Біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакция жүргізу, орындалған тәжірибелерге сүйене отырып, спирттердің физикалық қасиеттерін (түсін, иісін, суда ерігіштігін) анықтау.
Қаныққан біратомды спирттердің кейбір химиялық қасиеттерін зерттеу.Көпатомды спирттердің сапалық реакциясын белгілеу.
3.Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби дағдыларының тізбесі
-спирттердің химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
- спирттердің маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру
Сабақтың элементтері, оқу сұрақтары, оқытудың әдіс - тәсілдері
Қосымша, өзгерістер, ескертпелер
5.1 5.2 5.3
С абақты ұйымдастыру: Оқушыларды түгелдеу.
Кезекші тағайындау.
Өткен тақырыптарға шолу: Спирттердің гомологтық қатары?
Спирттердің физикалық қасиеттері?
Спирттердің химиялық қасиеттері?
Спирттердің алынуы?
Спирттердің қолданылуы?
Жаңа тақырыпты түсіндіру: Спирттер - құрамындағы сутек атомдары бір немесе бірнеше гидроксил топтарымен алмасқан көмірсутектің туындылары.Мысалы: метил спирті СН3ОН метанның СН4 туындысы
этил спирті С2H5OH этанның C2H6туындысы; этиленгликоль С2H4(OH)2этанның C2H6туындысы;
ИЮПАК халықаралық атаулар жүйесі бойынша спирттерді көмірсутектердің атына -ол деген жұрнақ қосып атайды. СН3ОН метанол. С2H5OH этанол және т.б.
СН3 – OH метанол
Спирттердің гомологтық қатарының жалпы формуласы: R-OH, R- көмірсутек радикалы немесе CnH2n+1OH. Гидроксил тобының сутегісі басқа 5 сутек атомына қарағанда қозғалғыш болып келеді, оның себебі бұл сутек көміртекпен оттек атомы арқылы байланысқан. Сондықтан гидроксил тобындағы сутек атомы металға аламаса алады.
Спирттер құрамындағы гидроксил топтарының санына байланысты өзара жіктеледі:
Тапсырма №1 (І) (f) Мәтінді толықтырыңыздар Бутанол-1 гидроксил тобы .................. көміртек атомымен байланысқан, сондықтан бұл қосылыс ................ спирт ретінде белгіленеді. Бутанол-2 гидроксил тобы ....................... көміртек атомына байланысқан, осылайша, бұл қосылыс ................... спирт ретінде белгіленеді. 2-метилпропанол-2 құрамында гидроксил тобы ....................... көміртек атомымен байланысқан, осылайша бұл қосылыс .................. спирт болып табылады.
Тәжірибе №1 Спирттердің судағы ерігіштігін анықтау Нұсқаулық Сәйкесінше екі сынауыққа 2 мл этил спирті мен изоамил спиртін құйыңыз. Әр сынауыққа 3 мл су қосыңыз және шайқаңыз.
Тәжірибе №2 Спирттердің жануы Нұсқаулық Этил спиртінің аздаған мөлшерін кәрден табақшаға құйыңыз. Сіріңкемен жағыңыз. Тәжірибені изоамил спиртімен қайталаңыз.
Тәжірибе №3 Біратомды спирттерге сапалық реакция Этанолдың мыс (ІІ) оксидімен тотығуы Нұсқаулық Сынауыққа 1 мл этил спиртін құйыңыз. Мыс сымды спиртшам жалынында жақсылап қыздырыңыз. Қыздырылған мыс сымды этил спирті құйылған сынауыққа салыңыз.
Тәжірибе №4 Көпатомды спирттерге сапалық реакция Глицериннің мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі Нұсқаулық Екі сынауыққа 1 мл 10% мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісін құйыңыз және 10% натрий гидроксиді ерітіндісінің 3 тамшысын қосыңыз. Көк түсті тұнба түзіледі. Сынауықтың біреуіндегі тұнбаға глицерин тамшысын қосыңыз және тұнбаны шайқаңыз. Екінші сынауыққа этил спиртін тамшылатып қосыңыз.
Тәжірибелер алаңы
Тәжірибе №1 Спирттердің ерігіштігі Болжам
Бақылау
Қорытынды
№1. Есеп Этиленнің 33,6 литрін гидраттағанда этил спиртінің қандай массасы түзілетінін есептеңдер. №2. Есеп Массасы 9 кг глюкозаны спирттік ашыту арқылы қанша литр этанол алуға болады. Этанолдың тығыздығы 0,789 кг\м3
7. Үйге тапсырма
§47. Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер. № 1-5 есептерді шығару