Мазмұны
Кіріспе
I. Қазақстан Республикасы – ХВҚ1 миссиясының алдын ала тұжырымдары ІҮ бабына сәйкес консультация I.1 Ақша-несие саясатының 2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі бағыттары I.2 Ақша- несие саясатының 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары II. Макроэкономикалық үрдістер II.1 Монетарлық шолу II.2 Қаржы нарықтарына шолу
III. Қазақстан Республикасының банкноттары
Қорытынды
Кіріспе
«Біздің банк жүйесі – керемет» деген қате пікір. Өйткені, біріншіден, банк туралы қолданыстағы заңдар сын көтермейді. Екіншіден, бұл сала тек коммерциялық банктердің пайдасына қолайлы. Негізі, Қазақстанның Ұлттық банк жүйесі еліміздің ұлттық экономикасына тән, қолайлы болуы қажет. Ал бізде солай ма?..
Ал оны ел экономикасына тиімді ету үшін қазіргі қолданыстағы қаржы саласы туралы заңдарды қайта қарастырып, оны жетілдіру қажет. Ұлттық банктің ең үлкен мақсаты – ақша-несие саясатын дұрыс жолға қою. Міне, біздегі ақша-несие саясаты осы мақсатқа сай деп айта алмаймын. Мысалы, Ұлттық банк ақша-несие саясатын өздері әзірлейді, басқармаларымен мақұлдайды. Бірақ оны ешкімге бекіттірмей, қолданысқа енгізеді. Ал бұл — ақылға онша қонбайтын нәрсе. Жалпы, ақша-несие саясаты дегеніміз — мемлекеттік саясат. Ал ол құқықтық мемлекетте биліктің тармақтары арқылы жасалады. Мәселен, бір жерде соғыс болып жатып, мемлекет оған көмек бергісі келсе, ең алдымен, Парламент шешеді. Себебі ол – саясат. Ал белгілі бір құзырлы органдардың мемлекеттік саясатты өзіне тән етіп жасап алуы —дұрыс емес. Сондықтан банк секторындағы бірінші келеңсіздік — заңдардың сын көтермейтіндігі деп айтар едім. Яғни ақша-несие саясатын Ұлттық банк жасауы керек, басқармасында тексеріп, мақұлдасын, бірақ оны бекітіп, өмірдің айналымына Парламент пен Президент енгізуі керек. Сонда ғана жауапкершілік болады.
Жылда өзгерістер болып жатады. Ал Ұлттық банктің ақша-несие саясатын алып қарасаңыз, соңғы өзгерістерде тек мүдделі топтарға ғана тиімді жасалған. Мысалы, аталмыш заңның 68-бабында «Қазақстан Ұлттық банктің қызметін жылда осы банк басқармасымен бекітілген тәуелсіз аудиторлық ұйым тексереді» деп көрсетіледі. Бұл – мәселен, біреудің компаниясын тексеру үшін солар ақша беріп шақыртқан адамдар тексереді деген сөз... Ал кім жалақы беріп отырған басшысын жамандайды?.. Көрші Ресейде Орталық банктің қызметін тексеру үшін тартылатын аудиторлық компания таңдауы Мемлекеттік Дума еншісіне берілген. Сонда жаңағы аудиторлық компания тексеруден соң, Дума алдына келіп есеп береді. Бұл өте дұрыс нәрсе деп ойлаймын. Сондай-ақ осы бапта «Ұлттық банктің және оның бөлімшелеріндегі қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру тек Елбасының келісімімен жүзеге асырылады» делінген. Біз құқықтық дамыған елміз. Бізде Парламент, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, заңның орындалуын қадағалап отыратын прокуратура, қаржы полициясы бар, сонда олар өз қызметін орындау үшін Елбасыдан рұқсат сұрауы керек пе?..
Ертең кедендегілер «бұл жақсы нәрсе екен, бізді де тек Елбасының
мақұлдауымен тексерсін» деп шығуы әбден ықтимал.
Айналып келгенде мұның бәрі Конституциямызға қайшы келеді.
Бізде «прокуратура барлық заңның орындалуын ешкімнен сұрамай
тексеруі керек» деген заң бар. Бұл – дұрыс. Бірақ Ұлттық банк тек президентке бағынады деп айтылады. Олай болатын болса, Президент әкімшілігінде банк жүйесін қадағалап отыратын арнайы
аппарат әлдеқашан құрылуы керек еді ғой... Тіпті заңдық тұрғыда Ұлттық банкке берілген мұндай артықшылықтардан кейін кімнің оны тексеруге батылы барады?..Заң атауының өзі дұрыс емес. Оны ақша-несие саясатының негізгі бағыттары дейміз. Бірақ мұнда несие туралы тұщымды бір нәрсе айтылмайды. Сондықтан, меніңше, оны тек ақша саясаты деп атау керек.Сондай-ақ Ұлттық банктің ақша-несие саясатында жеті құрал атап көрсетіледі. Алайда шынайы өмірде банк мұның тең жартысын қолданып отырған жоқ. Мысалы, инфляцияны базардағы тауардың бағасымен салыстырып өсіп жатыр деп айтамыз. Мәселен, қызанақты алалық. Оның бағасы күнде көтеріліп барады. Ал оны арзандату үшін Ұлттық банк базарда қызанақтың көбейгенін қамтамасыз етуі қажет. Ол үшін екінші деңгейлі банктер арқылы отандық фермерлерге қаржыландыру функциясы бойынша арзан несие беруі тиіс. Сонда біріншіден, өзіміздің тауар шығарушыларды қолдаймыз, екіншіден, базарда бәсеке күшейіп, баға түседі. Бұл инемен құдық қазған сияқты.
I.Қазақстан Республикасы – ХВҚ1 миссиясының алдын ала тұжырымдары ІҮ бабына сәйкес консультация
ХВҚ миссиясы ІҮ бабына сәйкес жыл сайынғы консультация жүргізу үшін 2006 жылғы 11 сәуір – 30 наурыз аралығындағы кезеңде Қазақстанда болды. Миссия соңғы консультация берген кезеңнен бері болған қалыптасқан макроэкономикалық ахуалды және экономиканың перспективаларындағы өзгерістерді қарады. Қазақстанда өмір сүру деңгейінің одан әрі артқаны және негізгі әлеуметтік көрсеткіштердің жақсарғаны байқалады. Қысқа мерзімді перспективадағы экономикалық саясаттың негізгі міндеті банк секторында күшейіп отырған тәуекелдер жағдайында жоғары экономикалық көрсеткіштердің сақталуын және соңғы айларда инфляцияның айтарлықтай көтерілуін білдіреді. 1. Қазақстандағы экономикалық белсенділік жоғары деңгейде қалып отыр, 2005 жыл ЖІӨ-нің қарқыны 9 пайызға асып түскен үздіксіз нақты өскен алтыншы жылы болды. Негізгі әлеуметтік көрсеткіштердің жақсаруы және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі жалғасты. Мұнайға жоғары бағасы және мұнай кірістерінің динамикалық өсуі кезінде көп бөлігі болашақ ұрпақ үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (ҚРҰҚ) жинағын толықтыратын бюджет шығыстарының одан арғы едәуір экспансиясы ықтимал болады. 2006 жылы 2005 жылдың екпінді қарқынымен салыстырғанда мұнай секторының өсу қарқынының ықтимал төмендеуі кезінде экономикалық белсенділік динамикасының сақталуы күтілуде.
2. Банк секторында күшейіп отырған тәуекелдерге және соңғы айлардағы инфляцияның айтарлықтай көтерілуіне байланысты жоғары экономикалық көрсеткіштерді сақтауды білдіретін экономикалық саясаттың негізгі міндетін орындау. Кредиттің өсу қарқыны бір жылда шамамен 75 пайызға көтерілді және банктердің сыртқы қарыз алуының есебінен - 2005 жылдың төртінші тоқсанының өзінде 4,5 млрд. долларға қаржыландырылды. Нәтижесінде қаржыландырудың халықаралық нарықтарындағы талаптар күшейген және несие портфельдерінің сапасы төмендеген жағдайда банктер осалдылығын күшейтті. Бұдан басқа, инфляцияның қарқыны қысқа мерзімді перспективада, оның ішінде 2007 жылы белгіленіп отырған мемлекеттік қызметшілердің жалақысын одан әрі көтеру және банктік кредиттеудің жалғасып отырған тез өсуі нәтижесінде пайыздан асып түсетін деңгейде қалады деп болжануда.
3. Тәуекелдерді азайту және инфляцияны төмендету үшін ақша-кредит саясаты бағамын едәуір күшейту қажет. Жалғасып отырған қайта монетизациялау номиналдық көрсеткіште ЖІӨ өсімінен асып түсетін қарқынмен ақша-кредит агрегаттары одан әрі өскенмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚҰБ) кредиттік экспансия қарқынын төмендету және инфляциялық қысымды тежеу мақсатында өтімділікті жою үшін дереу іс-әрекет етуі тиіс. Бұған барлық міндеттемелерді қосу үшін резервтік талаптарды қамтуды халықаралық деңгейге жеткізу және кеңейтуге қарай банк депозиттері бойынша сыйақы ставкасын (пайыздық ставка) арттыру арқылы жетуге болады, бұл сыртқы қарыз алу қарқынын азайтуға ықпал етеді. Бұдан басқа, өтімділікті жою арқылы резервтік талаптарды қалыпты және уақытша көтеру туралы мәселені қарауға болады. Банктер экономикалық саясатты іске асыру үшін қолданылатын пайыздық ставкаларды және нақты көрсетуде ең төменгі деңгейге дейін төмендеген несие ставкаларын көтеру түрінде өз клиенттерінің неғұрлым қатаң резервтік талаптарын көтеруін күтуде. Оқиғаның осындай бағыты кредитке сұранысты шектейтіндіктен қажет.
4. Сол уақытта теңгенің номиналдық нығаюы инфляциялық қысымды тежеуге ықпал ететін болады. Мұнайға жоғары бағаның есебінен Қазақстанның негізгі экономикалық көрсеткіштері және сыртқы сауда жағдайының ауқымды түрде жақсаруы ұзақ мерзімді перспективада нақты айырбас бағамының едәуір нығаюын көрсетеді. Осындай жағдайда теңгенің нақты нығаюын тежеу былтырғы жылдың тәжірибесі көрсеткендей инфляция қарқынының артуына алып келеді; бұл көтерілуді тоқтату қиын болады және ол ақырында экономикаға неғұрлым күшті теріс әсер береді.
5. Ақша-кредит талаптарын күшейту кейін бюджеттен толықтырылатын ҚҰБ балансына әсер етеді. Экономикалық саясатты іске асыру үшін қолданылатын пайыздық ставканы көтеру ҚҰБ пайыздық ставкаларын көтеруге себеп болады. Бұдан басқа, айырбас бағамын нығайту бухгалтерлік есеп мақсатында теңгедегі ресми резервтерді шетел валютасында сақтайтын айырбастаудан туындайтын қайта бағалау кезінде едәуір шығындарға алып келеді. 2005 жылы қабылданған және осындай шығындар жағдайында капиталды толықтыруды қарастыратын заңнама қажет. Алайда, қалыптасқан жағдайларда, ҚҰБ-не дереу капитал салу ақша-кредит саясатының нарықта инфляциямен күреске даяр екенін және кіріс пен шығын түсініктерін шектемейтінін анық білдіреді.
6. Банктердің несие портфельдеріне байланысты тәуекелдерді тежеу үшін өткен жылы қабылданған бірқатар пруденциалдық нормативтердің, жылжымайтын мүлікке байланысты кредиттеу тәуекелдері және сыртқы кредиторлар тұлғаларына байланысты кредиттеу нормативтерін қоса алғанда дұрыстығын айту қажет.
- 6 -
Жылжымайтын мүлікке бағаның тез өсуін және ипотекалық кредиттеу және құрылысты кредиттеудің одан әрі жалғасқан толқынын негізгі ала отырып, кредиттің негізгі сомасы мен қамтамасыз етуге ұсынылған активтің бағалау құны арасындағы пайызға ара қатынасын және несиелерді жіктеу үшін олардың төлем қабілеттілігі бойынша, әсіресе ақша-кредит талаптарын күшейтудің әсерінен кредиттің өсу қарқыны қажетті қарқыннан қалған жағдайда, одан әрі күшейту мәселесін қарауға тура келеді. Бұдан басқа, сыртқы кредиттеу және банктің инвестициялық қызметі бойынша пруденциалдық нормативтерді күшейту мүмкіндігін қарастыру қажет.
7. Сондай-ақ сыртқы қаржыландыруды тежеу үшін одан әрі пруденциалдық шаралар қажет. Сыртқы банкаралық қарыз алу толқыны ауқымды қаржыландыру ағынының талаптарын күрт күшейткен жағдайда банктердің осалдылығын арттырады. Миссия осы уақытта қаралатын шараларды және шетел міндеттемелерінің өтімділігіне талаптарды қатайтуды, таза ашық позиция лимиттерін одан әрі төмендетуді және қысқа мерзімді сыртқы қарық алуға лимиттерді енгізуді - оның ішінде банк капиталына қатысты ұзақ мерзімді өтеу мүмкіндігімен неғұрлым ұзақ мерзімді қарыз алуды – қолдайды. Осы шаралар ішкі міндеттемелермен салыстырғанда шетел міндеттемелері бойынша неғұрлым жоғары резервтік талаптарды уақытша ұстар еді. Бұдан басқа, миссия ҚҰБ және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА) жасаған банктердің сыртқы міндеттемелері бойынша деректерде айтарлықтай алшақтықтың болғанын айтады. Осы алшақтықтарды жою банктік борышты жою мерзімдерінің нақты профилін бағалау үшін жоғары басымдылықты міндет болуы тиіс; сондай-ақ борышты болашақта өтеу профилінің жүйелі мониторингін ұйымдастыру қажет. Бұл борышты өтеудің және тұтастай алғанда банк жүйесі үшін тиісті тәуекелді ұзартудың болашақ кезеңдерін бағалауға ықпал етеді.
8. Реттеу жөніндегі шаралар оларды банктердің сақтауын қамтамасыз ету үшін қолданылып жүрген қадағалауға сүйенуі қажет. Жергілікті жерлерде, әсіресе жоспарланбаған тақырыптық тексерулерде, инспекциялардың кезеңділігін және тереңдігін арттыру және дистанциялық стресс-тестілеуді жетілдіру және банк өтімділігі үлгілерінің мониторингін жүргізу және өтеу мерзімдері бойынша сәйкессіздіктерді талдау қадағалау қызметінің аса маңызды құрамдас бөлігі болады. ҚҚА тәуелсіздігін сақтау агенттікке деген сенімге және оның жұмысының тиімділігіне кепіл болады. Бұдан басқа, банк жүйесінің даму қарқынынан қалып отырған ҚҚА-ға қадағалау ресурстарын кеңейту және қадағалау
- 7 -
саласына білікті мамандарды тарту және ұстау үшін тиісті деңгейде жалақыны ұстау талап етіледі. Өсіп келе жатқан тәуекелдер кезінде ҚҚА пруденциалдық нормативтерді кез келген бұзушылықты жедел қарауға дайын болуы тиіс және қиындықтар туындаған жағдайда, қандай да бір мәселенің ұшы шыққанға дейін мәселеге араласуға және шешуге тиіс.
9. Ақша- несие саясатын тиісті қатайту әлеуметтік қажеттілікті және инфрақұрылымдағы, сондай-ақ экономиканы түрлендірудегі қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған бюджет-салық саясатын жоспарлы түрде ырықтандыруға ықпал етуі қажет. Мұнай кірістерінің одан әрі болжанып отырған өсуі және бұрынғыдай күтіліп отырған жоғары мұнай кірістері бюджет тұрақтылығына қауіп төндірмей шығыстарды көбейту және салықтарды төмендету үшін айтарлықтай мүмкіндіктер ұсынады. Шығыстың, бекітілуі жақын болашақта күтіліп отырған қосымша қаржы бөлуді қоса алғанда, қабылданған жоспарына сәйкес ЖІӨ-ге қатысты мемлекеттік шығыстардың өсуі 2006 және 2007 жылдары жалғасады. Бұл шығыстардың, әсіресе жобаларды бекіту және нақты сатуды бағалау тетіктерінің тиімділігін мұқият тексерудің маңыздылығын көрсетеді. Кіріс бөлігіне қатысты, миссия нақты секторлар үшін салық ынталандыруларынан туындайтын ауытқуларды қолданудан және оның ішінде көлеңкелі экономикада салық заңнамасын сақтауды жақсарту мақсатында салықтарды төмендетуге өте-мөте сүйенуден сақтандырады. Осы салада Дүниежүзілік банк тарапынан берілетін техникалық көмек тиімді және әділ салық жүйесін әзірлеуге ықпал етуге тиіс.
10. Қазақстан экономикасының орта мерзімді перспективалары қолайлы болып қалып отыр. Алайда, ақша-кредит саясатының көмегі және қысқа мерзімді перспективадағы айырбас бағамының нығаюы кезіндегі макроэкономикалық саясаттың қажетті қатаюынсыз неғұрлым жоғары инфляцияның нығаюы және банк жүйесі осалдығының күшеюі ықтимал. Осындай міндетемелер экономикалық өсу және бәсеке қабілеттілік үшін теріс зардаптар
әкелуі тиіс.
11. Инвестициялық климатты және экономикалық басқаруды жақсарту бойынша маңызды шаралар қыбылданды. Миссия Кен өндіру салаларының айқындығы бойынша бастамаға (EITI) қосылу туралы биліктің шешімін қолдайды. Аудиторлық тексерулерден өткен есептерді без жариялау айқындылықтың маңызды жетістігі болып табылады. Айқындылық сондай-ақ 2006 жылғы шілде және 2007 жылғы қаңтарда ҚРҰҚ басқарудың жаңа тетігін кезең кезеңмен енгізу арқылы күшейеді. Осы тетік мұнай кірістерінің және оларды
- 8 -
пайдалану мөлшерін айқындайды және орта мерзімді бюджет стратегиясын әзірлеу және іске асыру кезінде пайдалы болады.Жаңа тетік сондай-ақ бюджет тәртібін автоматты түрде енгізуге бара бар, сондықтан өткен жылдағыдай бюджетке биліктің дұрыс қарауы қажет. Миссия кірістердің едәуір өсуіне куә ҚҚС басқаруды едәуір жақсартуға алып келген ҚҚС бойынша ақпарат жүйесін ендіруді қолдайды.
12. Мұнай секторының өсу перспективасында тұрақтылықты қамтамасыз етумен бірге басқа салаларда құрылымдық реформаларды жүргізу және билік алға қойған түрлендіру бойынша мақсаттарға жету қарқынын шапшаңдату қажет. Орта мерзімді перспективада нақты айырбас бағамының мұнайға жатпайтын сектордың бәсеке қабілеттілігіне әсерімен өтелетін өнімділікті едәуір арттыру талап етіледі. ДСБ-не тез ену, кеден әкімшілігіндегі реформа (Дүниежүзілік банктің техникалық көмегімен) және аймақтық сауданы дамытудағы одан әрі прогресс осы жетістіктерді бекіте түседі. Бұдан басқа, іскерлік климатты зерттеулермен анықталған әлсіз жерлерді жоюға бағытталған реформалар – телекоммуникация инфрақұрылымы, шамадан тыс тексеру және іскерлік құжаттама мен лицензиялауға өзін-өзі ақтамаған талаптар, сондай-ақ бәсекеге кедергі келтіретін тәжірибе – экономикалық өсу перспективаларын жақсартады.
13. Мұнай және мұнайға жатпайтын секторлардағы ұлттық шоттар мен төлем балансының деректерін бөлшектеуді жетілдіру макроэкономикалық жағдайды бағалауды және тиісті экономикалық саясатты тұжырымдауды жеңілдетеді. Миссия тиісті ақпаратты жасауды жетілдіру туралы биліктің ниетін құптайды және техникалық көмек бойынша ХВҚ-ның соңғы миссиясының ұсынымдарын кешіктірмей жүзеге асыруды ұсынады. Қаржы министрлігімен (Кедендік бақылау комитеті), ҚҰБ, Статистика агенттігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі арасында тығыз ынтымақтастық қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: |