Жаттығу «Сөмкені жинау». Мақсаты: өзге затқа деген сезімін білдіруге, ынта-ықыласын дамыту. Кішіпейілділік, қамқорлық көрсетуді дағдыға айналдыру. Құрал-жабдықтар: сөмке, әр түрлі заттар, бояу қарындаш. Түсіндіру: - Балалар, қазір өткен сабағымыздың қорытындысы ретінде арал жеріне саяхатқа шығамыз. Мұндағы мақсатымыз әр кейіпкердің тапсырмасын мұқият тыңдап, жақсы орындасақ, соңында бізге берер сыйы бар екен. Мінеки, балалар, бізді бірінші қарсы алып отырған тоты құс екен. Қанеки тоты құстың тапсырмасын көрейік, ол бізге мынадай тапсырма беріп отыр. Егер де сендер осындай алыс сапарға шыққан кезде өздеріңмен бірге қандай зат алар едіңдер, соны көрсетіңдер. Балалар тапсырмадағы жолға керек заттарды белгілейді. Тоты құстың жауабы. Сендер дұрыс орындаған екенсіңдер, мен де енді алыс сапарға шыққанда не алу керектігін білетін болдым. Көп рахмет. Бізге ары қарай жолды ашып көрсетіп жіберді. Талқылау: - Сендерге тапсырма ұнады ма? - Балалар, несімен ұнады, неге?
Жаттығу: «Көрпені жамау». Мақсаты: заңдылықты қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін дамыту. Қиял, елес ұғымдарын жетілдіру. Көрнекілігі: пираттың суреті, әртүрлі кілемшелер, үлкен түрлі-түсті кілем. Ал енді ары қарай жүреміз. Алдымызда пират тұр екен. Оның бізге берер тапсырмасы қандай, соны орындап көрейік. Жақсы орындасақ, онда бізге жол көрсетіп жібереді екен. Бірақ, балалар, пират өте кәрі, ол тоңғақ, біз оған көмектесіп көрпесін жамап берейік, жылы жүрсін. Талқылау: -Балалар, тапсырма ұнады ма? -Несімен ұнады? -Қандай қайырымдылық көрсеттік?