Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6- бөлім. «Атақты тұлғалар»
|
Мектеп: Дүкен НОМ
|
Күні: 5.02.2018ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Л.Әділбекова
|
Сынып: 3
|
Қатысқандар: 3
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Түркілердің өмір салты
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)
|
3.3.2.1 Әр түрлі материалдарды зерттеу негізінде түркілердің өмір салтын анықтау
|
Сабақ мақсаттары
|
дереккөздер арқылы түркілердің өмір салтын сипаттау;
|
Бағалау критерилері
|
түркілердің өмір салтын сипаттайтын дереккөздерді зерттеу;
дереккөздер арқылы түркілердің өмір салты туралы әңгімелеу;
тарихи және мәдениет ескерткіштерін сипаттау
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсінеді
дереккөздер арқылы түркілердің өмір салтын анықтап, оларды сипаттайды
Пәнге тән лексика мен терминология:
тарих және мәдениет ескерткіштері, түркілердің өмір салты, қолтаңбалы өнер.
Неліктен екенін айта аласыз ба?
… ежелгі заттар бізді қызықтырады?
…тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау керек?
|
Құндылықтарды дарыту
|
қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік түркілердің өмір салтын сипаттайтын ежелгі жазба ескерткіштерін
зерттеу барысында,
өмір бойы білім алу құндылығы бейнематериалды көру барысында жүзеге асады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тарих пәнімен байланыс
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
1-2 сыныптарда сақтар мен ғұндар – біздің ата-бабаларымыз туралы ақпаратпен таныс болды.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
6 мин
|
1.Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.
1.1. Суреттермен жұмыс (Әр оқушы суреттерді мұқият зерттеп, оларға сұрақ дайындайды):
Мұғалім: Әр оқушы сұраулы сөйлемдер дайындаңыздар және бұл сұрақтар НЕ? Неліктен?Қайда? Қашан? деген сөздердан тұруы керек.
Сабақтың тақырыбымен таныстыру,
сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
Өте қызықты сұрақтар қойдыңыздар. Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабақта не істейміз?
|