«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 52 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
|
|
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына, «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы» және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1278 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 52 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2123 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2012 жылғы 17 мамырда № 83-84 (8164) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А. Еділхан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Х.Х. Нұрғалиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Мұхаметжанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін атқарушы
____________Р.В. Скляр
«___»____________2013 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |