Зерттеушілер клубы
1-ші курс
7-ші сабақ
Төрт сұрақ
Қымбатты дос!
Дүниеде ең жаман нәрсенің не екенін білесің бе? Ол – күнә!
Күнә бір бас періштені Құдайға қарсы шыққан шайтанға айналдырды. Күнә Құдай жаратқан тамаша дүниені бұзды. Күнәнің кесірінен ұрлық, өтірік, жек көрушілік, кісі өлтіру, қайғы, ауру және өлім бұл дүниеге енді.
Біз күнәнің жаман, үрейлі зардабына қараған кезде Құдайдың күнәні неліктен жек көретінін түсінеміз. Құдай жұмақта ешқандай күнә болмайды деп айтқан, сондықтан біз Иемізге бару үшін барлық күнәларымыздан тазаруымыз керек.
Осы сабақта біз төрт маңызды сұраққа жауап береміз.
1. Күнә деген не?
Киелі кітапта күнә туралы көп айтылған. Ал сол күнә деген не?
Күнә деген – дұрыс ойланбау, дұрыс сөйлемеу, дұрыс істемеу.
Құдай тағала Киелі кітапта Өзінің он өсиетін берген. Олар Таурат бөліміндегі “Мысырдан көшіп шығу” жазбасында жазылған. Осы өсиеттерде Құдайдың алдында ненің жақсы, ненің жаман екені туралы айтылады. Бұл өсиеттерді орындамаған кезде біз күнәлі боламыз. Енді сол өсиеттердің бірнешеуін қарап шығайық.
Құдай: “Менен басқа ешқандай құдайларың болмасын!” – деген.
Біз жүрегіміздің төрін Құдайға арнап, Құдайды бәрінен де қатты сүюіміз керек.
Құдай: “Ата-анаңды сыйла!” – деп те бұйырды. Демек, біз ата-анамызды сүйіп, сыйлап, олардың тілін алуымыз керек. Егер ата-анаңмен сыпайы сөйлеспесең және олардың тілін алмасаң, Құдай алдында күнәлі боласың.
Құдай: “Ұрлық жасама!” – деп айтқан. Демек, бізге біреудің затын алуға болмайды. Не ұрланса да, ұрлық өте жаман нәрсе. Тіпті ол туралы ешкім білмесе де, ұрлық жасамау керек. Сол сияқты, мектепте сен біреудің орындаған тапсырмасын көшірсең, бұл да ұрлықтың бір түрі.
Құдай: “Өтірік айтпа!” – деген. Құдай өтірікті жек көреді. Өтірік айтқан адамдар Құдайға қарсы күнә жасайды. Сондықтан өтірік айту күнә болады.
Күнә деген не?
Жаман қылықтар:
Тіл алмау
Бейпіл ауыздық
Ұрлық
өтірік
ұрлық
жек көру
қызғаныш
Айдын деген бала мектепте оқитын. Бір күні ол ең жақсы көретін мұғаліміне өзінің мәселесін айтты: “Апай, мен өте көп өтірік айтамын. Кейбір мұғалыімдерді және апамды алдайтын болып кеттім”. Мұғалімі одан: “Сен оларды не үшін алдайсың?” – деп сұрады. “Мен оларды нашар істерімді жасыру үшін алдаймын”, - деді Айдын.
Айдынның бұл жауабына қатты таңғалған мұғалім: “Айдын, сен өтірік айтқан кезде кіммен ара қатынасың нашарлайды?” – деп сұрады. Айдын ойланып: “Құдаймен”, - деді.
“Ал сен кіммен ара қатынасың нашар болғанын қалайсың? Құдаймен бе, әлде мұғалімдермен бе?”
“Мұғалімдермен, өйткені Құдаймен әрқашан да тату болуым керек”, - деді Айдын.
Сонда ұстазы Айдынға: “Ондай болса, сен енді өтірік айтуыңды тоқтатқаның жөн. Егер жамандық істеген болсаң, шындықты айтып, тиісті жазаңды алуға дайын бол! Өйткені өтірік айтқан адам Құдаймен қатынасын бұзады”, - деді.
“Мен осыны бұрын түсінбейтінмін, енді өтірік айтпаймын”, - деді Айдын.
Сен, мүмкін, былай деп сұрайтын шығарсың: “Құдайдың өсиеттерін орындаған кім бар?”
Иеміз Исадан басқа Құдайдың өсиеттерін түгелдей орындаған ешкім жоқ. Біз бәріміз күнәліміз. Киелі кітапта: “Бәрі де күнә жасап, Құдайдың бергісі келетін ұлылығынан құр алақан қалды” деп жазылған (Рим. 3:23).
2. Біз неліктен күнә жасаймыз?
Біздің неліктен жамандық істейтініміз туралы ойланып көрдің бе? Оның себебі: біз өз жолымызбен жүргіміз келеді.
Құдайдың тура жолынан бұрылып кету – күнә. Біз өз бетімізбен жүріп күнәлі боламыз.
Киелі кітапта былай делінген: “Біз бәріміз қойдай адасып, әркім өз жолымызбен кеттік” (Ишая 53:6).
Әркімнің жүрегінде Құдайға бағынбайтын тәкаппарлық бар. Біз кейде “Мен не істегім келсе, соны істеймін”, - дейміз. Ал бұл жақсы ма? Жоқ! Жұмаққа бару үшін біз өзгеруіміз керек.
Иеміз Иса бірде екі баласы бар кісі туралы әңгіме айтып берген. Сол кісі өз ұлдарын өте жақсы көретін. Бір күні оған ұлдарының көмегі қажет болды.
Сонда ол бірінші ұлына: “Бүгін егіндікке барып, жұмыс істей тұршы”, - деді.
Ұлы: “Жарайды, барайын”, - деді де, барған жоқ.
Әкесі көңілсізденіп, екінші ұлына келіп: “Ұлым, бүгін егіндікке барып жұмыс істей тұршы”, - деді.
Екінші ұлы: “Жоқ, бармаймын”, - деп жауап берді.
Екінші ұлы: “Мен бармаймын”, - деді
Сонда әкелерінің жүрегі ауырып, қатты қайғырды. Әкесінің ренжігенін көрген екінші ұлы өзінің істегені қате екенін түсінді. Ол өз ойынан қайтып, әкесінің тапсырған барлық жұмыстарын орындады. Сонда әкесі екінші ұлына риза болды.
Исаның бұл әңгімені не үшін айтқанын білесің бе? Ол бізге жаман істерімізбен Құдайды қаншалықты ренжітетінімізді көрсету үшін айтты.
Біз осы әңгімедегі екінші ұлға ұқсаймыз. Құдайдың тілін алмай, өз бетімізбен жүреміз.
Сен жаман істеріңмен Құдайды ренжіткеніңді түсініп тұрсың ба? Өзіңді өзгерткің келе ме? Онда сен мына сөздерді айта аласың: “Мен Құдайды өзімнің жаман істеріммен ренжіткенімді білемін. Осындай болып қала бергім келмейді, Құдайды сүйіп, Оған бағынуды қалаймын”.
3. Күнәнің зардабы қандай?
Енді біз күнәнің не екені және неліктен күнә жасайтынымызды білеміз. Сондықтан келесі сұрақ туралы ойланайық: күнәнің зардабы қандай? Ежелде күнә Адам ата мен Құдайдың байланысын үзді. Демек адам мен Құдайдың арасын бөліп жіберетін – күнә.
Құдай
Күнә
Адам
Күнә Адам мен Құдайдың байланысын үзді
Киелі кітапта: “Сендердің әділетсіз істерің өздерің мен Құдайдың арасын бөлді” деп жазылған (Ишая 59:2).
Құдай бізді сүйеді, бірақ күнәларымызды жек көреді, өйткені күнә адамды құртады.
Күнәсі кешірілмеген адамдардың Құдаймен байланысы үзілген. Сондықтан бұ дүниеден кеткенде жұмаққа емес, тозаққа барады.
Бізді күнәларымыздан кім құтқара алады?
Біз күнәнің не екенін және өзіміздің неге күнә жасайтынымызды білдік. Сонымен бірге күнә адамның Құдаймен байланысын үзетінін де түсіндік. Сондықтан біз, әрине, мына сұрақтың жауабын білгіміз келеді: “Бізді күнәларымыздан кім құтқара алады?”
Бізді күнәларымыздан құтқара алатын Біреу бар! Ол – Иеміз Иса Мәсіх. Одан басқа ешкім бізді құтқара алмайды, өйткені тек Мәсіх қана күнәсіз. Иса есімінің мәні: “Жаратқан Ие – Құтқарушымыз” дегенді білдіреді. Киелі кітапта былай делінген: “Сен Оның атын Иса деп қоясың, себебі Ол өз халқын күнәларынан құтқаратын болады” (Матай 1:21).
Иеміз Иса бізді күнәларымыздан қалай құтқарады? Ол біз үшін айқыш ағашта өлді. Себебі біз күнәларымыз үшін жазалануға тиісті едік. Бірақ Иеміз Иса күнәларымыздың бәрін өз мойнына алып, қасиетті қанын төгіп, жанын қиды.
Сөйтіп Ол біздің күнәларымыздың құнын Өзінің таза қанымен өтеді.
Біз Құтқарушы Исаға сенсек, Құдай барлық күнәларымызды кешіреді, өйткені Иса олдардың құнын төлеген. Киелі кітапта: “Соған сенеген әркімнің күнәлары Соның арқасында кешіріледі” деп жазылған (Ел. іст. 10:43).
Иса біз үшін тағы бір керемет жасайды. Ол өмірімізге келіп, бізді күнәнің құлдығынан азат етеді. Елші Пауыл: “Мен рухани жағынан Мәсіхпен бірге айқышқа шегеленіп өлдім. Сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде”, - деген (Ғалат. 2:19-20).
Егер Исаны өзіміздің Құтқарушымыз деп қабылдасақ, біз де осылай айта аламыз.
Иеміз Иса бізді барлық күнәларымыздан құтқара алады. Сенің барлық жаман іс-әрекеттерің кешірілсін деп, Иса айқыш ағашта жанын қиды. Киелі Рух арқылы Ол сенің жүрегіңде мекендеп, саған жамандық істемеуге көмектеседі. Киелі кітапта айтылғандай, Ол “сендерді адасып кетуден сақтайды” (Иуда 1:24).
Сен күнәларыңның кешірілуін қалайсың ба? Иеміз Иса жүрегіңе келіп, сені күнәдан азат етуін тілейсің бе? Егер сен Исаны өз Құтқарушым деп қабылдамаған болсаң, осылай дәл қазір істей аласың.
Бұл Иса мен сенің араларыңда болғандықтан, Онымен біраз уақыт оңаша бола алатын бір тыныш орын тауып ала ғой.
Өз сөзіңмен Иемізден күнәларыңды кешіруін сұра. Оған сені өте қатты сүйгендіктен, күнәларың үшін айқыш ағашта жанын қиғанына алғыс айт. Исаны жүрегіңнің төріне шақырып, өз Құтқарушым деп қабылда.
Алтын аят
“ ... Оның атын Иса деп қоясың, өйткені Ол өз халқын күнәларынан құтқаратын болады”
(Матай 1:21).
Қазынаны тап
А Б Ғ Д Е З Й К Қ
Л М Н О С Т
Ұ Ы І
Табылған қазына
Қазақша аудармасы және көркемделуі “Ізгі хабар” баспасы, Стамбул 1996 ж.
Түпнұсқасы ТМСІ, 1990 ж.
“Зерттеушілер” клубы, 1-ші курстың
7-ші сабағына арналған сұрақтар
Нұсқау: Дұрыс жауапты (а немесе ә әріптерінің біреуін) таңдап, төртбұрыштың ішіне жаз.
-
Дүниедегі ең үрейлі, жаман нәрсе не?
а) Жер сілкінісі;
ә) Күнә
-
Құдайдың өсиеттері ...
а) қазіргі заманда маңызды емес;
ә) бізге әрқашан да дұрыс жолды көрсетеді.
-
Біз неліктен жамандық істейміз?
а) Өйткені Құдайдың айтқан өсиеттерін қабылдамай, біз өз бетімізбен жүргіміз келеді;
ә) Өйткені басқа адамдардың әрекеттері бізді ашуландырады.
-
Күнәнің зардабы қандай?
а) Күнә біздің көңілімізді түсіруі мүмкін;
ә) Күнә біздің Құдаймен ара қатынасымызды үзеді.
-
Құдай бізді не істесек кешіреді?
а) Егер біз Иеміз Исаға өз Құтқарушымыз деп сенсек кешіреді;
ә) Егер біз жақсы болуға тырыссақ кешіреді.
Осы жауаптар парағын сызықшалар бойымен қиып алып, конвертке сал.
Мына жерге алтын аятты жаз-------------------------------------------------
Мына жерге табылған қазынаны жаз---------------------------------------
Баспа әрпімен жазуыңды сұраймыз!
Аты-жөнің -------------------------------------------------
Туған күнің----------жасың---------------сынып----------
Мекен-жайың---------------------------------------------------
Осындай сабақтарды сенің достарыңа да жіберуге дайынбыз. Достарыңның аты-жөндерін, мекен-жайларын және мүмкін болса, олардың ата-аналарының да аты-жөндерін бір қағазға анықтап жазып, өзіңнің сабағыңмен бірге бізге жібер. Бізде барлық жастағы адамдарға арналған сабақтар бар.
Өзіңнің мекен-жайың мен біздің мекен-жайымызды жазуды ұмытпа! Поштаға салардан бұрын мұқият тексеріп шық! Бізге тек жауаптар парағын жібер!
Егер бізден екі ай уақыт мерзімінде жауап келмесе, хабарлас. Себебі сол жағдайда сенің хатың немесе біздің жауабымыз поштада жоғалып кеткен шығар.
050031 Қазақстан
Алматы
п\ж 68
“ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ”
Достарыңызбен бөлісу: |