Башарова Раушан Қорғанбекқызы,
№166 лицейде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Алматы қаласы, Алатау ауданы
Тақырыбы: «Астана – бас қала».
Мақсаты:
-
Білімділік: Астана туралы мағлұмат беру. Қай жылы астана Ақмола қаласына көшірілді? Қай өзеннің жағасына орналасқан? Ақмола қаласының негізі қашан қаланды? Астананың символы не? Қандай оқу орындары бар? т.б.
Грамматика:Рай түрлерін пысықтау, сөйлем құрастыру.
-
Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың сөздік қорын байыту. Лексикалық тақырып бойынша сөйлеу және сөйлесе алу дағдысын қалыптастыру.
-
Тәрбиелік:«Отан оттан да ыстық». Ұлағатты сөз арқылы оқушыларды Астананы, Отанды сүюге, Астана туралы алған әсерлерін сезіне білуге, елдің тәрбиелі азаматы, адамгершілігі мол азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Білімін және іс-әрекет әдістерін жетілдіру.
Сабақ әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, санаға шабуыл.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портреті. Астана қаласының көрікті жерлері, қанатты сөздер жазылған плакат.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс: Орыс тілі, тарих, география, қазақ әдебиеті.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, психологиялық жағдай туғызу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Рай түрлеріне байланысты сөйлем құрастыру. Бүгінгі сабақты өтілген тақырыппен байланыстыра отырып бастау мақсатымен оқушыларды 3 топқа бөлемін. 3 топқа да файлға салынған тапсырма жазылған карточкалар таратамын.
1-топ. Етістікті қалау рай түріне түрлендіріңіз.
Менің жазда ауылға...
Оның кел... келмейтін шығар.
2-топ. Мына сөйлемнен рай түрін ажырат.
Ауылға ертең барармын.
Өткен жылы Астанада болдым.
3-топ. Бұйрық рай түріне жікте.
Кел, айт.
Әр топ өз тапсырмаларын қорғайды.
Балаларға сұрақтар қоямын:
-
Етістіктің райлары нешеге бөлінеді?
-
Қалау рай қалай жасалады?
-
Бұйрық рай қалай жасалады?
-
Ашық рай қалай жасалады?
-
Шартты рай қалай жасалады?
Сөзжұмбақ
-
Қазақтың ұлы ақыны (Абай)
-
«Сағындым» өлеңінің авторы (Сәкен)
-
Төртінші орында тұрған септікті ата (Табыс)
-
Тамақ ішетін орын (Асхана)
-
Күнделікті жейтін азық не? (Нан)
-
«Биік» сөзінің синонимі (Асқар)
-
А
|
Б
|
А
|
Й
|
|
|
С
|
Ә
|
К
|
Е
|
Н
|
|
Т
|
А
|
Б
|
Ы
|
С
|
|
А
|
С
|
Х
|
А
|
Н
|
А
|
Н
|
А
|
Н
|
|
|
|
А
|
С
|
Қ
|
А
|
Р
|
|
Жаңа сабақтың тақырыбы – «Астана – бас қала».
Астана – бас қала
Астана – Қазақстан Республикасының астанасы. Қала Есіл өзенінің оңтүстік жағасында жазық жерде орналасқан. Ақмола қаласының негізі 1830 жылы қаланған. 1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді.
Астананың символы – Бәйтерек. Бәйтерек – әсем, биік ғимарат, сол жағалаудың көркі. Қазіргі кезде Астана – ең сұлу, ең жас қала. Астанада зәулім ғимараттар салынып жатыр. Астананың сол жағалауында Елбасының Резиденциясы – Ақ Орда, Парламент, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, т.б. мекемелер орналасқан.
Астанада «Орбита», «Шұбар», «Жастар» т.б. аудандар бар. Астана қаласында 60-тан астам орта білім беретін мектеп, арнаулы орта және жоғары оқу орындары бар. Мысалы: Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Ресей-Қазақстан университеті т.б. оқу орындары бар. Астанада театрлар, Президент мұражайы, цирк, «Думан», «Конгрес-холл», «Жастар сарайы» т.б. ойын-сауық орындары көптеп салынған.
Астана күннен-күнге гүлденуде. Астана – бас қала. Астананың болашағы зор.
Республикасы
Сөздікпен жұмыс. Оқылым. Айтылым. Жазылым.
Оңтүстік жаға – южный берег.
Қаланған – основан.
Жарлық – Указ.
Өзгертілді – изменен.
Ғимарат – здание.
Сол жаға – левый берег.
Астананың символы – символ Астаны.
Зәулім – высокий.
Қорғаныс министрлігі – Министерство обороны.
Ішкі істер министрлігі – Министерство внутренних дел.
Гүлденуде – процветает.
Мәтіннен берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыр.
Ақмола
Астананың
Зәулім
Сол
Оң
Ресей-Қазақстан
Елбасының
І топ
|
ІІ топ
|
ІІІ топ
|
Мәтіннен антоним сөздерді табу.
|
Синоним сөздерді тап.
|
Омонимді тап.
|
Оңтүстік-солтүстік
Өзгертпеу – өзгертілді
Биік – аласа
Ішкі – сыртқы
|
Ғимарат – мекеме
Өзгерту – ауыстыру
Сұлу – әдемі
Қорғау – сақтау
|
Жас
1. Көздің жасы (слезы)
2. Адам жасы (возраст)
|
Сұрақтар:
1. Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
2. Ақмола қаласының негізі қашан қаланды?
3. Астана Ақмола қаласына қашан көшірілді?
4. Астананың символы не?
5. Астана қандай қала?
6. Елбасының Резиденциясы қайда орналасқан?
7. Астанада қандай аудандар бар?
8. Қандай оқу орындары бар?
9. Қандай ойын-сауық орындары бар?
10. Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіз?
Жазба жұмысы
Мен Астана туралы...
|
түскім келеді
|
Әпкем өткен жылы оқуға...
|
барғым келеді
|
Жазда мен Астанада...
|
оқығысы келеді
|
Әкем «Бәйтерек» туралы...
|
болдым
|
Менің Астанаға...
|
түскен
|
Менің Л.Гумилев атындағы Еуразия университетіне
|
айтайын
|
Маған Елбасының Резиденциясы...
|
болғысы келеді
|
Самат «Конгресс-холда»....
|
ұнады
|
Ағам Ресей-Қазақстан университетінде...
|
айтсын
|
Үй тапсырмасы
1. Астана туралы түсінік айту.
2. Қалау рай мен бұйрық райдың айырмашылығын презентацияда көрсету.
3. Сөздікті жаттау.
4. Мақал-мәтелдерді қайталау.
Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы оқушыларға тілектері мен ұсыныстарын жазғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |