ШҚО Семей қаласы
№39 Жалпы орта білім беретін
мектептің тарих пәні мұғалімі
Жаксыбаева Айнур Болатовна.
Тақырыбы: ХҮП-ХҮШғ Қытай
Сынып: 8 сынып
Сабақ түрі: аралас
Әдісі: сүрақ-жауап, ауызша баяндау
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Қытайды маньчжурлардың жаулап алуына себеп болған жағдайларды, әлеуметтік экономикалык даму ерекшеліктері, империяның құрамына кірген халықтардың жағдайы, ұлт азаттық қозғалыстары жайлы нақты мағлұматтар беру.
Тәрбиелік: Өз елін, жерін, Отанын сүйетін, қоғам құндылығын бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалауға тәрбиелеу. Дамытушылық: Өз ойын еркін, нақты, дәйекті жеткізе білуге, өз бетінше жұмыс жасауға, ізденуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, саясаттану
Көрнекіліктер: әлем картасы
Сабақ барысы:
• Үйымдастыру 2мин
• Үй тапсырмасын сұрау 15 мин
• Жаңа такырыпты түсіндіру 20 мин
• Жаңа сабақты бекіту 5 мин
• Үйге тапсырма беру жэне қорытындылау 2мин
• Бағалау Імин
Үйымдастыру кезеңі
Окушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау
• Осман империясы жаңа дәуір басында қандай ел еді?
• Осман империясының әр түрлі ұлт аймақтарының даму жағдайы бірдей болды ма?
• Осман империясыйда 17-18ғ жаңа заманға сай қандай өзгерістер жүрді?
• Ауыл шаруашылығы әсіресе империяның қандай аймақтарында жақсы дамыды?
• 1730ж болған Стамбулдағы көтерілісті кім басқарды?
• Орыс-түрік соғыстары қай жылдары болды?
• Түрік үстемдігіне қарсы қай елдерде ұлт азаттық көтерілістер болды? Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспар.
І.Халықтың жағдайы
II. Қытайды маньчжурлардың жаулап алуы
III. Цин империясының мемлекеттік, саяси-әлеуметтік құрылысы.
ІҮ.Цин империясының жүргізген басқыншылық соғыстары
Ү. Қазақ-Қытай қатынастары
ҮІ. 17-18ғ Қытайдағы егіншілік пен сауданың дамуы. Қалалардың өсуі.
Негізгі оқиғалар.
Маньчжурлар Пекинде өкімет билігін өз қолына алды 1644ж
Қытайдың Цин империясы деп аталуы 1644-1912ж
Жоңғар хандығын бағындырды 1755-57ж
Цин империясы Шығыс Түркістанды өзіне бағындырды: 1759ж
Қытайдың қазақ хандарымен байланыс жасау кезеңі 18ғ I жарт
Еуропалықтардың Қытайға келуіне тыйым салынды -1757ж
17ғ 30-40жж Қытай мемелкетінің терең дағдарыс кезеңін бастан кешіргенін айта келіп, Ли Цзычен басқарған шаруалар көтерілісі (1628-44)
Себептерін айқындау:
Шаруалар көтерілісінің нәтижесін айкындау:
Цин империясының мемлекеттік саяси-әлеуметтік құрылысы.
Боғдыхан (император)
Императорлык Ең жоғарғы мем-тік Әскери кеңес
әкімшілік заңды кұрылымдар
*
Провинцияны экімдер Империя 18 провинцияға Әкімдерді
Басқарды бөлінді император сайлады
Әлеуметтік саты
Ерекше
жағдайлардағылар Басы бос қытайлар
Маньчжурлар Оқымыстылар(шэньши); Егінші; Қолөнер
Саудагерлер, кембағалдар
Жаңа сабақты бекіту:
• Қытайдағы Цин билігі қай жылдарды қамтыды?
• Маньчжурлар қай жерлерді басып алды?
• Цин мемлекеті Қытайдың дамуына ықпал етті ме?
• Шэныпилер кімдер?
• Қытайды маньчжурлардың басып алуына қандай жағдай себеп болды?
• Цин империясының мемлекеттік құрылысы қандай?
• Қазақ-қытай байланыстары қандай оқиғалардан соң дами бастады?
Үй тапсырмасы: 8 пф оқуға,
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |