Тәрбие тақырыбы
|
«Ұстаз! Сіздің алдыңызда...»
|
Мақсаттары
|
Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіну. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрену, Оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту.
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың кезені/ уақыт
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ой қозғау: Балалар, түсінбедім , мына жүрек не мағына береді, ойлана -ойлана таба алмадым? - Оқушы: - Ол – жүрек аяулы Ұстаз жүрегі - Қандай тамаша! Ал, кішкене жүрекшелер ше? - Оқушы : - Ол біздің, шәкірттердің жүрегі - Ұстаз жүрегін шәкірт жүрегі неге айнала қоршап тұр? - Оқушы: - себебі, ұстаз жүрегі мейірімге, сүйіспеншілікке ,махаббатқа толы. Бар жылуын шәкірттеріне беріп , әрқаша қамқор болып Кіріспе сөз: Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі-Ұстаз.
|
Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «Ана тәрбиесін көрген»деген сөздермен ұштасып жатады. Ұрпақ тәрбиесі- ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
|
презентация
|
Сабақтың ортасы
|
Видео – ролик (ұстаздар туралы) Бейне таспаны көріп болғаннан кейін балалар не көргендері туралы өздерінің ойын сыни тұрғыда қалыптастыра отырып, пікірлерін білдіреді.
«Ұстазым менің ұстазым» атты презентацияны балалардың ойын толықтыру және ұстаздарға деген құрметтерін арттыру мақсатында жалғасын табады.
«Ұстазға көрсетілетін құрмет»
1. Ұстаз кіргенде құрмет ретінде түрегелу.
2. Ұстаз алдында отырғанда тәртіп сақтау.
3. Сұрақтарға қолын көтеріп жауап беру.
4. Ұстаз айтқан ақыл кеңесің тыңдау.
5. Ұстазға жол беру.
6. Ұстаз берген тапсырмаларды мүлтіксіз орындау.
7. Ұстаз алдында бей - берекетсіз күлмеу.
8. Ұстазды сабақтан бос уақытта қадірлеу.
|
Мұғалімдер кім болуды армандайды? (қызықты сауал. Мұғалімдердің жұмысы қаншалықты қиын әрі бағалы екенін насихаттау мақсатында баяндалады).
|
|
Сабақтың соңы
|
Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды.
Өйткені: - Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады. - Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады. - Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі. - Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. - Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері. Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады. «Жүректен жүрекке» ұстаздарға ақ тілек... (Балалар ұстаздарына деген жылы лебдіздерін білдіреді). Рефлексия. . (Оқушщылар бүгін қандай әсер алды өз ойларын жазады.)
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |