Сабақтың тақырыбы: Қауыпті сақтан!
Мақсаты: Жолда жүру ережесімен және жол бойындағы белгілерге тоқталу, сипаттама беру, жарық сигналдарының мәнін үйрету.
Міндеті: Көше жағдайларын, кеңістікті бағдарлай білу, қауыпсіздік ережелерін жадыларына сақтату. Балаларды бір- біріне көмек көрсете білуге, зейінді, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап
Көрнекілігі: сызба, сурет, ойын, жұмбақ.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар қазір айналамен таныстыру сабағы
- Сабаққа керекті оқу құралдарымызды алып, оқушы ержесіне сай отырамыз.
ІІ. Жаңа сабақ:
-Міне балалар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз қауыпсіздік ережелері.
ІІІ. Кіріспе әңгіме:
-Бағдаршам деген не?
-Ол қайда болады деп едік?
- Ол не үшін қажет бізге?
- Ендеше біз бүгін ертегі кейіпкері Тазша балаға көмек бере отырып ережелермен танысып, әрі өз есімізде сақтай отырамыз.
Алдар көсемен Тазша бала туралы ертегі оқыла отырып, Тазша баланың кездескен қиындықтарына қол ұшымызды білдіреміз.
-
Жол қиындықтарын айта кету.
-
Бұрылыстарда кездесетін қиындықтар.
-
Автобустарда кездесетін адамгершілік.
-
Мұздағы кездейсоқ жағдайлар.
-
Үйдегі қауыпсіздік жағдайлар.
Жұмбақ
1 Төрт аяғы домалақ,
Адамсыз жүрмейді ( машина)
2 Өзі тым күшті,
Аяғы тісті ( трактор)
3 Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ « тоқта», « жүр» дейді ( бағдаршам)
4 Атым сұлы жемейді,
Теппесем жүрмейді ( велосипед)
ІҮ. Сергіту сәті
Секіріп оңға бір, секіріп солға бір
Оң аяқ, сол аяқ, жаттығу оң аяқ
- бұрылыста тазша жол белгілерін көрді
- қандай жол белгісін білеміз
- ескерту белгісі
- тыйым салу белгісі
-анықтама белгісі ( міндеттеме белгісі)
-нұсқау белгісі
Ү. Дәптермен жұмыс
-балалар, Тазша баланың бұрылыста көрген жол белгілерін дәптерлерімізге жазып, салып, белгілеп алайық.
- қоян енді көше қиылысынан тағы бір нәрсе көрді.
- Ол не?
- Ол бағдаршам
- Бағдаршам- көше қозғалысын жарық сигналдары арқылы реттеуші
- Бағдаршамның неше көзі ( түсі) бар?
- қызыл түсті сигнал қозғалысқа тыйым салады.
- сары көзі жанғанда жүруге дайындалу керек
- жасыл көзі жанғанда жүруге рұқсат етіледі
- Бүгін біз бағдаршам туралы өлең үйренеміз
Бағдаршам!
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін, жасқанба
( балаларға өлеңді жаттату, қайталату)
ҮІ. Дәптермен жұмыс – дәптерлерімізге бағдаршам суретін саламыз
ҮІІҚорытынды
-
Міне, балалар бүгін біз сабағымызға не келді қонаққа?
Тазша бала жолда қандай сандарды көрді?
- Бұрылыста ол нені көрді?
- Бағдаршам не үшін қажет екен?
- міне балалар ендеше әрдайым жолда жүру ережесін үнемі сақтау керек. Ол
өміріміздің қауіпсіздігі екен
-
Бағдаршамның үш көзі жанғанда ережесін сақтау керек.
ҮІІІ. Дидактикалық ойын:
« Бағдаршам» ойыны
- Сержан- миллиционер
- Айдана - жүргізуші
- Қалған оқушылар - жол ережесін білмейтін бір топ бала
( ойынның шартын түсіндіріп ойнату)
« Ормал тастамақ» ойыны
ІХ. Үйге тапсырма
-Үйге бағдаршам өлеңін жаттап келесіңдер
Х. Бағалау
Сабаққа жақсы белсене қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау
№82 жалпы білім беру орта мектебі
Қауыпті сақтан!
Күні: 07.09.2010
Өткізген: Исина Н.Ж.
Қарағанды қаласы
Достарыңызбен бөлісу: |