Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "ASTANA POLYTECHNIC "
жоғары колледжі" ШЖҚ МКК
БЕКІТЕМІН
директордың оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары
______________Исмайлова А.Х.
«____» _____________2022ж.
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Web-парақшаға
мультимедиа нысандарын енгізу»
Пәні: «Информатика
Оқытушы: Асқарова С.А.
«Бағдарламалау»
ТӘК отырысында
қаралды және мақұлданды
Хаттама № « » 2022жыл
ТӘК төрайымы:_______________Маркабаева С.А
Нұр-Сұлтан, 2022
Ашық сабақтың өткізілу
ЖОСПАРЫ
Өткізілу мерзімі: 14.1102.2022 ж.
Уақыты: 14сағ.20мин.-15сағ.20 мин.
Өткізу орны: 1310 дәрісхана
Оқу тобы: С-21-13гб тобы
Оқытушы: Асқарова Сезім Асқарқызы
Пәні: «Информатика»
Сабақтың тақырыбы: «Web-парақшаға мультимедиа нысандарын
енгізу»
Құндылық: Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен
қарау, денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету.
Қасиеттер: қанағатшылдық, рақымдылық, өз қалауын реттеу.
Сабақтың мақсаты: Мультимедиа нысандарын енгізіп,Web-
парақшаларын әзірлеу.
Білімділік: Білім алушыларға мультимедиа түсінігін түсіндіру.
Білімді жүйелеу, тиянақтау, білімділікке үйрету.
Дамытушылық: Білім алушылардың
логикалық ойлау қабілетін
дамыта отырып, білімділік дағдыларын қалыптастыру. Білім
алушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік: Білім алушыларды сауаттылыққа, ұжымда бірлесіп жұмыс
істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Оқыту әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, ой қозғау, мағынаны ашу, өз
бетімен жұмыс;
Пәнаралық байланыс: «Ағылшын тілі», «Физика»;
Уақыты: 60 мин.
Құрал- жабдықтар: компьютер, мультимедиялық проектор,
сызбалар;
Сабақтың құрылымдық-логикалық сұлбасы мен
хронологиялық картасы:
I. Ұйымдастыру кезеңі – 8 мин.
1.1 Амандасу, білім алушыларды түгендеу.
1.2 Ішкі оңтайлы күйге келтіру.
II. Жаңа тақырып –20 мин.
2.1.
Алдын ала берілген тапсырма бойынша жұмыс.
1-ші топ: «Барына қанағат қыл»
2-ші топ: «Рақымдылық жаса»
3-ші топ: «Мен Алладин болсам»
2.2.Дәйексөзбен жұмыс істеу.
2.3.Мұғалімнің әңгімесі.
ІІІ.Тақырыпты бекіту – 15 мин.
3.1.Топтық жұмыс: «Алғыс айту»
3.2.Топпен ән айту.
IV.
Үй жұмысын беру-1 мин.
4.1. «Қайсарлық», «Ерік жігер», «Батылдық» туралы сурет салып,
тақырыпты ашуға дайындалу.
V. Сабаққа қорытынды жасау – 1 мин.
5.1.Соңғы тыныштық сәті.