§59 Ауада ұшу.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: а) Су көлігі, ауада ұшу бойынша білімдерін жүйелеу, білімдерін жадына сақтау. Кемеде жүзу мен ауада ұшу тарихымен танысу.
Дамытушылығы: ә)оқушылардың ой-өрістерін арттыру, шығармашылыққа баулу, ойлау қабілетін дамыту. Жаңа сабақты үйрене отырып, экологияны қорғауға үйрету.
Тәрбиелігі: б) Архимед заңының қоршаған ортада бар екеніне көз жеткізу,
ұйымшылдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Топтастыру, сұрақ –жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың ұраны: «Мақсаты бірдің –рухы бір!»
Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ, тест, есептер.
Сабақтың техникалық
құрал –жабдығы: Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Үйге тапсырма.
VІ. Бағалау.
І. Ұйымдастыру.
Мұғалім: «Мақсаты бірдің –рухы бір» -деген Азиада ұранымен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасы тексеру.
1 топ. «Ой қозғау».
-
Архимед заңын тұжырымда.
-
Архимед күші неге тең?
-
Денелердің жүзу шарттарын тұжырымдаңдар.
-
Сүттің майлылығын қандай құралмен өлшейміз?
-
Салмақ дегеніміз не?
2 топ. Тест.
1 –нұсқа.
-
Автомобиль 2 сағат ішінде 120 км жол жүрді. Автомобилдін жылдамдығы неге тең болады
А. 240 км/сағ
В. 60 км/сағ
С. 122 км/сағ
Д. 118 км/сағ
Е. 242 км/сағ
-
8кг керосин сиятын ыдыстын көлемі неге тең болатынын белгілендер . Керосин тығыздығы 800 кг / м3
А. 100м 3
В. 0,01м3
С. 10 м3
Д. 0,1м3
Е. 0,001 м3
-
Ауырлық күшін өлшейтін құрал
А. Манометр
В. Спектометр
С. Динамометр
Д. Ареометр
Е. Барометр
-
Жылдамдықтың 720км/сағ-пен берілген мәнін м/c-пен өрнекте
А. 7200м/c
В. 20м/c
С. 200м/c
Д. 7200м/c
Е. 3600м/c
-
Суда тұрған адам ауаны жұтқан кезде оған әсер ететін Архимед күші өзгеруі
А. Өзгермейді
В. Тұщы суда артады, тұзды суда кемиді
С. Кемиді
Д. Артады
Е. Тұщы суда кемиде, тұзды суда артады
-
Атмрсфералық қысымды өлшеуге арналған құрал-
А. Манометр
В. сфигмотанометр
С. Ареометр
Д. Барометр
Е. Сфигмоманометр
7. Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күшінің аталуы
А. Ауырлық күші
В. Керілу күші Е. Үйкеліс күші
С. Реакция күші Д. Дененің салмағы
2 –нұсқа.
1. Сүрінген адам қалай қарай құлайтынын анықтаңдар:
А) Солға
В) Оңға
С) Алға
Д) Артқа
Е) Құлау бағыты кез-келген жаққа
2. Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал-
А)Барометр
В)Таразы
С)Мензурка
Д)Ареометр
Е)Манометр
3. Массасы 100кг, ал көлемі 125л сұйықтық тығыздығы:
А)1250 кг/м3
С)80кг/м
Д)800г/м
Е)80г/см
4. Суға батып бара жатқан адамды ит оңай сүйреп шығарады, ал жағада оны орнынан қозғалта алмайды. Себебі...
А) Ортаның кедергісі артады
В) Су киімінің әсерінен адамның салмағы артады
С) Итеруші күш азаяды, үйкеліс күші артады
Д) Ит адамның оқыс қимылдарынан қорқады
Е) Мұндай қимылға үйренбеген
5. P=F/S формуласымен анықталатын физикалық шама
А) Тығыздық
В) Архимед күші
С) Импульс
Д) Қысым
Е) Салмақ
6. Архимед заңының тұжырымдамасы:
Сұйыққа батырылған денеге әсер етуші кері итеруші күш
А) Батырылған дененің салмағына тең
В) Ығыстырылып шығарылған сұйықтың салмағына тең
С) Дене тығыздығының ығыстырылған сұйықтың көлеміне көбейтіндісіне тең
Д) Сұйықтың қысымына тең
Е) Дене салмағының ығыстырылып шығарылған сұйықтың тығыздығының көбейтіндісіне тең
7. Жылдамдықтың 72км/сағ-пен берілген мәнін м/c-пен өрнекте
А) 7200м/с В) 20м/с
С) 200м/с Д) 7200м/с Е) 3600м/с
Дұрыс жауаптары:
1-нұсқа.
1. В
2. В
3. С
4. С
5. Д
6. Д
7. Е
2-нұсқа.
1. С
2. Д
3. В
4. С
5. Д
6. В
7. В
Бағалау:
6 – 7 - “5”
4 – 5 - “4”
2 – 3 - “3 ”
-
- “2”
Сөзжұмбақ
|
а
|
у
|
ы
|
р
|
л
|
ы
|
қ
|
|
п
|
л
|
у
|
т
|
о
|
н
|
|
|
т
|
о
|
н
|
н
|
а
|
|
|
|
а
|
д
|
м
|
и
|
р
|
а
|
л
|
|
|
|
|
г
|
а
|
з
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ұ
|
л
|
ы
|
|
|
|
|
|
|
|
а
|
ш
|
ы
|
қ
|
|
|
|
|
|
|
|
қ
|
у
|
а
|
т
|
|
|
|
|
ІІІ. Жаңа сабақ.
Су көлігі – энергияның пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі.
Кеме жасауға жұмсалатын көптеген материалдардың тығыздығы тұщы және теңіз суының тығыздығынан едәуір үлкен. Кез-келген кеме үшін жүзудің негізгі шарты орындалады: кеменің суға батқан бөлігі ығыстырып шығарған судың салмағы кеменің жолаушыларымен, отынымен, тетіктерімен және басқа құралдарымен қоса есептегендегі салмағына тең болады.
Кеме суда орнықты және қауіпсіз жүзуі үшін ол берілген бір тереңдікке дейін ғана суға батуы тиіс. Кеменің суға бататын тереңдігі шөгім деп аталады.
Рұқсат етілетін шөгім кеменің корпусында қызыл сызық-ватерсызықпен белгіленеді. Кеме суға ватерсызыққа дейін батқанда, кеменің жүгімен қоса есептегендегі салмағына тең ығыстырылған судың салмағы су ығыстырым деп аталады. Су ығыстырымды күш бірлігімен белгілейді. Көбінесе су ығыстырымға салмақтың орнына ығыстырылып шығарылған судың массасы алынады оны тонна арқылы өрнектейді. Егер ватерсызық су деңгейінен жоғары болса, кеме суға жеткілікті дәрежеде батпаса, онда кеме сапарға шықпауы тиіс, толқындар оны теңселтіп, аударып тастауы мүмкін. Су көлігінің ішіндегі ең күрделісі-сүңгуір қайықтар. Сүңгуір қайықты құрастырушыларға көптеген мәселелерді шешуге тура келеді. Сүңгуір аппаратының беріктігі мен орнықтылығы, өте ұзақ су астында жүзу кезіндегі экипажға қолайлы, т.б жағдайларды туғызу және қайықты басқару. Суға шөгу, су бетіне көтерілу, жүзу кезінде тепе-теңдікті сақтау.
Ал жүзу шарттары
Егер дене сұйыққа толық батып, оның ішінде жүзіп жүрсе, онда денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшіне тең.
Егер денеге әрекет ететін
ауырлық күші архимед күшінен артық болса, онда дене сұйыққа батады
Егер ауырлық күші архимед күшінен кем болса, онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі
.
Fа=FА
Fа>FА
FаА
Неміс ақыны Гёте адамның ауа шарында алғашқы ұшуларының біріне арнаған өзінің өлеңін «Адамзат шекаралары» деп атады. Ақын стихияны бағындырудың мүмкіндігіне күдік білдіреді.
Теңесем деп Құдайға,
Тәуекел қылмас еш пенде.
Көтеріліп төбесі,
Жұлдыздарға жетсе де,
Құлына жасалған үміттің
Сүйенер тірек қайда бар.
Жел мен бұлттың ол онда,
Тәлкегіне айналар.
Шынында да ауа шар мен аспанға көтеріліп, толығынан ауа ағынының ырқына тәуелді болған батырың өзін шарасыз сезінуге тиісті болды!
Адам баласы ежелден –ақ суда ғана емес, ауа мұхитындада жүзуге арналған құралдарды жасауды көздеген. Осы мақсатпен ұшу аппараттары –ауа шарлары, кейінірек аэростаттар, дирижабльдер құрастырылып жасала бастады.
Ауа шары 1 –қабықтан немесе балоннан, 2 –аспалы жүйеден, 3 –адам отыратын орыннан тұрады.
Ауа шарын бірінші рет осыдан 200 жыл бұрын Францияның Аноне деген қалашығында ұшырылды. Ағайынды Монгольфьелер ойлап тапқан. Бұл ауа шарымен қой, әтеш, үйрек ұшырылды. Алғашқы аспап кезушілер Жерге ойдағыдай оралған болатын.
Ауада қалқып жүрген шарға ығыстырылған ауаның салмағына тең Архимед күші әрекет етеді. Бұл күш тік жоғары бағытталған. Шарға әрекет ететін ауырлық күші шарды төмен қарай тартады. Осы күштердің айырымынан көтеруші күш пайда болады. Fк=FA-Fa
FA=ρгаз·V·g+mқабық· g
Ұшу аппаратының бір түрі –дирижабльдер. Дирижабльдер –қозғалтқыш айналдыратын пропеллердің көмегімен қозғалады, сондықтан да оны басқаруға болады.
Қазіргі кезде зерттеу станциялары атмосфераны, ауа –райын бақылау үшін шар –зонттарды ұшырады. Мұндай шарлар атмосфераның құрамы, тығыздығы, температурасы, желдің жылдамдығы туралы және т.б. мәліметтерді радиохабарлар арқылы Жерге жеткізіп отырады.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
А) Сұрақтар.
-
Қандай жағдайларда сұйықтағы дене батады? Жүзеді? Жүзіп шығады? ..........................................................
-
Неліктен ауа шарларын сутегі немесе гелиймен толтырады?.................................... ..........................................................................
-
Кеменің шөгімі деп нені атайды? ......................................................
-
Ватерсызық деген не? ...........................................................
Ә) Тұғырдан шаңғымен секіру ойыны.
Бұл ойында есепті шешу барысында «денсаулыққа» байланысты мақал шығады.
с
|
у
|
н
|
а
|
ы
|
і
|
е
|
ж
|
д
|
ң
|
m=0,2 кг
|
V=4 м3
|
S=120 км
|
m=150 кг
|
F=2 H
|
V=0,03
м3
|
m=8 кг
|
V=0,12
м3
|
S=150 м
|
m=20 кг
|
F=0,5 H
|
ρ=2200 кг/ м3
|
t=2 сағ
|
g=10 Н/кг
|
X=0.04м
|
ρ=710 кг/ м3
|
ρ=800 кг/ м3
|
ρ=1,29 кг/ м3
|
v=1,5 м/c
|
V=10 м3
|
µ-?
|
FА-?
|
v-?
|
Fa-?
|
k-?
|
m-?
|
V-?
|
FА-?
|
t-?
|
ρ-?
|
Жауаптары.
д
|
е
|
н
|
і
|
100 с
|
0,01 м3
|
60 км/сағ
|
21,3 кг
|
с
|
а
|
у
|
д
|
ы
|
ң
|
0,25
|
1500 Н
|
88 кН
|
100 с
|
50 Н/м
|
2 кг/м3
|
ж
|
а
|
н
|
ы
|
1,5 Н
|
1500 Н
|
60 км/сағ
|
50 Н/м
|
V. Үйге тапсырма: § 58-59 оқу
-
“Архимед күші. Кемелердің жүзуі. Ауада ұшу” тақырыптарына сөзжұмбақ құру.
-
Шығармашылық жұмыс. Архимед күші туралы ертегі есеп құрастырың.
VI. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |