Сабақтастыру. «Инновация»



Дата04.12.2023
өлшемі29.87 Kb.
#485333
түріСабақ
Қасымхан Біржан Дшқ 213 аб-1701457011395


СРО-4
Қасымхан Біржан
1.
Ғасырлар тоғысында Қазақстанның білім беру жүйесінде көптеген ілгері реформалар жүргізілуде. Олардың мақсаты – ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйесімен, әлемдік стандартқа сай негіздей отырып сабақтастыру.
«Инновация» деген сөз − латынның «novus» жаңалық және «іn» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгерту» деген мағынаны білдіреді.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде.
II Негізгі бөлім
Мектеп мұғалімі өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы — басты шарт. Мұғалім қызметінің негізгі мәні — оқушыны оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білу. Өйткені, мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ.
Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені белгілі. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарпынан көңіл бөлінуі тиіс.
Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс – тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Олай болса, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол – мұғалім. Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші – таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.
Ұстаздардың алдына қойған міндет – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология – жеке тұлғаның өзін — өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды. Оқыту мен тәрбие егіз үрдіс. Сондықтанда мұғалім инновациялық технологияны пайдалануға ықпал ететін көптеген шартты жағдайларды танып білуі талап етіледі. Соның бірі- инновациялық мұғалімдік қызмет.
Инновациялық мұғалімдік қызмет – жаңа инновациялық білім бағдарламасын жасақтау мен іске асыруға бағытталған іс-әрекет, онда мыналар іске асырылады: баланы түсінуге, оны оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға жаңа философиялық-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық бағыттар, білім беру мазмұны мен әдістерін құрудың жаңа концептуальды педагогикалық идеялары, баланың мектептегі өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастырудың жаңа формалары, сонымен қатар, педагогтар, жұмысы, басқару, өзін-өзі басқару, мектептің ата-аналар мен әлеуметтік ортамен байланысы.
Инновациялық мұғалімдік қызмет тәрбиенің бұрыннан келе жатқан формалары мен әдістерін өзгертуге, жаңа мақсаттар мен оны іске асыру құралдарын құруға бағытталған.
Инновациялық мұғалімдік қызметтің негізгі функциялары педагогикалық үрдіске және оның компоненттеріне прогрессивтік өзгерістер енгізу болып табылады: а) мақсатты өзгерту; б) білім беру мазмұнына өзгеріс енгізу; в) оқытудың жаңа құралдарын енгізу; г) оқытудың жаңа моделі; д) оқытудың жаңа тәсілдері; е) оқушыларды дамытуға байланысты жаңа идеялар беру (В.В.Давыдов, Л.В.Занков).
Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға беретіндей нақты критерийлерді пайдалануды қажет етеді. Инновацияның негізгі критерийі ғылыми педагогикалық тәжірибеге де баға беруде басшылыққа алынатын жаңашылдық деп білеміз. Сондықтан инновациялық процеске араласқысы келетін мұғалім қолға алған жаңалығының мәнін, оның жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы тиіс. Оқу процесіне инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін және аз уақыт жұмсап жоғары нәтижеге қол жеткізу оның оптималдығын білдіреді.
2.
Біз қадам басқан ХХІ ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етеді. Елімізде білім саласында білім берудің ескі мазмұнының орнына жаңасы келуде. Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіру, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Бұл-оқытушы мен білім алушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Білім беруде жаңа инновациялық технологияларды қолданылу–заман талабы. Әр мұғалім өз сабағын түрлендіріп өткізгісі келеді. Себебі қазіргі инновациялық технологияларды өз дәрежесінде пайдалану–білім сапасын арттырудың кепілі. Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы білім алушының қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Сондықтанда күнделікті сабақта оқытудың тиімді әдістерін қолдану үшін оқытушыға үнемі ізденіс керек. Осы мақсатта біз өзіндік білім көтеру үшін түрлі әдістемелік құралдарға сүйенеміз. Мен, М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», К.Бітібаеваның «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиялары», Қ.Айтқалиевтың «Тілді оқыту әдістемесі», Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау әдістері», «Қазақстан кәсіпкері» журналының 2006, 2007 жж. 2, 4 және 6 сандарындағы Бөлекбаева Г.К. мен Тілегеновалардың жаңа технологиялық әдістер материалдарын, өз сабағымда пайдаландым. Бұл технологиялардың ерекшелігі–білім алушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін, өзін-өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді.

3.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік. Диалектиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын жақтардың бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.


Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Тәжірибелі мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгеру барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтайды. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу практикалық міндеттері мен білім, білім және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік. Диалектиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын жақтардың бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкес элементтер пайда болады. олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет