«Білгір математиктер» Мақсаты: Оқушылардың математикалық ойын тапсырмаларын орындау арқылы білімдерін одан әрі тереңдету, алған білімдерін пысықтау.
Ойлау қабілетімізді, математикалық сөздік қорын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, презентация, жетондар.
Әділ қазыларды сайлау.
Сайыстың жүрісі:
Топқа бөлу.
“Кім жылдам?”
“Математикалық диктант”
“Сиқырлы шаршы”
“Біліктілік сайысы”
“Капитандар сайысы”
Қорытынды.
I кезең.Оқушыларды топқа бөлу: 1-топ «Алғырлар»
2-топ «Тапқырлар».
IІ кезең. Кім жылдам?(Әр топқа жеке сұрақтар қойылады жылдам жауап берулері керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі).
1-топ «Алғырлар» сұрақтары: Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады?Әріпті өрнек
Екі санның бөліндісін не деп атаймыз?Қатынас
Р=2(a+b) қандай фигураның формуласы?Төртбұрыштың периметрі
24 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 3,4, 6, 8, 12, 24 5 санының бөлгіштік белгісі? 0 және 5-тен аяқталса Тек таңбалары арқылы ажыратылатын сандар?Қарама – қарсы сандар
Амалдар таңбалардан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылған жазуды не деп атаймыз?Санды өрнек