Наурыз – жыл басы!
Мақсаты: 1.Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту.
2. Окушылардың ойлауын дамыта отыра,ой қиялын,өрісін,іздену негіздерін дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа,имандылыққа,инабаттылыққа.халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге,сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекіліггі мен жабдығы: Интерактивті тақта, ,кестелер,шарлар,қанатты сөздер.Үнтаспа.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру:
1- жүргізуші: Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.Наурыздың 22-де күн мен түн теңеледі,қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады.Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі.
Кел,балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық..
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық..
2-жүргізуші:
Сондықтан біріншіден Наурыз тепе-теңдік мерекенің негізгі арқауы,мәңгі деп есептелген.
-
Мұғалім: Құрметті қонақтар, балалар,
Көктемнің тамаша мерекесі,
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз құтты болсын.
Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін.
Наурыз - жыл басы, күн мен түннің теңескен кезеңі.
Наурыз мерекесі - өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрек адамдарды табыстыратын қасиетті мейрам. «Бірлік болмай, тірлік болмас», - деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Наурыз – еліміздің баянды бірлігі мен ұйыған татулығының мерекесі.
Кең даланы самал желмен желпіген жаймашуақ Наурыз халқымызға бақыт пен шаттық, тыныштық пен бейбітшілік алып келсін!
Балалар, қазақтың есебінде жылдан үлкен мүшел деген бар. Мүшел он екі жыл болады. 1-ші мүшел 13 жастан басталады. Сол жылдар он екі түрлі хайуанның атымен аталады. Олар: жыл басы – тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы,
-2-
қой, мешін, тауық, ит, доңыз.Бұрынғыдан қалған сөздер бойынша сол хайуандаржыл басы болуға дауласыпты:
Жыл он екі ай көрінісін тамашалайық./Ортаға әр хайуан болып оқушылар шығады./
2. Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан.Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай,Шәкәрім,Мұхтар Әуезов,Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған.Күн мен түн теңелген,мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген,жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен. НАУРЫЗ – жаңа жылдың басы, шығыс күн тәртібі бойынша. Ұлыстың ұлы күні. Жаңа жылдың бірінші күні. Және де бұл күн мен түннің теңескен күні. Наурыз мейрамы бір ай тойланады. Қазақтар бұл күндері бір-бірін жаңа жылмен құттықтап, қонақ шақырады. Әр-түрлі ойын-сауықтар, бәйге, көкпар және жарыстар ұйымдастырылады. Наурызды неғұрлым жақсы қарсы алсаң , соғұрлым жаңа жыл жақсы болады деген салт бар. Әр үйде неше түрлі тамақ дайындалып, наурыз көже пісіріледі. Тамақтың алдында аруақтарға арнап молда міндетті түрде құран оқиды.
Ең соңында үйдегі ең үлкен кісі, жаңа жылды жақсылыққа жорып бата береді.
Демек балалар, Наурыз мерекесі қандай мереке екен?
1. Бибіфатима: Наурыз- күні жаңарудың,өсудің, түлеудің басы.
2. Бибінұр: Наурыз күні имандылық мереке.Алдына келген атанның құны болса да кеш.
3. Ұлданай: Наурыз көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс молшылық бастауы.
4. Аружан: Наурыз мерекесі мейірімділік,қайырымдылық мейрамы.
1- жүргізуші: Ұлы күні кәрі- жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!
Бәрі:
Наурыз келсе,құт келгені, халайық!
Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық..
-3-
2-жүргізуші:-
Зарыға күткен жаңа жылым да,
Наурызым келді – ау!
Жаңа жылым жарылқа,ескі жылым есірке.
Ұрпақтарым аман ет.
Жамандық әрі кет,әрі кет.
Алас,Алас! Бар бәледен қалас.
Наурыз батырым келе ғой!
Ортаға Наурыз батырды шақырамыз.
Наурыз батыр.
Сәлем Анам алтын күн,
Нұр шуаға халқымның.
Ашық болсын аспаным,
Аман болсын жас – кәрің.
Жыл иесі тышқаным,
Құт иесі тышқаным,
Бақыт әкел еліме
Құт – береке молшылық
Дари берсін жеріме
Мұғалім: Балалар, Ұлыстың Ұлы күні адамдар бір-бірімен қалай амандасады?
1. Ақжүніс: Наурыз құтты болсын, Өмір-жасың ұзақ болсын!
2. Ағаділ: Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын!
3 Гүлмарал: Ұлыс береке берсін, Пәле-жала жерге енсін!
4. Айда: Жаңа жыл құтты болсын!
5. Асылжан: Құтың құтты болсын, Құт дарысын!
Мұғалім: Балалар, Наурыз қандай мереке екен?
-4-
Әділет: Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
2 – жүргізуші:
Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тіршілікке,
Құтты болсын қуанышың Ару көктем,
Шақыратын бәрімізді бірлікке.
Мұғалім: Ендеше Көктем аруды ортаға шақырайық.
Көктем Ару. Әсел:
-Армысыздар халайық,
Бармысыңдар халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Мұғалім:
Балалар, Ұлыс күні ақ мол болсын , береке-бірлік болсын деген ниетпен міндетті түрде қазан көтеріледі. Наурызнамаға наурыз көже дайындалады. Ол кемінде 7 түрлі тағамнан дайындалуы керек деген түсінік бар. Ұлыс күні қазан толса , ол жылы ақ мол болар – деген түсінік бойынша қазан мейлінше толы болу керек.
Енді сендер балалар, осы наурыз көженің құрамына кіретін жеті түрлі дім тағамға нелер жататынын білесіңдер ме?
Әсел:
Халқымызда барлық сүт тағамдарын ақ дейтіні белгілі.Олай болса, наурыз көженің бірінші дәмі ақ құрт болып табылады.
Ұлжан:
Наурыз көженің екінші дәмі –қызыл ет.
Рауан:
Тұзды қасиетті қара дәм, қарабас тұз дейтінін білеміз, үшінші дәм- тұз.
Е.Арман :
Көктемде тасыған су жер-дүниені көк толқын ететіні белгілі. Су- тіршіліктің көзі.Біздің наурыз көженің төртінші дәмі – көк су.
Әділет:
Май өзінің сарылығымен ғана емес, халқымыздың «ең асылын» сары майдай сақтайтынымен белгілі.Наурыз көженің бесінші дәмә-сары май.
Аружан:
Жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз. Наурыз көженің алтыншы дәмі-түктеліп, бөрттірілген бидай.
-5-
Нұрдәулет:
Наурыз көжеге қосылатын тағы бір тағам-ұн кеспе.
Мұғалім:
Балалар, Наурыздың өзіне тән салт-дәстүрлері, рәсімдері болған. Ал, кәне сол рәсімдерді айтып көрейік.
Ақмарал:
Балалар , қыздар жаңа киімдеріне байғазы, көрімдік сұрайды, үлкендер байғазы береді.
Жанель:
Өкпелеп жүрген бір-біріне реніші бар ағайын-туғанды бұл күні басқа жұрт татуластырады. «Ағайынды алтау ала болса, ауыздағы кетеді , төртеу түгел болса, төбедегі келеді».
Мұғалім:Бұл күні наурыз тілектер айтылады. Енді наурыз тілек айтып көрейік.
Олжас:
«Ұлыс оң болсын!»
Бексұлтан:
«Ақ мол болсын!»
К.Арман:
«Қайда барса, жол болсын!»
Бәрі:
Жарқыраған жыл нұрды,
Жаса, Наурыз дәстүрлі!
Мұғалім:Балалар, наурыз тойында ұлттық ойындар ойналады. Қандай ұлттық ойындарды білеміз?
Ендеше қазір «Арқан тартыс», « Ұлдар білектесу», «Жаяу тартыс» ойындарын ойнайық.
Наурыз туралы қандай өлең білеміз?
Наурыз айы туғанда
Той болушы еді бұл маңда
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға
Наурыз айы туғанда!!!
Мұғалім: Наурыз тойы әнсіз, бисіз өтпеген. Енді өз нерімізді көрсетейік.
-
жүргізуші . Би: Қара жорға
-
жүргізуші . Ән: Бесік той.
1 жүргізуші. Би: Қуыршағым
2. жүргізуші . Ән: Дастарқан
1. жүргізуші . Би: Киіз басу
1-жүргізуші: : Ұлы күні кәрі- жас,
Құшақтасып көрі
-6-
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өрістен.
Шалдар бата беріскен,
Сақтай гөр деп керістен.
Кел, таза бақ, кел ! –десіп,
Ием тілек бер –десіп,
Қызыр баба сізден бата сұраймыз.
Мұғалім: Біз қазақ халқы Наурыз айының 22- сі күні жаңа жылды қарсы алады екенбіз.Бұл күні күн мен түн теңеліп, даланы Қызыр баба аралайды екен деген сөз бар.
«Батам, батам батпасын, батам жерде жатпасын » деп атамызды ортаға шақырамыз.
Наурыз бата /Мәди/
Наурыз айы оң болсын,
Ақ пен астық мол болсын!
Баршаңызды аруақ жебеп,
Қайда барсаң жол болсын!
Айдан аман сақта,
Жылдан есен сақта!
Алла қолдап халқымды,
Жүздеген қатерден сақта!
Ұлыс күнi береке берсiн,
Дұшпандарың жерге енсiн!
Бақ пен дәулет қабат қонып,
Ұрпақтарың өсiп-өнсiн!
Абыройлы беделдi болып,
Ризық, несебелерiң арта берсiн!
Аллаһу Акбар!
Мұғалім: Наурыз құтты болсын!!! Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан тілеймін! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!!
:
Достарыңызбен бөлісу: |