Күні: 16.10.2020ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Айдарова К Б.
|
Тобы: ЕТҚ1-901, АТҚ1-901
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары
|
Сабақ мақсаттары
|
10.3.1.5 табиғатты пайдалану түрлерінің тиімділігін арттыру бойынша шешімдер әзірлеу (жергілікті /аймақтық компонент негізінде)
|
Бағалау критерийлері
|
Қолдану: табиғатты пайдалану түрлерінің тиімділігін арттыру бойынша шешімдер әзірлейді (жергілікті / аймақтық компонент негізінде)
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар істей алады:
тақырыпты зерттеу және сыныптастарына өз зерттеуі нәтижелерін түсіндіретін жақсы құрастырылған ауызша презентация жасау (оқылым, жазылым, айтылым және тыңдау қабілеттері)
Пәнге тән лексика мен терминология:
Ластану
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Қоршаған ортаны көп ластайтын заттарға жатады........
Елімізде минералды ресурстарды игеру кезінде.........қалаларда қоршаған орта бұзылды
Осы мәселенің салдарына жатады..........
Шешу жолы............... мысал келтіре аламын
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Отансүйгіштік, ынтымақтастықта бірге жұмыс жасау
|
Өмірмен байланыс
|
Қазақстанда қоршаған ортаны ластайтын заттарды және шешу жолдарын қарастырады
|
Пәнаралық
байланыстар
|
Экология, физика, экономика
|
АКТ қолдану
|
Интербелсенді тақтадағы тақырыпқа байланысты суреттер
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-5 минут
|
Тақтада суреттер арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім бүгінгі сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырады. Сабаққа қысқаша шолу жасалады.
Терминдермен жұмыс. Табиғатты пайдалану түрлері.
|
Презентация РР
|
Сабақтың ортасы
6-38 минут
|
Мәтінмен жұмыс (4 минут).
Оқушылар 5,6,7 слайдтарда тиімсіз табиғат пайдалану түрлерімен танысады. Оқушыларды 3 топқа бөліңіз.
Топтық жұмыс (12 минут)
Топтарда тиімсіз табиғат пайдалану мысалдарымен байланысты нақты мәселені қарастырыңыз және осы проблемаларды азайту немесе шешу жолдарын ойлап табыңыз.
1-топ: мыс өндіру (карьерлер мен террикондардың п.б.).
2-топ: мұнай өндіру кезінде ілеспе газды жағу.
3-топ: ормандарды кесу.
Бағалау критерийлері:
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар, оқушыға
|
табиғат пайдалану үлгілерінің тиімділігін арттыру бойынша шешім жолдарын әзірлейді (жергілікті / өңірлік компонент негізінде)
|
Мәселенің пайда болу себептерін анықтайды.
|
Ықтимал салдарды анықтайды
|
Жергілікті компонентті қосымша қамту барысында ұқсас жағдайларды табады
|
Мәселені азайту жолдарын ұсынады
|
Осы мәселені шешу бойынша іс-шаралар кешенін ұсынады
|
Топтар өз тапсырмасын сынып алдында таныстырады. Мұғалім тарапынан кері байланыс және бағалау жүргізіледі.
Мәтінмен жұмыс. Табиғатты тиімді пайдалану (5 минут).
Кестемен жұмыс (12 минут).
"ҚР-да табиғатқа әсер ететін жағымсыз салдармен күрес жөніндегі іс-шаралар" кестесін толтырыңыз
|