақтарды қайткенде жаулап алып, даңқын асқақтатуды ойлаған болатын. Кирді өлтіргені үшін сақтардан кек қайтармақшы болған І Дарий сақтарды өзіне бағындырып, Грекияға қарсы әскери жорыққа қатыстыруды да жоспарлады.
Неліктен парсыларға сақтармен соғысу қиын болды?
Ежелгі грек авторы Полиэн: «І Дарийдің соғыс әрекеттерінен түк шықпады. Парсылар сақ жасақтарының соңына түсіп, даланы кезумен болды. Сақтар малдарын өздерімен бірге айдап әкетіп, жауға шөп те қалдырмай, шегініп отырған», - деп жазды - Ежелгі грек авторы Полиэн: «І Дарийдің соғыс әрекеттерінен түк шықпады. Парсылар сақ жасақтарының соңына түсіп, даланы кезумен болды. Сақтар малдарын өздерімен бірге айдап әкетіп, жауға шөп те қалдырмай, шегініп отырған», - деп жазды
Геродоттың жазбалары бойынша «сақтар шегініп, парсы әскерін шөлейітті жерге әкетпекші болған». Сақтар жер жағдайын жақсы білді. Көшпелі сақтар жылдам қозғалып, бір күншілік жер озып отырған. Полиэн сақтардың әскери кеңесінде Шырақ деген жігіттің І Дарий әскерін жою әдісін ұсынғаны туралы жазады.
Шырақ ерлігі
Полиэннің жазуынша, Шырақ денесін шақпен өзі аямай тілгілеп, қатты жаралайды. Шырақ парсыларға барып, сақ көсемдерінен қорлық көргенін, тұтқыннан қашып шыққанын айтады. «Мені қорлағаны үшін олардан кегімді аламын! Сақтарға қысқа жолмен тезірек апарамын», - деген Шырақтың сөзіне парсылар сеніп қалады.
Шырақ парсыларды ертіп, шөл далаға адастырып әкетеді. Сусыз шөл далада парсылар қырыла бастайды. Ақырында Шырақ оларға: «Елімді жаудан аман алып қалу үшін мен сендерді алдадым. Сендер енді шөл далада қырыласыңдар!», - дейді. Шырақ батыр қаза тапты. Сақ батырының ерлігі ғасырлар бойы аңызға айналды. Нәтижесінде парсы патшасының әскері шығынға ұшырап, жорығы сәтсіз аяқталады. - Шырақ парсыларды ертіп, шөл далаға адастырып әкетеді. Сусыз шөл далада парсылар қырыла бастайды. Ақырында Шырақ оларға: «Елімді жаудан аман алып қалу үшін мен сендерді алдадым. Сендер енді шөл далада қырыласыңдар!», - дейді. Шырақ батыр қаза тапты. Сақ батырының ерлігі ғасырлар бойы аңызға айналды. Нәтижесінде парсы патшасының әскері шығынға ұшырап, жорығы сәтсіз аяқталады.
Ежелгі заман авторларының еңбектерінен біз сақтардың күшті мемлекет болғанын, өздерінің қуатты көршілерінің шабуылдарына ерлікпен тойтарыс бергенін көреміз. Олар осылайша Ұлы даланы өз ұрпақтарына сақтап қалдырды. - Ежелгі заман авторларының еңбектерінен біз сақтардың күшті мемлекет болғанын, өздерінің қуатты көршілерінің шабуылдарына ерлікпен тойтарыс бергенін көреміз. Олар осылайша Ұлы даланы өз ұрпақтарына сақтап қалдырды.
1-тапсырма. Хат жазыңдар. - Парсылардың соғыс жорықтары туралы І Дарийге хат жазыңдар.
2-тапсырма.
Картамен жұмыс.
- І Дарийдің «патшлардың патшасы» деп атау себебін картаға сүйеніп түсіндіріндер.
- Парсылардың сақтарға қарсы әскери жорығының бағытын анықтаңдар
3-тапсырма: Шырақ батырға мінездеме жазыңыздар.
Кері байланыс: «Бас бармақ»
Достарыңызбен бөлісу: |