А
қжар ауданы
Талшық селосы
Бестерек орта мектебі
Пән мұғалімі: Ақтаева Б.А.
Қазақстан тарихы 10 сынып
Тақырыбы: Көшпелілер мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Ерте кездегі көшпелілер мәдениетінен түсінік беру;
2.Дамытушылық: Отан тарихына деген қызығушылығын дамыту;
3.Тәрбиелік: Ұлттық патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Электронды оқулық, қосымша әдебиет
Сабақтың түрі: Практикум
Сабақтың әдісі: Электронды оқулықпен жұмыс, «миға шабуыл», ауызша баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, тест тапсырмасы.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
13 параграф. Қазақстанда көшпелі өркениеттің пайда болуы және оның дамуы.
А) Қазақстанда ежелгі дәуірде мал өсірудің пайда болуы. Көшпелі мал шаруашылығының дамуы.
Б) Көшпелі өркениеттің Қазақстандағы көріністері. Қоғамдық құрылыс.
С) Көшпелі қоғамдағы әскери іс.
Электронды оқулықтағы №1 анимациямен жұмыс.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
III. Сабақтың барысы: 14 параграф. Көшпелілер мәдениеті.
Миға шабуыл:
-
Көшпелілер мәдениеті дегеніміз не?
Оқушы жауаптары тыңдалады. Мұғалім көшпелілер мәдениетіне сипаттама береді.
«Мәдениет» ұғымын талдау.
Мәдениет
Материалдық мәдениет Рухани мәдениет
Заттай деректер Жазбаша деректер Атадан балаға ауызша таралған
шығармалар
Адамдар жасаған 1)заңдар 1)Аңыз-әңгімелер
Барлық заттар 2)Патша, әкім жарлығы 2) Жырлар
3)Жылнама 3) Дастандар
4)Әдеби шығарма 4) Оқиғалар
5)Шежіре 5) Салт-дәстүрлер
6)Тарихи еңбектер 6) Мақал-мәтелдер
7) Даналық сөздер
8) Діни сенімдер
Сонымен, көшпелілер мәдениеті 3 жоспардан тұрады:
-
Материалдық мәдениет
-
Рухани мәдениет
-
Жартылай көшпелілердің діни наным сенімдері
Электронды оқулықтағы №2 анимациямен жұмыс.
-
Материалдық мәдениет.
Б.з.д. VII ғ. – б.з. V ғ. аралығында өмір сүрген тұрғындардың материалдық ескерткіштеріне тоқталар болсақ, қола дәуіріне қарағанда, әлдеқайда жетілгендігін көреміз. Адам өміріне қажетті бұйымдар сапасы жақсарған. Егер қоладан жасалған пышақ, балта, орақ сияқты құрал-саймандар майысып қалатын болса, енді олар темірден жасалып, мықтылығы жағынан әлдеқайда арта түсті. Бүкіл еңбек өнімділігін арттыруға үлкен үлес қосқан. Кең – байтақ жерді алып жатқан тайпалардың материалдық мәдениеті жағынан ұқсас болуы олардың туыстығын көрсетеді.
Гиппократ: «Арбалар өте шағын, төрт дөңгелекті. Басқа бір алты дөңгелекті арбалар киізбен жабылған. Үйге ұқсас екі және үш қабат киіз жабылған күркелі арбалар да жасалды, олар жаңбыр мен желден пана. Бұл арбаларда балалар мен әйелдер тұрады, ал ерлер қашанда ат үстінде болады».
Сұрақ: Халқымыздың бүгінгі таңда қолданып жүрген қандай үйлер сол кездегі сақ дәуірінен жалғасын тапқан?
Жауабы: Киіз үйлер.
Ал енді тұрақтарға келетін болсақ, үйсіндер тастан салынған қыстауларда тұрса, қаңлылар шикі кірпіштен тұрғызылған үй-жайларды мекендеді. Сақ, сармат тайпаларының киім киісінің де өзіндік ұқсас жақтары болған. Тізеге дейін келетін камзол киіп, белбеу буынған, тар шалбар, оң жағында қанжар, сол жағында семсер не садақ ілінетін.
Электронды оқулықтағы 2 модульіндегі №2 анимациямен жұмыс
Есік обасынан табылған адамның үстіндегі сән-салтанатты киімі алтын бұйымдармен безендірілген. Бас киімінде жылқы, барыс, тауешкі, арқар, жолбарыс т.б. жануарлар мен құстар бейнеленген. Беліндегі кісідегі бұғының ғажайып бейнесі, жанындағы ағаш астау, қыш құмыра, күміс ожау, күміс қасық, ағаш ожау, басқа да бұйымдардың сапасы өте жоғары.
-
Рухани мәдениет.
Сақ, үйсін, қаңлы тайпаларының жерлеу әдет-ғұрыптарына қарағанда, о дүниелік өмір бар деп сеніп, өлгендердің ең қасиетті деген бұйымдарын бірге жерлеген. Зират көп жағдайда қыстау маңында салынған.
Ежелгі дәуір және көне қытай, иран, деректемелерінде ертедегі көшпелі халықтардың сыйынатын басты құдай – КҮН. Күнге арнап құрбандыққа жылқы шалу салты болған.
Сұрақ: Қазіргі уақытта өмірімізден отқа табыну көріністері байқала ма?
Жауап.
Сұрақ: Қазіргі уақытта біздің өмірімізде тұмарлар бар ма?
Жауап.
-
Жартылай көшпелілердің діни наным-сенімдері.
Жер жүзіндегі халықтардың қайсысында болсын, олардың діни-сенімдеріне алғашқы дәуірден сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері болады. Алматы қаласының солтүстік-батыс жағында 180 шақырым жердегі Таңбалытаста Күн құдайы бейнесін бейнелеген.
Сұрақ: Қазіргі уақытта «Күн құдайы» қай фестивальдің символына айналған?
Жауап: «Азия дауысы»
Түркілердің көне жазуы «Күлтегіннің үлкен және кіші жазуларына қарағанда бұл халықтар Көкке, Жерге, Отқа және әйел тәңірісі Ұмай анаға табынған. Күлтегін жазуларында осылар бізге күш береді» жеп жазылған.
Жеріміздің Ұлы Жібек жолының бойында жатуы дүниежүзілік басқа діндердің де келіп орнығуына мүмкіндік туғызды.
Сұрақ: Бұл қандай діндер?
Жауап.
Сұрақ: VIII-IX ғ.ғ. жеріміздің оңтүстік және Жетісу аймағында ислам діні тарай бастады. Елімізде алғаш X ғ. ислам діні деп жариялаған мемлекет қай мемлекет?
Жауап.
Сұрақ: Сонымен жерімізде қандай діндер дамыды?
Жауап: Манихей, ислам, христиан, зороастра, несториан, будда.
Электронды оқулықтағы глоссариймен жұмыс. Сөздерге анықтама беру.
Бекіту: Электронды оқулықтағы №4 тапсырманы орындау (сұрақтарға жауап бер)
Бағалау.
Үй тапсырмасы: 14 параграф. Көшпелілер мәдениеті. Интернет жүйесінен ақпарат жинақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |