Сабақтың тақырыбы Ақпараттың өлшем бірліктері Оқу мақсаты



Дата09.09.2024
өлшемі16.93 Kb.
#503485
түріСабақ
1-ші сабақ Ақпараттың өлшем бірліктері


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Бөлім:

Ақпаратты өлшеу және компьютер жады (информатика, 7-сынып)

Педагогтің аты-жөні

Ерназаров Ернар Каржаубаевич, №89 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі

Күні:




Сынып:

7

Сабақтың тақырыбы

Ақпараттың өлшем бірліктері

Оқу мақсаты:

7.2.2.1 ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту

Сабақтың мақсаты:

– Ақпараттың өлшем бірліктерін жіктейді;
– Ақпараттың өлшем бірліктерін қолдануды меңгереді.



Сабақтың кезеңі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Тақырып: Ақпараттың өлшем бірліктері
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
– Ақпараттың өлшем бірліктерін жіктейді;
– Ақпараттың өлшем бірліктерін қолдануды меңгереді.

Сабақта меңгеретін мақсаттарды білу




Презентация (1-3 слайдтар)

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты түсіндіру
Ақпаратты сақтау мен тасымалдауда оның өлшемін білу өте маңызды. Біз мәтінді жазу үшін әріптерді, музыка жазу үшін ноталарды, санды жазу үшін цифрларды қолданамыз. Компьютер – электрондық есептеуіш мәшине. Оның «миы» әріпті, музыка немесе сандарды тікелей қабылдамайды, ақпаратты электр сигналдары арқылы қабылдайды. Компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады.
​Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрі – сөздер, сандар, суреттер мен компьютер жұмысын басқару программалары – бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Компьютер «миында» ақпаратты өңдеу үшін, әрбір белгіні сигнал түріне аудару керек. Сигнал болғанда 1, ал сигнал болмағанда 0 санымен белгіленеді. «Нөл» немесе «бір» сигналы бит деп аталады. Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдайды. Ақпаратты осы 0 немесе 1 көмегімен кодтау, оларды сақтау мен жеткізу компьютер жұмысын мейлінше жеңілдетеді.
​Бит – ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі. Ақпараттың екілік бірлігімен жұмыс істеу жүйесінің қарапайымдылығы осы жүйенің есептеу техникасының кең таралуына себеп болады. Ақпаратты өлшеудің келесі өлшем бірлігі байт деп аталады. Мұндағы 1 байт 8 битке тең. Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады.
​Символ – әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын секілді кез келген белгі. Мысалы, «Ақпарат» сөзі 7 байтты құрайды.

Жаңа тақырыпты меңгеру




Презентация (4-8 слайдтар)

Практикум

​1. Кітапта 300 бет және әр беті 60 символдан тұратын 45 жол бар.
​2. Асхатта көлемі 8 Гб флэш-жад бар. Асхат флэш-жадта әр бетінде 50 қатар, әр жолында 40 символы бар 400 беттік қанша электронды кітап сақтай алады? (1 символ =1 байт.)
3. ​Жедел жадтың көлемі 512 Мб, ал қатқыл диск көлемі 120 Гб. Қатқыл дискінің көлемі жедел жадтан қанша есе артық екенін есепте.
4. ​5 Мб ақпаратты 64 Кб/с жылдам-дықпен тасымалдау үшін қанша уақыт қажет?
Ал 5 Гб үшін қанша уақыт кетеді?

Жаңа тақырыпты мұғаліммен бірге практикада қолдану арқылы меңгеру

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация (9- слайд)

Бекіту

Тақырыпты меңгергенін анықтау
Тапсырма.
Ақпараттық өлшем бірліктерді дұрыс есептеп жаз
1 бит = ___ немесе ___
10 байт = ___ бит
15 килобайт (Кб) = ___ байт
1 мегабайт (Мб) = ___ Кб
1 гигабайт (Гб) = ___ Мб
1 терабайт (Тб) = ___ Гб
1 петабайт (Пб) = ___ Тб
1 эксабайт (Эб) = ___ Пб
1 зеттабайт = ___ Эб
1 йоттабайт = ___ Зб

Бекіту сұрақтары


№1. Ақпараттың өлшем бірліктері дегеніміз не?
№2. Символ дегеніміз ... сөйлемді жалғастырыңыз
№3. Ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігін қалай атаймыз?

Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация (11-13 слайдтар)

Қорытынды

Сабақты қорытындылау, рефлексия







Презентация (14 слайд)


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет