Сабақ Тақырыбы: Сұйықтардың қасиеттері



бет1/2
Дата03.01.2022
өлшемі279 Kb.
#450694
түріСабақ
  1   2
Практикалық сабақ 1,2,3


Практикалық сабақ 1. Тақырыбы: Сұйықтардың қасиеттері

1.1.Сұйық тығыздығы

1.2.Меншікті салмақ.

    1. Сұйық түрлері

Табиғатта заттардың агрегатты жағдайы қатты, сұйық, газ түрінде және плазмалы болып бөлінеді. Сұйық дегеніміз қатты дене мен газ аралығында болады. Сұйықтың негізгі қасиеті–өте төменгі температура мен жоғары қысым кезінде қатты дене қасиетінде болады (мұз), ал өте жоғары температура мен ең төменгі қысым кезінде газ түріндегі қасиетіне айналады (бу).

Сұйық дегеніміз, физикалық дене, оның бөлшектері өте қозғалғыш, аққыш болып келеді. Сыртқы күші әсерінен өзінің формасын өзгерте алатын қасиеті бар сұйықтар сығылатын (газ түрлі) және қысылмайтын немесе өте аз сығылатын (тамшылы) болып бөлінеді.

Сұйық қозғалысының заңдылығын реттеуді жеңілдету үшін идеалды (қиялдағы) және реальды (нақтылы) сұйықтар деп екіге бөлінеді.

Идеалдағы (қиялдағы)–тұтқырсыз сұйық, бұл сұйықта үйкеліс күші мен жанама кернеу күші болмайды да, сыртқы күш әсерінен оның көлемі өзгермейді.

Реальды (нақтылы)–тұтқырлы сұйық, табиғатта кездесетін сұйық қысым мен температураның әсерінен көлемі өте аз өзгереді. Сондықтан нақтылы сұйықты абсолютті сығылмайтын дене ретінде зерттейді. Реальді сұйық Ньютондікі және Бингемдікі болып бөлінеді.

Ньютон сұйығындағы қозғалыста–сұйықтың бір қабатының екінші қабатына қарағандағы жанама кернеу күші жылжу жылдамдығына пропорциональды болады. Егер сұйық тыныштықта тұрса, бұл кернеу күші 0-ге тең болады. Ньютон сұйығына–су, май, бензин, керосин, глицерин т.б. жатады.

Бингем сұйығы–оның ағысы өте баяу болады да, Ньютон сұйығынан айырмасы–тыныштықта тұрған кезінде бұл сұйықта жанама күші (ішкі үйкеліс) болады, әрі мұның шамасы сұйықтың түріне байланысты.Бингем сұйығына–битум, балшықтар, лай, коллойдтар, мұнай өнімдері жатады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет