Пәні : әдебиеттік оқу
Уақыты : 23 желтоқсан 2013 жыл
Тақырыбы : Байлық тұмасы.( Маңғыстау. Ә. Қайранов. Мұнай теңізі.
Ф.Оңғарсынова.)
Сабақтың мақсаты : 1. Өлеңнің мазмұнын, негізгі ойын аша білуге жаттықтыру.
Оқушыға өзінің таным мүмкіндігін анықтай білуіне
көмек беру.
-
Оқу ынтымақтастығын, ұжыммен жұмыс жасай білу және шешендік қабілеттерінің ашылуын дамытушылық көзқараспен бағалау.
-
Қоршаған ортаны қорғауға, табиғат байлықтарын сақтау жұмыстарын жасау керектігіне көздерін жеткізу.
Көрнекілігі : ҚР-ның пайдалы қазбалар картасы, «Мен пойызды жақсы көремін» бейнекөрінісі, автор портреттері, слайдтар, «ББҰ» кестесі, Венн диаграммасы, Т кестесі, суретті слайдтар, «Саяхат маршруты» сызбасы, бағалау парақшалары.
Әдісі : Саяхат, картамен жұмыс, СТО стратегиялары «Венн диаграммасы, ББҮ кестесі, Т-кестесі, кластер) топпен жұмыс.
Түрі : саяхат-сабақ, жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақ барысы
І. Қызығушылықты ояту
Эмоционалдық қалып
Қазақстан дейтін менің елім бар,
Жатыр алып жарты дүние әлемін !
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман !!!
( Қ.Аманжолов «Атамекен» )
-
Балалар, біздің Отанымыз- Қазақстан Республикасы. Оның жері кең-байтақ екенін білеміз. Бүгін біз Қазақстанның батыс аймағына саяхатқа шығамыз.
-
Еліміздің батысында қандай облыстар орналасқан ? ( Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары)
-
Картамен жұмыс
-
«Саяхат маршрутының» сызбасын ілу.
-
Маңғыстау облысы
-
Облыс туралы мәлімет айтқызу.
-
Картадан табу
-
«Маңғыстау» туралы өлеңді жатқа айтқызу.
Тапсырма
Ә У І Я Е Б Е У Я А Ю Е Й Ә Э Л Я И Ы Ә Қ Я У
Ә У Ө Ө Ә Я Т І Ұ Ә Ө Э М У А И Ү Я С Е О Ы Э Я
Барлық дауысты дыбыстарды сызып тастағанда ( тек А, Ұ, Ы дыбыстары) қалу керек бір сөз тіркесі шығады. Қане, ізденіп көрейікші.
(Оқушы жауаптарын тыңдау)
-
Ал тұма деген сөзді түсінесіңдер ме ? Слайдтан көрсету.
«Тұма – бұлақтың бір түрі, қоры грунт суларымен жалпы алғанда арынсыз жер асты суларымен толығып отыратын су көзі. Тұманың ағын күші болмайды.
-
Атырау облысы туралы не білеміз ?
-
Қане қайсымыз Атырау туралы өлең біледі?
-
Картадан көрсету.
-
Оқулықпен жұмыс. ББҮкестесін іліп, Әбубәкір Қайранов. Маңғыстау. Ф.Оңғарсынова. Мұнай теңізі.
-
Авторлар портретін көрсету ( слайд )
-
Мәліметтер беру
-
Өлеңді іштей оқыту. Өлеңді оқып беру.
-
Балалар түсініксіз сөздерді түртіп отырады.
-
Сөздікпен жұмыс .
-
Шүпілдеген шарасы – Толы ыдыс сияқты
-
Қақ жарып жер өзегін – жер қойнауынан тесіп шығады
-
Асырады кемерден – ернеуден, жағалаудан асып кету.
-
Екінші өлеңді кезекпен шумақпен оқыту.
-
Өлеңнің әр жолына сұрақ-жауап арқылы талдау жасау.
-
Қазба байлықтарына бай өлкелерді оқыңдар қалай жырлаған? (Мақтаныш сезіммен»
-
Батыс Қазақстан Облысына келу.
-
Облыс туралы мәлімет.
-
Картадан көрсету.
-
Облыс туралы өлеңді жатқа айту.
Топпен жұмыс
І топ. Венн диаграммасында салыстыру
Сары алтын Қара алтын
ІІ топ. « Т кестесі»
Пайдасы Зияны
ІІІ топ. «Мұнай» туралы білетіндер
Кластер әдісімен топтастыру
IV топ. «Табиғатты қорғайық! » тақырыбында сурет салдыру.
-
Әр топ өз жұмысын ортаға салады. Қошеметтеу.
-
Енді Туған жеріміз Ақтөбеге қайта оралайық.
-
Ақтөбе облысы туралы мәлімет
-
Картадан табу
-
Өлеңді жатқа айтқызу
Сұрақтарға жауап алу
1.Маңғыстау даласының «байлық тұмасы» деп аталуы неліктен?
2. «Мұнай – теңіз сол екен,
Қасиеті оның мол екен» деген жолдарды қалай түсінесіңдер ?
3. Неліктен пайдалы қазбаларды қолданған кезде қауіпсіздік техникасын сақтау
қажет ?
4. Адам табиғи байлықтарды неліктен қамқорлыққа алады?
РАФТ
Экологтардың атынан « Мұнай» өндіруші компанияларға хат жолдау.
-
Хатты оқып беру « бірнеше бала»
Р – Эколог
А – Мұнай өндіруші компаниялар
Ф – хат жазу
Т – «Мұнай өндірісінің табиғатқа залалы»
Ән «Ақтөбем» (Әділеттің орындауында)
Рефлексия
-
Бүгінгі сабақтан не ұғындық ?
Қандай әсер алдыңдар ?
(Стикерге жазып жапсыру)
Үйге : 81 б өлеңдерді мәнерлеп оқып келу; № 7 (81 бет)
Білімдерін бағалау парақшасына бағалату.
Менің сабаққа қатысу деңгейім :
Өте жоғары _________
Жақсы _________
Орташа _________
Мүлдем қатыспадым ________
Достарыңызбен бөлісу: |