Сабақтың көрнекі-құралдары: шар, нақыл сөздер,суреттер,слайд, музыкалық орталық. Жүргізуші



Дата14.06.2016
өлшемі93.24 Kb.
#136158
түріСабақ
Бекітемін. Қаралды.

Мектеп директоры: Директордың тәрбие ісі

_____________ Т. Адилхан жөніндегі орынбасары:

« » ___________ 2014 жыл ____________С. Максимова

« » ___________ 2014 жыл

Тәрбие сағатының тақырыбы: Салт-дәстүр – асыл қазына

Мақсаты:

Қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.Оқушылардың бойында ұлттық қасиеттерді сіңіріп, иманды-

лыққа,мейірімділікке,адамгершілікке және мәдениетті сөйлеуге,өнегелі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі-құралдары: шар, нақыл сөздер,суреттер,слайд, музыкалық орталық.
Жүргізуші:

Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.

Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың

өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз.

Бүгінгі «Салт-дәстүр-асыл қазына» атты ашық тәрбие сағатында бала тәрбиесіне байланысты қазақтың бірнеше салт- дәстүріне тоқталсақ:

Шілдехана

Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық той.



Қырқынан шығару

Туған соң,қырық күннен кейін нәрестеге жасалатын рәсім.


Ат қою.

Туылған сәбиге ат қою рәсімі.


Бесікке салу

Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, қуатты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.



Тұсау кесер

Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.



Атқа мінгізу салты.

Ертеден қалыптасқан.Ата-ана баланы атқа мінгізіп,той жасайды.Осы кезден бастап оның азаматтық әрекеті басталады.


Сүндет той

Ер балаға мұсылман болудың белгісі ретінде жасалатын рәсім.
1-оқушы:

Ассалаумағалейкүм, халқым менің,

Ардақтап дәстүріңді, салтыңды елім.

Мереке басы болған берекенің,

Игі еңбектің жемісін бәрін жегін.
2-оқушы:

Туғаннан соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.
3-оқушы:

Ата- бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді,

Ата- жолын жалғапты.
4-оқушы:
Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.


Ән: «Қазағымның дәстүрлері- ай»
5-оқушы:
Біздер бұрын көрмеген

Салт- дәстүрім өлмеген.

Үйренеміз дәріптеп,

Заманымда өрлеген.


6-оқушы:
Қазақ жері- қонақжай төрлер жері,

Қазақ елі- қас сақтай ерлер елі.

Елі кедей болмаған,жері байтақ,

Азат бүгін байлыққа тұнған жерім.


1 - жүргізуші:

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда,

Керемет рәсім жасайық.
7-оқушы:

Сүйінші – жақсылықты,қуанышты хабарлаушыға берілетін сыйлық,жоралғы.
1-оқушы:

Немерелі болған әже сүйінші сұратып,жас балалар мен келіндерін жан-жаққа жібереді.Сүйінші сұраушылар «Кім туды?» деген сұраққа ұл болса « атұстар», ал қыз болса «көйлек тігер» деп хабарлайды. Сүйіншіге ең жақын адамдары мал атап,кейбіреулер ақшалай-заттай мүлік беріп, қолын бос қайтармайды.


Бала: Сүйінші, сүйінші, дүниеге сәби келді.!

Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой! Сүйінші сұрау шын қуаныштың белгісі.Бұл көптен күткен қуанышым еді.Қазақ сүйіншіден нені аяған, мінекей сүйіншіңді ала ғой.
2-оқушы:

Баланың шыр етіп дүниеге келуі тек туған ата-анасының ғана емес,бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі.Міне,осы күндері «шілдехана», «шілде күзет» тойы

өткізіледі.Тойға жиналғандар сәбиге тілек білдіріп,ән айтып,ойын ойнап,көңіл көтереді,кетерінде «Сәбидің бауы берік болсын» деген жақсы тілектерін айтып үйлеріне қайтады.
3-оқушы:

Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, Баланы шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды. Қазақ ұғымында күміс - адалдықтың белгісі, күміс салыпған су — ең таза су боп есептелінеді және оған жын-шайтан жоламайды.

4-оқушы:

Осы күні баланың ит көйлегі шешіледі. Ит көйлегіне әр алуан тәтті түйіп, бір иттің мойнына байлап қоя береді. Ауыл балалары сол итті қуып жүріп ұстап алып, тәттіні бөліп жейді. Баланың ит жейдесін киелі санап, ақсақалдар алыс жолға шыққанда, дауға барғанда қойындарына тығып алып жүрген


5-оқушы:

Қазақ елінде қалыптасқан дәстүр бойынша,нәрестеге үш күннен қалмай ат қойы- лады.Әдетте ат қою құрметіне ауылдың көпті көрген ақсақалы немесе әже азан шақырып,баланың құлағына үш рет естіртіп айқайлап,қайталаған. Оғыз дәуірінде тарихи мұралардың көпшілігінде балаға ат қою дәстүріне үнемі қобызшы жырау Қорқыт ата қатысып отырған.



«Балаға ат қою» рәсімі жасалады.

Көпті көрген ана: Бұл баламыз мырза, жомарт болсын деп, атын Мырзабек қояйын.

Есімің Мырзабек болсын.

Есімің Мырзабек болсын.

Есімің Мырзабек болсын.

Осы бала елдің алдында жүріп, еліне қызмет қылсын деген ниетпен бұл балама өз батамды берейін.

Әнет бидей еліңнің ағасы бол,

Халқыңның Қазыбектей данасы бол.

Жер, суды жау қалмақтан қорғап қалған,

Бөгенбайдай жұртыңның панасы бол.

Ер Сырымдай халқыңның көсемі бол.

Тоқсан бидей үш жүздің шешені бол.

Керейде Белгібайдай білекті бол,

Беріште Исатайдай жүректі бол...

Енді бесікке салуды аулымыздың қадірменді анасы, үрім-бұтағы өскен беделді анамыз Меруерт әжелеріңе берейін.
«Бесікке салу» рәсімі жасалады.

Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын - орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақты уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіріледі. Шашу үлестірілгеннен соң бесікті отпен аластайды.



Меруерт әже:

Келіңіздер қане, Мырзабегімнің тыштырмасын алыңдар. Мырзабегім тышты ма, Мырзабегім тышты ма? – деп тыштырма үлестіреді. Тыштырма үлестіріп болған соң барлық отырғандарды қамшымен арқаларынан ұрып шығады.

- Ал енді алдымен баламызға жын - шайтан жақындамасын деп бесікті аластап алайын.

Алас, алас баладан алас.

Иесі келді, пәледен көш

Алас, алас баладан алас.

Көзі жаманның, көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас.

Қырық қабырғасынан алас

Отыз омыртқасынан алас, - деп пәле - жала, жын - шайтан, тіл - көзден сақтасын деген тілек айтылады.

- Әдемі, сұлу болсын деп, басына айна мен тарақ жастайын. Көзден сақтасын деп, тұмар байлайын.

- Баланы әкеліңдер бесікке бөлеп берейін.

Ең бірінші,бесік көрпесін жабайын-бесігі көрпелі болсын ,одан кейін шапан,тон жабайын- ер жеткенде бала халыққа қадірлі болсын.Қамшы жабайын – ел қорғай- тын батыр болсын.
Мойынымдағы тұмарым

Тарқамайтын тұмарым

Тағдыр берген алсын деп

Ақ бесікке салсын деп

Мойынымдағы маржаным

Қорадағы мал - жаным,

Бесігіңе жата ғой

Тәтті ұйқыға бата ғой

Балам жатсын бесікте

Пәлесі қалсын есікке,-

деп бесік жырын айтады.
Оқушылар тақпақ айтады.

1-оқушы:
Қойған ерте сайлап,

Басына үкі байлап.

Жат алаңсыз жайнап,

Ақ бесікке аунап.


2-оқушы:
Жігіт болып өс жылдам,

Өмірге жассың сен керек.

Бесігің балғын толған нұр,

Ұйықта бөбек,жас қазақ.


Бесікке байланысты ырым-тыйымдар
Бос бесікті тербетпейді.

Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет.

Бесіктің теріс жағына отырмайды.

Бесікті саудаламайды.Айтқан бағасына сатып алу керек.



6-оқушы:

Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.


Жүргізуші:

Бесік жайлы әфсана

Жоңғарлар шапқыншылығынан соң тоз-тоз болған ел тау жаққа қарай босып, үдере көшкенде жүкті жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төле бимен қатар келе жатқан кісі: "Мына бейшараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаны-ай!" - дегенде, Төле би: "Баланың бесігі - кең дүниенің есігі ғой", -деген екен.


Ән: «Домбырасыз сән қайда»
Қазақ биі
7-оқушы:

Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы бойынша ең жүйрік немесе ең сыйлы адам (ала жіппен немесе ұлтабармен тұсап) кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.Балалар «тәй-тәй», «тұсау» кесу жырын айтып, оны сүйемелдейді.


Тұсау кесер жыры айтылады.
8-оқушы:
... Қаз, қаз балам, қаз балам,

Қадамыңды жаз, балам

Әнекей, ақ бесік.

Әлдиіме бақ бесік.

Шүмегіңді салайын,

Сылдырмағын тағайын.

Жібек көрпе жабайын,

Бауы барқыт пүліштей

Балдақтарың күмістей,

Жабдығыңмен сыйлысың.

Жатса бөпем жайлысын,

Көсем сенен өседі

Жайлы болсын төсегі.

9-оқушы:
Қаз-қаз балам.

Тұңғыш рет қаз тұрдың

Құтты болсын қадамың

Ата-анаңды мәз қылдың

Айналайын қарағым.

Еш уақытта таймасын

Таудан, тастан табаның

Жүрген жерің жайнасын

Гүлдеріндей даланың.
Ән: Тұсау кесер жыры
10-оқушы:

Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.

11-оқушы:

Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды.Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғаны- ның белгісі болып саналады.


12-оқушы:

Ер баланы сүндетке отырғызып, мұсылмандық парызын өтеуге ата-ана күн ілгері дайындалады. Мысалы, отағасы ұл баласы жеті жасқа толысымен сүндетке отырғызуды өзінің міндеті санаған.Бала туғанда жасалатын «шілдехана», «бесік тойдан» кейінгі үлкен той осы «сүндет той».Ауқатты адамдар ондайда ат шапты- рып, балуан күрестіріп, үлкен думан жасаған.
Ән: «Қазағым»
Жүргізуші:

Ендігі тағы бір қуанышты сәтіміз баланың мемлекеттік мекемеге баруы,яғни мектеп табалдырығын аттауы.Мектепке келе жатқан даярлық тобының балаларын қарсы алайық:
1-оқушы:

Біз мектепке барамыз

Қолға қалам аламыз

Кітапты да оқимыз

Суретті де саламыз.

Беске толды жасымыз

Ересек біздер баламыз

Екіні қосып екіге

Санай да біздер аламыз.
2-оқушы:

Таудай биік талабым,

Оттай лаулап жанамын.

Салт- санасын сақтаймын,

Дала мен қаланың,

Мен мектепке барамын.


Жүргізуші:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,



Өлеңмен жер қойнына кірер денең, - деп Абай атамыз айтқандай,қазақ халқының қуанышты күндері той болып осылай жалғаса берсін.

Бүгінгі «Салт – дәстүр – асыл қазына» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет