3Манипуляциялардың , лабораториялық жұмыстардың орындалу техникасын демонстрациялау және түсіндіру – 55 минут
Жаңа тақырыпты түсіндіру, жаңа тақырып бойынша стандарттарды көрсету.
Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдер үшін).
Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (еркектер үшін).
Бактериологиялық зерттеуге « Ашық нәжістен» нәжісті қоректі ортасы бар перти табақшасына алу.
Бактериологиялық зерттеуге “Барлық нәжістен” нәжісті пробиркаға алу.
Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу.
Жаңа тақырып бойынша стандарттар қосымша 2-ге тіркелген.
4.Оқушылардың өз бетінше жүргізетін жұмыстарына және бағалау критерийлеріне әдістемелік нұсқау жүргізу –10 минут
Тақырып бойынша үлестірмелерді таратып беру.
5.Білім алушылардың өз бетінше жұмысы – 105 минут
Тақырып бойынша стандарттарды орындау:
Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдер үшін).
Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (еркектер үшін).
Бактериологиялық зерттеуге « Ашық нәжістен» нәжісті қоректі ортасы бар перти табақшасына алу.
Бактериологиялық зерттеуге “Барлық нәжістен” нәжісті пробиркаға алу.
Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу.
Білім алушылардың өз бетінше орындайтын тапсырмалары және стандарттар қосымша 2-ге тіркеледі. Тест жұмыстары қосымша 3-ке тіркеледі.
6.Сабақты қорытындылау және білімді бағалау- 45 минут
Студенттердің белсенді қатысуына, клиникалық ойлауына баға беру. Берілген қосымша тапсырмалардың қорытындысы бойынша білімін бағалау. Жалпы бағаны журналға қою.
“5” - барлық тапсырмаларға жауап берген және белсенді қатысқан
оқушыға қойылады;
“4” - бүгінгі тақырып бойынша сұрақтарға дұрыс жауап берген, бірақ аздаған қателіктер жіберіп, өзі жөндеген оқушыларға қойылады;
“3”- стандарттарды, тапсырмаларды толыққанды орындамаған, қателерді оқытушының өзі жөндейді;
“2”- сабаққа дайындықсыз келген, тапсырмаларға мүлдем жауап бермеген оқушыларға қойылады
7..Үйге тапсырма- 5 минут
«Зәр мен нәжісті қақырықты бактериологиялық зерттеу әдісі» тақырыбы бойынша дайындалып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |