Сабақ уақытысы басталған соң алдымен студенттермен сәлемдесіп сосын,сабақта кім бар,кім жоғын анықтап алдық. Сосын мен тақтаға керекті графигтер мен формулаларды жазып,олар не мағына беретінін түсіндіріп бердім



Дата12.03.2024
өлшемі191.77 Kb.
#495105
түріСабақ
6.02.2024


6.02.2024
Осылай практикамыздың екінші аптасының екінші күнінеде келдік.Әдеттегідей сабақ 8:30да басталды.Мен жеке өзім сабақ өтетін болғандықтан колледжге ертерек бардым.Бірақ менден алдын студенттерім келіп қойған екен.Бұл күні Салтанат апайдың тек 2 ғана сабағы бар еді.Бірінші сабақ бізде 2-23 тобына болды.Сабақ тоқсан минуттан болғаны үшін біз екі тақырып өтетін болдық.Бірінші өтетін тақырыбымыз бізде «Айнымалы ток тізбегіндегі активті және реактивті кедергілер» және екінші тақырыбымыз «Активті және реактивті кедергілерден тұратын айнымалы токтің тізбектелген электр тізбегі үшін Ом заңы».

Сабақ уақытысы басталған соң алдымен студенттермен сәлемдесіп сосын,сабақта кім бар,кім жоғын анықтап алдық.Сосын мен тақтаға керекті графигтер мен формулаларды жазып,олар не мағына беретінін түсіндіріп бердім.Бұл формулалардың тікелей Ом заңымен байланысы бар екенін айттым. Олардың тақырыпты оқуын және дәптерлеріне конспектті толық жазуын қадағаладым.Әрине ортасында сөзімді тыңдамаған студенттерде болды. Сол кезде мен ашуға берілмей олармен жаймендеп сөйлестім.


Сағат 10:00де бірінші сабағымыз бітті және бізде 2 сағаттай үзіліс уақытысы болды.Сосын 11:50 де екінші топқа сабақ бердім. Олар 1-23 тобы еді және Салтанат апай сол топтың кураторы.Оларғада дәл солай сабақ түсіндіріп, барлығының тақырыпты түсініп алуларын қадағаладым.Сабақ аяқталуына 10 минут қалған кезде дәптерлері мен кітаптарыны жинап кетті. Жеке жалғыз өзің апай болған әрі қызықты әрі қиын екен. Бұндай жауапкерщілікті бірінші рет алып тұрған соң менде қорқұыныш болды. Бірақ мен сол қорқынышымды жеңе алдым.Және оған апай мен студенттерім жәнеде қасымдағы 2 практикант қыздырды көмектесті.


Қорытынды
Қорытындылай келе,осы уақыт аралығында көптеген қызықты әрі пайдалы мағлуматтармен таныстым.Өндірістік практика барысында физика пәнін тағыда тереңірек тани түстім және жетекшіміз Салтанат апаймен жұмыс жасау барысында көптеген пайдалы дүниелер үйрендім. Студенттермен қалай жұмыс жасау керек екенін, сабақты қай жолмен түсіндіру керек екенін.қандай жолдармен сабақты қызықтыру керек екенін біліп алдым.Болашақта физика мұғалімі ретінде практика барысында алған іс-тәжірибемді дұрыс пайдаланамын деп ойлаймын.Мұғалім болу үшін тек сабақ беру емес, оқушылармен немесе студенттермен тікелей байланыста болу керек және олармен бірге оқып,олармен бірге сенде көтерілуің керек.Бұл 2 апталық практика маған көптеген дүние үйретті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет