Сабақтың мақсаты: білімділік: құстардың құрылысы, ерекшеліктері мен тіршілік ету әрекеттері туралы білім беру



Дата04.07.2016
өлшемі70.5 Kb.
#176205
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Қауырсын жабынды жануарлар тақырыбын бекіту.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: құстардың құрылысы, ерекшеліктері мен

тіршілік ету әрекеттері туралы білім беру.



тәрбиелік: құстарды қорғауға, оларға қамқор болуға,

оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу.



дамытушылық: құстарды топтарға бөлу, сол топтардың

өзіндік ерекшеліктерін жүйелей,

қорытындылай отырып оқушылардың білімдерін

дамыту.


Сабақтың типі: Бекіту.

Сабақтың түрі: Қайталау.

Сабақтың әдісі: ойын элементтері, сұрақ-жауап, кластер,

шығармашылық жұмыс, салыстыру.



Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, бор. құстар суреттері,

құс жұмыртқасының суреті, буклеттер,

«Ағаш» ойынының суреті, салыстыру

кестесі,



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

А) Сәлемдесу.

Б) оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

В) сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.



ІІ.Негізгі бөлім:

Оқушылар, бүгін біз қауырсын жабынды жануарлар – құстар тақырыбын қайталап, бекітеміз. Құстар әлемін толығымен аралап шығу үшін біз барлығымыз мына ұшаққа мінеміз, ол үшін барлығымыз оған билет алуымыз керек. Билет үш топқа жіктелген. Жоғарғы класты билет құны «5» деген баға, жақсы класты билет құны «4», орташа билет құны «3». Билет алмағандар жаяу барады. Сондықтан сабақ соңына дейін барлығымыз сабаққа жақсы ат салысып, тапсырмаларды жақсы орындасақ билет алып үлгіреміз.



1.Ойға шықыру:

Ең алдымен біз осы құстар деген кімдер жалпы түсінігін еске түсіру үшін кластер құрамыз:




2.Кім жылдам? «Ағаштар бүршік жарғанда» ойыны.

  • Сонымен оқушылар құстар туралы жалпы

түсініктерімізді еске түсірдік. Енді «Ағаштар бүршік жарғанда» ойынын ойнаймыз. Мына ағашқа жапырақтары мен құстарын өзіне қайтарып беруіміз крек. Ол үшін жапырақтар мен құстарда жасырылған сұрақтарды бір-бірден шығып, жауап береміз, Сол арқылы жапырақтарды, құстарды өз орындарына қоясыздар.

Жапырақтар:

  1. Қауырсын жабынды жануарлар дегеніміз ол – (құстар)

  2. Құстардың дүние жүзінде таралған түр саны қанша? (8600).

  3. Құстарды зерттейтін ғылым – (орнитология)

  4. Дене салмағы 1,5 г, ең кішкене құс (колибри)

  5. Құстарды неліктен жылы қандылар деп атайды?

  6. Құстардың терісінде қандай бездер бар және ол қандай қызмет атқарады?

  7. Құстардың қан тарату жүйесінің ерекшелігі?


Құстар суреті:

  1. Құстың омыртқа жотасының бөлімдерін ата.(арқа, бел, сегізкөз.)

  2. Терінің қосалқы мүшелері.( қауырсын, тұмсық. жіліншік, саусақ мүйізді қабыршақтары.)

  3. Құстардың жақ сүйегі неге айналған? (тұмсыққа)

  4. Құстар қалай тыныс алады?

  5. Қосарланып тыныс алу дегеніміз не?

  6. Құстардың зәр шығару жүйесі қандай?

  7. Құстың қарнының қандай құрылыс ерекшеліктері бар?


3. Салыстыру.

Құс балапаныңың қызылшақа және ширақ балапан болып екіге бөлінетінін білеміз. Енді сол балапандарға анықтама беруіміз керек және мына кестеге қандай құстардың балапаны жататынын бөліп жазамыз.



  1. Қызылшақа балапан дегеніміз не?

  2. Ширақ балапан дегенміз не?

Салыстыру кестесі:



Қызылшақа балапан шығаратындар

Ширақ балапан шығаратындар

Кептер

Торғай


Тоқылдақ

Қарлығаш



Тауық.

Қаз


Үйрек

Жыртқыш құстар




4. «Мәре, сөре» ойыны.

Тақтаға «мәре», «сөре» деп жазылған. Астында екі құстың суреті қатар орналасқан Екі қатардан екі оқушы қоржыннан алынған асық нөмеріне сәйкес үстел үстіндегі үлестірме ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Тақтаға 4-4 тен 8 оқушы шығады. Кім дұрыс әрі тез жауап берсе сол оқушының құсы «мәреге» бірінші жетеді.



  1. Нанду

  2. Пингвин

  3. Қаз

  4. Тырна

  5. Ұлар

  6. Үкі

  7. Қараторғай

  8. Түйеқұс


5. «Шығармашылық жұмыс»

Оқушыларға үйге құстардың көбеюі, құсбегілік және бүркіт құстары туралы тапсырмалар берілген болатын. Енді тақтаға сол оқушыларды шығады.



  1. Құс жұмыртқасының құрылысы. (Қарқынбай Бибігүл)

  2. Құсбелілік және қыран құстар (Қуанышбек Жәнібек)

  3. Бүркіт (Жолдыбай Мақсат)


. Сызықтық диктант.

Әр оқушының алдына параққа жазылған сызықтық диктант беріледі. Сөйлем дұрыс жазылса «+», қате болса «-» белгісін қояды.



  1. Құстардың қанқасы жеңіл әрі берік.

  2. Құстар салқынқанды жануарлар.

  3. Ірі қауырсынның теріге еніп тұрған бөлігі – қаламша

  4. Қыртөссіздер төс сүйегі жалпақ болғандықтан ұша алмайды.

  5. Пингвиндер жақсы жүзеді, ұшады.

  6. Қаздыр, бірқазандар, дегелектер, қоқиқаздар орман құстары болып саналады.

  7. Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарды құс қанатының ызғары деп атайды.

  8. Аққудың қоразы «саһар», балапаны «көгілдір» деп аталады.

  9. Құстың жүрегі үш қуысты, бір қанайналым шеңбері болады.

  10. Құстар – дара жынысты іштей ұрықтанады.

Жауатары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

+

-

+

+

-

-

+

+

-

+


ІІІ. Қорытынды бөлім.

«Кім көп біледі?» ойыны.

Бір оқушы тақтаға шығып, сынып оқушыларына қарап тұрады. Мұғалім тақтаға бір сөз іледі, ал оқушылар сол сөзге анықтама береді. Тақта алдында тұрған оқушы оның қандай сөз екенін табады.



1.Жемсау – өңештің кеңейген жері

2.Түйеқұс – төс сүйегі жалпақ, әрі қыры болмайды, ұша алмайды, құрылықта өте жылдам жүгіреді,

3.Жыртқыш құс – қанаттары кең, қалықтап ұшуға бейім, аяғы жақсы жетілген. Тұмсықтары қысқа, доғал, кейде иіліп келген өткір.

4.Қыртөстілер – ұшатын құстар, төссүейкте жақсы жетілген қыры болады. Қанаттары жақсы жетілген, ұзын, сүйірленіп келеді.

5. Ақүрпек- қыран құстың балапаны

6. Көгілдір аққудың балапаны

IV.Үйге тапсырма:

Құстар тақырыбын қайталау. Құстар туралы мақал – мәтел, жұмбақ жазып келу.

V. Бағалау.

Бүгін біз құстар әлемін ұшақпен саяхат жасадық. Бүгінгі ұшаққа мінгендер:

«Жоғары кластағы» билетпен –

«Жақсы» билетпен –

«Орташа» билетпен –

Сонымен сәтті ұшып келдік, келесі аялдама бізде «Сүтқоректілер», сонда кездескенше.



Қауырсын жабынды

жануарлар дегеніміз не?
Құстардың дүние жүзінде

түр саны қанша?


Құстарды зерттейтін ғылым
Дене салмағы

1,5 г, ең кішкене құс


Құстарды неліктен жылы

қандылар деп атайды?


Құстардың терісінде қандай

бездер бар және ол

қандай қызмет атқарады?
Құстардың қан тарату

жүйесінің ерекшелігі?


Құстың омыртқа

жотасының бөлімдерін ата.


Терінің қосалқы

мүшелері.

Құстардың жақ сүйегі

неге айналған?


Құстар қалай

тыныс алады?


Қосарланып тыныс

алу дегеніміз не?


Құстың қарнының қандай

құрылыс ерекшеліктері бар?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет