Ойын атауы, мақсаты
|
Психологтың іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
«Шаттық шеңбері»
Балалардың көңіл-күйлерін көтеру.
|
Сәлеметсіздерме балалар!
Менің қолымда әдемі қонжық бар. Қонжық сендерге жақсы тілектер айтпақшы. Сендер бір –бірімізге әдемі қонжықты беру арқылы тілектер айтамыз.
Айсу саған ашық аспан тілеймін. Ақжол сабақты беске оқы, тәртіпті ,тіл алғыш бала бол.
Жарайсыңдар!
|
Оқушылар амандасады.
Бір-бірінің қолдарынан ұстап дөңгеленіп тұрады.
Бір-біріне қонжықты беру арқылы тілектер айтады.
|
«Мен кіммін»
Зейін бөлінуін, қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуын дамыту.
|
Балалар мына суреттерге мұқият қараңдар. Кімдерді көріп тұрсыңдар?
Ұл балалар мен қыз балалар суреті. Суреттерге қарап балаларға ат қойыңдаршы. Қыз баланың атын ұл балаға қоюға болама? Жоқ болмайды.
Сен кімсің? Қыз баласыңба? Әлде ұл баласыңба?
Сенің есімің кім?
Сенің есімің тағы қай сыныпта оқитын балалар бар? Танисыңба?
Сен қандай оқушысың?
Тіл алғышсың ба?
Достарымен сыныпта кім тату?
Кім достарымен жиі ренжіседі?
Балалар достар әрқашан тату болады. Ұл бала қыз баланы ренжітпеу керек. Өзміндің кім екенімізді білуіміз керек. Қанекей өзіміздің атымызды тағы бір рет айтып шығайықшы.
|
Суретке қарап балаларға ат қою.
.
Сұрақтарға жауап береді.
Өз аттарын кезекпен айтып шығады.
|
«Не жетіспейді?» (суреттің жетіспейтін бөлшектерін бейнелеу)
|
|
Балалар
|
«Жұлдыздар әлемі»
Түстерді тануға,ажырата білуге үйрету. Таным қабілетерін дамыту.
|
Балалар барлығымыз мына жұлдызды кілемге отырайық. Қазір жұлдыздар әлеміне саяхат жасаймыз. ( түсті шамдарды қосу, кілемше түстерін жағу) балалар қараңдаршы қандай түстер?
Мынау қандай түс? –қызыл
Мынау қандай түс?-көк
Мынау қандай түс?-сары
Мынау қандай түс?-жасыл
Қызыл түсті жұлдызды көрсет
Сары түсті жұлдызды көрсет
Жасыл түсті жұлдызды көрсет
Көк түсті жұлдызды көрсет.
Жарайсыңдар! Жұлдыздар қалай жарқырайды? Әдемі көздің жауын алады. Қараңдаршы қандай әдемі!
Балалар біз шаршадық үйімізге барып демалайық.
|
Балалар кілем үстіне жайғасып отырады.
Жұлдыздардың түсіне қарай атайды. Сұрақтарға жауап береді
Балалар тамсанып, қуанады.
Балалар кілемнен түсіп өз орындарына барып отырады.
|
Релаксация
Оқушылардың демалуына жағдай туғызу.
Кері байланыс
|
Балалар сендер шаршадыңдарма? Ендеше барлығымыз аспанға қарап,аяғымызды созып,ыңғайланып жатайықшы. Түнде біз ұйықтаймыз. Қанекей түн болды барлығымыз көзімізді жұмып ұйықтаймыз. Сөйлеуге болмайды. (2мин демалу сәті)
Таң атты. Балалар ұйқысынан ояна бастады. Орнымыздан тұрамыз, керілеміз.
Сендерге ойындар ұнадыма? Жарайсыңдар!
|
Көздерін жұмып жатады.
Көздерін ашады. Орындарынан тұрып керіледі, қолдарын жоғары төмен қозғалтады.
|