Жануарлар әлемінде



бет1/3
Дата22.11.2023
өлшемі2.26 Mb.
#484099
  1   2   3
Презентация қазақша тақырыбы "Жануарлар әлемінде"(5 сынып)


Жануарлар әлемінде
Құстар
Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.
Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын
489 түрі бар. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. 
Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі. Олар:қыртөссіздер (жүгіретін құстар); жүзетін құстар (пингвиндер); қыртөстілер (ұшатын құстар).
Жүгіретін құстар
Түйеқұс ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2,5-3 метрге, салмағы 100-160 кг-ға дейін жетеді. Қанаттары қысқа болғандықтан ұша алмайды. Алайда, өте күшті аяқтарымен сағатына 70 шақырымға дейін жүгіре алады. Бұл оның өзіне төнген қауіптен қашып құтылуына әрі шөл ортасында азығын оп-оңай тауып жеуіне көмектеседі. Бұлардың төс сүйегі жалпақ әрі оның қыры болмайды. Олар ұша алмайды, бірақ ашық алаңқай жерлерде өте жылдам жүгіреді. Қанат қауырсындары доғалданып келген, аяқтары өте жақсы жетілген. Бұған барлық құрлықта кездесетін түйеқұстар жатады.

Африкалық түйеқұс (страус),

  • Африкалық түйеқұс (страус),
  • Америкалық түйеқұс (нанду),
  • Австралиялық түйеқұстар (эму, казуар) және Жаңа Зеландияда кездесетін қанатсыз түйеқус (киви) деп аталады.Түйеқұстардың ең ірісі - африкалық түйеқұс (страус). Олардың басқа құстардан басты айырмашылығы - аяқтарында екі ғана саусақ болады. Өте ірілерінің салмағы 90 килограмға жетеді. Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі - киви, оның салмағы 2 - 3 килограмдай. Оның жұмыртқасы өте ірі (0,5 кг).
  • Нанду - үш саусақты, қанаты жақсы дамыған, бірақ ұша алмайды, жылдамжүгіреді. Оның 2 түрі бар. Салмағы 25 кг. Өсімдік жапырақтарымен,бүршіктерімен және ұсақ бунақденелілермен қоректенеді. Еті, қауырсыны, жұмыртқасы бағалы болғандықтан, көптеп ауланады.Казуардың қауырсындары ірі қылшықты. Басында мүйізтекті айдары бар. Мойны қауырсынсыз, ашық қызғылт түсті тері, қатпарлы. Салмағы 80-90 кг. Ішкісаусағындағы өткір тырнағымен қорғанады. Жаңа Гвинея, Австралия және солмаңдағы ұсақ аралдарда кездеседі. Жұмыртқаны қоразы басады. Еті бағалы болғандықтан, қолда өсіреді.
  • Эму Австралияның бұталы, құрғақ далалы жерлерінде таралған. Салмағы - 45 - 50 кг. Жұмыртқасын қоразы шайқайды (басады). Көбіне жемістерменқоректенеді. Қолда өсіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет