Сабақтың тақырыбы: «Бейтараптану реакциясы»



Дата09.07.2016
өлшемі32.5 Kb.
#186954
түріСабақ
Сабаққа талдау

Мерзімі:

Пәні: химия

Сыныбы:
Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: «Бейтараптану реакциясы»

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың мақсаты:1.Қышқылдар мен негіздердің әрекеттесуінен түзетін өнімді сипаттау химиялық реакция теңдеуін жазу.

2.Түзілген өнімді атау, химиялық формуланы дұрыс құруға дағдыландыру.

3 .Бейтараптану реакциясының күнделікті тұрмыста,адам ағзасында атқаратын рөлін ашу арқылы дүниетанымын кеңейту.

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар жиынтығы, реактивтер, сынауық қондырғы, лакмус қағазы, бюретка.

¥йымдастыру кезеңі оқушының ынтасын сабаққа бағыттады.

Өткен сабақпен байланыс: Тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылды және реакция теңдеулері жазылды.

Мақсаттылығы: Окушыларды оку іс-әрекетіне ықыластандырды.

Сабақтың ерекшелігі:Сын тұрғысынан ойлау стратегияларының элементтерін қолдана отырып.

Ғылыми әдістеме:Деңгейлік тапсырмалар, слайд арқылы сын тұрғысынан ойлау стратегияларының элементтерімен жұмыс істеу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырды.

Жұмыстың түрлері деңгейлік тапсырмалар, тірек-сызба, слайд,ой толғау, Венн-диаграмма сияқты жұмыс түрлері енгізілді.

Пән-аралық байланыс: биология

Техникалық құрал және көрнекілік: кестелер, реактивтер, т.б.құралдар қолданылды.

Танымдық әрекетті ұйымдастыру: Оқушы белсенділігі танымдық қаблеттілігін арттыруға мүмкіндік туғызды.

Қорытынды: мұғалім жан-жақты, әр оқушының жеке дербес жұмыстарына назар аударып оларды шығармашылық потенциалын көтеруге ат салысып жұмыс атқаруда. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында мұғалім озық технологиялардың ішінен сын тұрғысынан ойлау стратегияларын кеңінен қолдана біледі. Сабақ жоғары деңгейде өтті.



Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары : Кулмакова Б.З.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет