Зерттеу мақсаты: зәрдің жиналған көлеміндегі форменді элементтердің (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер) санын анықтайды.
Амбюрже әдісімен зәр жинау.
Жабдықталуы: зертханаға жіберетін жолдама бланкісі, сыйымдылығы 2 литрден аз болмайтын ашық шыныдан жасалған таза, құрғақ, шыны ыдыс, зәр жинағыш және Тимол түйіршіктері.
Не істеу қажет?
|
Қалай істеу керек?
|
Құралдар
|
Ескертпелер
|
1. Дайындық жұмыстары
|
Көлемі 1 литр болатын таза құрғақ шыны ыдысты дайындаңыз.
|
Таза, құрғақ, шыны ыдыс, зертхана жолдамасы
|
2. Науқасты дайындау
|
Зәрдә жинайтын күні науқасқа таңертең қуығын босатып, уақытын белгілеуді және 3 сағат көлемінде кіші дәретке отырмауын түсіндіру қажет. Зәр жинардан бұрын, зәрге жыныс жолдарынан бөліндінің түспеуі үшін, сыртқы жыныс мүшелерін мұқият жуып алады.
|
3. Орындалу әдістемесі
|
3 сағат көлеміндегі зәрді бір шыны ыдысқа жинайды. Науқасқа банкі беріп, сыртқы жыныс мүшесін міндетті түрде жуып болғаннан кейін зәрін жинауын сұрайды. Жаңа жіберген зәрді клиникалық зертханаға жібереді.
|
Ашық шыныдан жасалған құрғақ, таза банкі
|
Зәрдің түнгі бөлігін жібергеннен кейінгі зәрді жинаған дұрыс.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |