Тақырыбы: Бала құқығы туралы конвенция.
Сабақтың мақсаты: 1 «Бала құқығы туралы конвенцияға» түсінік беру.
2 Ой-өрісін дамыту. Өзін-өзі қорғай білуге үйрету
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы І. Ұйымдастыр.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Өткен сабақты еске түсіру: «Адам құқығы..» туралы әңгімелеу.-Ата Заң деген не
-Қазақстан Республикасының Елбасы кім?
-Адам құқығын қорғайтын заңды кім шығарды?
Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
ҮІ. Жаңа білімді бекіту:
-Баланың қандай құқықтары бар?
-Дін ұстау дегенді қалай түсінесің?
-Сөз бостандығы туралы не білесің?
Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік
Адамға деген қамқорлық, мейірімділік шарасы ретінде екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін әлем халықтары БҰҰ – ын құрды. Оның басты міндеті – дүние жүзінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, нығайту, мемлекеттер арасындаға ынтымақтастықты дамыту. Себебі, адам құқығы аяққа басылып, зорлық – зомбылық күшейген елде қантөгіс болатынын, соның салдарынан бейбіт халықтың қырғынға ұшырайтынын тарих тәжірибесі көрсетіп отыр.
1948 ж. 10 желтоқсанда БҰҰ – ның Бас ассамблеясы «Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясын» қабылдады. Дүние жүзілік тарихта тұңғыш рет адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қарайтын заңды құжат қабылданды. Бұл құжатты дүние жүзінің барлық мемлекеттері басшылыққа алып, іске асыруға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |