Салина Асима
Шымкент қаласы №50 А.Байтұрсынов атындағы
көпсалалы мектеп-гимназиясының
география пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғат кешендері
Сабақтың мақсаты: «Қазақстанның табиғат кешендері» тарауын қайталауға арнал-ған кіріктірілген саяхат сабақ. Тарау бойынша қайталау, жүйелеу, жинақтау, еске сақтауға бағыт ала отырып, басты мәселе туған өлкемізді тани беруге үйрету.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның картасы, буклет табиғат кешендерінің, таулар түсірілген видео таспа, сөз жұмбақ, кеспелер, таблица, кескін карта.
Сабақ барысы: Сабақ ойын түрінде саяхатқа шығып, Қазақстанның табиғат кешендерін көріп білуге арналады.
Сабақ ойын түрінде басталады, оқушыларды бес ауылға бөлеміз. Ол ауылдарға ат қойылады.
1-топ Абай ауылы
2-топ Ыбырай ауылы
3-топ Ахмет ауылы
4-топ Шоқан ауылы
5-топ Қаныш ауылы
Саяхат «Шымкент-Алматы» жүрдек поездымен аралаудан басталады. Саяхатқа шығар алдында сапар бағыты, аялдамалар анықталды.
1-аялдама. «Табиғатты тану» ойыны. Оқушылар билет алып сұраққа жауап береді.
2-аялдама. «Табиғат белдемдері», «Ғажайып қоржын» ойыны.
3-аялдама. «Номенклатура» - алма ағашы түбіндегі ойын.
4-аялдама. Таблица: өзен, көл, тауларды, анықтау.
5-аялдама. Полиглот ойыны. Табиғат кешен аттарын орыс және ағылшын тілдерінде айту.
6-аялдама. Шығармашылық. Өлең оқу.
7-аялдама. Бәйге ойыны. Оқушылардың білімін бағалау.
Сабақты қорытындылау.
Бір оқушы диспетчер болып тағайындалады. Сол оқушы әрбір аялдаманы хабарлап, оқушыларға тапсырма береді.
Диспетчер: Құрметті жолаушылар, «Шымкент-Алматы» поезды жүргелі тұр, билет алуға асығыңыздар, - деп ескертіп отырып, оқушыларға тапсырма беріледі.
1-аялдама. «Табиғатты тану ойыны». Оқушылар билет алып сұраққа жауап береді.
1-билет
Каледон тау түзілісі қай заманда болды. Осы уақытта Қазақстанның қай аймағында көтеріледі?
2-билет
Кайнозон эрасындағы жыныстар қай дәуірлерде көтеріледі. Оған Қазақстан-ның қандай бөліктері жатады?
3-билет
Мұғалжар тауы қай эрада көтерілді?
4-билет
Орталық Қазақстанда қалыптасқан аласа биіктіктегі тауларды ата.
5-билет
Балқаш көлі мен Сарысу өзенінің аралығында орналасқан шөлді, үстіртті атап, сипаттама бер.
6-билет
Сауыр-Тарбағатай тау жоталары қандай эрада, қай аймақта бой көтерген.
7-билет
Қазақтың ұсақ шоқылы өлкесінің абсолюттік биіктігі қанша метр, сол шоқы-ларды ата.
8-билет
Мезазой эрасының дәуірлерін ата, осы уақытта Қазақстанның территориясын-да өзгерістер болды ма?
9-билет
Герцин тау түзілісі қай заманда болды, сол кезде Қазақстанның қай таулары көтерілді?
10-билет
Ежелгі шығыс платформа қай заманда қалыптасты, қай аймақтар көтерілді?
2-аялдама. «Табиғат белдемдері» ғажайып қоржын ойыны
1-билет
Бұл белдем республика аумағының 44 пайызын алады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері – 200 мл. Жазы ыстық, қапырық, қысы суық, аяз 40 градусқа С-қа жетеді. Жүзген, құм қарағайы, теріскен, ақ және қара сексеуіл өседі. Бұл қай белдем?
2-билет
Шөл белдем республиканың барлық аумағының 14 пайызын алып жатыр. 3 мыңнан астам көлі бар. Олардың көпшілігінің суы кермек немесе ащы болады. Өсімдіктерден айрауық, ши қоспасы, құрақ, қамыс өседі. Сүтқоректілерден ақ бөкен, дарақұйрық кездеседі. Бұл қай аймақ?
3-билет
Бұл табиғат белдемін Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Нұра және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Олардың жылдық ағысының 80 пайызы, көктемгі су тасу кезеңінде ағады. Егін шаруашылығымен өнеркәсібі дамыған аудандарда су жеткіліксіз. Сондықтан, бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мен каналдар (Ертіс – Қарағанды) арқылы пайдаланады. Бұл қай белдем?
4-билет
Мұнда жалпы сырт қыраты, Орал алды үстірті, Каспий маңы ойпаты орналас-қан. Бұл табиғи кешен қалай аталады?
5-билет
Жер бедері біркелкі. Онда төбелер мен қыраттар кездеспейді. Жазық мезозой мен кайназой араларындағы тау бұзылу үрдісінде қалыптасқан. Бұл қай жер?
6-билет
Бұл жазық қазба байлыққа өте бай. Онда бор дәуірінің шөгінділерінен мұнай мен газ табылған. Мұнай, газ өндіретін кеніштер Маңғыстау, Қызылорданың солтүстігінде орналасқан. Бұл қай белдем?
7-билет
Жойылып кету қаупінде тұрған аң-құстарды атаңыз?
3-аялдама. «Номенклатура» - алма ағашы түбіндегі ойын.
№1. Түбектер: Бозашы, Маңғыстау, Құланды.
№2. Таулар: Мұғалжар, Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар таулы өлкесі.
№3. Шығанақ: Маңғыстау шығанағы, қазақ шығанағы, Чернышев шығанағы, Сарышығанақ, Комсомолец.
№4. Аралдары: Каспий теңізінде Тюлень аралы, Дурнеев аралы.
№5. Шөлдері: Қызылқұм, үлкен және Кіші борсық құмдары, Арысқұм, Мыңтөбе құмы, Мойынқұм, Сарыесек, Атырау құмдары, Тауқұм.
№6. Үстірттері: үстірт, Торғай үстірті, Орал алды үстірті, Бетпақдала үстірті.
№7. Қыраттар: Жалпы сырт қыраты, Көкшетау қыраты.
№8. Жазықтар мен ойпаттар: Батыс сібір, Тұран жазығы, Каспий маңы ой-паты.
№9. Көлдері: Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Шұбар теңізі, Сілеті теңізі, Мар-қакөл.
№10. Өзендері: Ертіс, Есіл, Тобыл, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Шарын, Лепсі, Ая-көз, Сырдария, Талас, Шу.
4-аялдама. «Таблица толтыру; көл, тау, қорық, өзендерді анықтау».
Көлдер
Көлдің аты
|
Орналасқан жері
|
Ауданы км/кв
|
Ең терең жері, м
|
Каспий теңізі
|
|
|
|
Арал теңізі
|
|
|
|
Балқаш
|
|
|
|
Алакөл
|
|
|
|
Сілетті теңізі
|
|
|
|
Сасықкөл
|
|
|
|
Құсмұрын
|
|
|
|
Марқакөл
|
|
|
|
Қорғалжын
|
|
|
|
Тау
№
|
Табиғаты
|
Іле Алатауы
|
Алтай
|
1
|
Географиялық орны
|
|
|
2
|
Биік шыңы
|
|
|
3
|
Жоталары
|
|
|
4
|
Қатпарлығы
|
|
|
5
|
Климаты
|
|
|
6
|
Өсімдігі
|
|
|
7
|
Биіктік белдігі
|
|
|
8
|
Табиғатын қорғау
|
|
|
Қорықтар
№
|
Қорықтар саны
|
Ұйымдастырылған жылы
|
Орналасқан жері
|
1
|
Ақсу-Жабағылы қорығы
|
|
|
2
|
Наурызым
|
|
|
3
|
Алматы
|
|
|
4
|
Қорғалжын
|
|
|
5
|
Марқакөл
|
|
|
6
|
Барсакелмес
|
|
|
7
|
Үстірт
|
|
|
Өзендер
№
|
Өзеннің аты
|
Ұзындығы (км)
|
Қандай алапқа жатады
|
1
|
Ертіс
|
|
|
2
|
Сырдария
|
|
|
3
|
Іле
|
|
|
4
|
Ақжайық
|
|
|
5
|
Есіл
|
|
|
6
|
Тобыл
|
|
|
5-аялдама. Полиглот ойыны
1. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
2. Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су)
3. Ұйықтайды, ұлы түнде, күндіз қызы.
Жүргенде білінбейді басқан ізі. (Күн мен Ай)
4. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
5. Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас. (Жұлдыз)
6-аялдама. Шығармашылық. Өлең оқу
1. Табиғат алтын бесік аялаған,
Адамзатқа еш нәрсесін аямаған.
2. Жер шарына артық адам келгендей,
Адамзаттықты жүрсіңдер әлі білмей.
3. Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген туады қайшылықта.
4. Мұғалім ұстасысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
5. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
7-аялдама. Бәйге
1. Қазақстан неше елмен шектеседі? (5 елмен)
2. Ең арзан көмір өндіретін кеніш? (Екібастуыз)
3. Дүние жүзінде неше сағаттық белдеу бар? (24)
4. Хан Тәңірі шыңын алғаш сипаттаған орыс ғалымы. (П.П.Семенов)
5. Қырғыздың «Манас» эпосын алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым. (Ш.Уәлиханов)
6. Қазақстандағы ең үлкен көл. (Каспий теңізі)
7. Қазақстың ұсақ шоқыларын басқаша қалай атауға болады? (Сарыарқа)
8. Ебі және Сайқын желдері қай жерлерде соғады? (Жоңғар қақпасы арқылы)
9. Тастақты, саздақты шөлдерді атаңыз. (Бетбақдала, үстірт)
10. Қандай топырақты еліміздің ең басты байлықтарының бірі санайды? (Қара топырақ)
11. Еліміз Каспий теңізі арқылы неше елге шыға алады? (4 елге)
12. Жабылмайтын қақпалар. (Торғай, Жоңғар қақпасы)
13. Ең жас эра. (Кайназой эрасы)
14. Аласа таулар. (Сарыарқа, Маңғыстау және Мұғалжар)
15. Ертіс өзені қай алапқа жатады? (Солтүстік Мұзды мұхит алабына.)
16. Еліміз нешінші сағаттық белдеулерде орналасқан? (Төртінші және бесінші сағаттық белдеуде)
17. ҚР-ның тәуелсіздік алған жылы. (1991 ж.)
18. ҚР дүние жүзінде көлемі жөнінен нешінші орын алады? (9 орын)
19. Қашқарияға алғаш саяхат жасаған ғалым. (Шоқан Уәлиханов)
20. Астана қаласы қай өзеннің бойында жатыр? (Есіл өзенінің)
21. Қазақстандағы терең ойыстар. (Қарақия ойысы – 132 м.)
22. Етіс өзені құятын ағынды көл. (Зайсан көлі.)
23. Климат түзуші факторлар (Географилық орны, күн радиациясы, ауа қысымы, атмосфера циркуляциясы, жел.)
24. Жыл мезгілдерін атаңыз. (Қыс, көктем, жаз және күз)
25. Адамның шаруашылық әрекетінен екі есе кішірейген көл. (Арал теңізі)
26. Темір рудасына бай облыс. (Қостанай облысы)
27. Жанатын пайдалы қазбалар. (Мұнай, газ, көмір т.б.)
28. Панта қай жануардың мүйізінен алынады? (Марал)
29. Кеме жүзетін өзендер. (Ертіс, Жайық)
30. Алматы қаласы қай таудың етегінде орналасқан? (Іле Алатауы)
31. Торғай қақпасы қандай екі ойпатты жалғайды? (Тұран және батыс Сібір жазықтары)
Достарыңызбен бөлісу: |