Сабақтың мақсаты: «Мамандық»



Дата11.02.2022
өлшемі1.19 Mb.
#455285
түріСабақ
Аружан


Сабақтың тақырыбы: Мың мамандық түрі бар таңдап талғап бірін ал!

Күні: 10.02.2022жыл

Сыныбы: 10 "А“

Ашық тәрбие сағаты

2021-2022



Сабақтың мақсаты:
  • «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту.
  • Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар.

Қызығушылықтарын ояту. Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, балалар! Бүгін далада қыстың бір жылы күні, қанеки біз бір-бірімізбен амандасып шығайық. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, барлығымыз бір-бірімізге қол бұлғап амандасып аламыз.



Жаңа сабақ

 

Ойланайық, пікірлесейік

- Мамандық дегеніміз не?

- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?

- Жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?

- Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?

- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?

- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?

- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

Сөзжұмбақты шеш

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам

Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі

Кеткен жанды кім дейді?

Өңкей сығай екі топта

Таласып жүр бір допқа.

Бұл кім ?

Өскен шашты жаратпайды,

Қайшысы бар жалақтайтын

Бал тамған мәзір,

Ол бар жерде әзір.

Оқу-білім бағдары,

Заманының бағбаны.

Еңбек орны-танабы,

Сүйікті ән- дала әні.

Егін салып, мәпелеп,

Асырайды қаланы.

Келіп баған қасына,

Өрмеледі басына.

/полиция/

/ұшқыш/


/футболшы/

/шаштараз/

/аспазшы/

/мұғалім/

/дихан/

/монтер/



Психологиялық сәт.

«Психогеометрия» -өзін-өзі тану:

1. Квадрат



2. Зигзаг.



3. Шеңбер.



4. Үшбұрыш.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу, жүйелеу қабілеті баршылық. Сенен үздік администратор шығады.



Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілеті жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетің, ой-өрісің дамыған. Сенде табиғи өткір ойшылдық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың.



Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпашылығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.



Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан қайтпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.

 Қол- мидың жалғасы жаттығуы

 Қол- мидың жалғасы жаттығуы

Сан алуан мамандық бар. Ал, біздің табиғи бейімділігімізге үңілейік: Саусақтарымизды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымизды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сизық жүргіземіз. О нүктесін білезіктің оң жақ, сол жақтарын да қамтимиз. Осы жүргізілген сизба бөліктерін сизғышпен өлшеп шығарыңиз.


 Қорытынды: Егер сіздің алақан сизығыңизда бас бармақ пен О нүктесі арасында сизба бөлігі ұзын бокса, сіз- басқарушысиз. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сизық басқаларынан ұзын бокса, сіздің- қорғаушы әскери қабілетіңіз мол. Ортан қол сизығы ұзынырақ бокса, сіз- дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз. Аты жоқ саусақ сизығы үлкенірек бокса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз. Шынашақ сизығы үлкенірек бокса, сіз- дәрігерлік шипагерлікке бейімсіз.

Қорытынды:

Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар: «ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
  • ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;


  • ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;


  • ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі. Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.
  • Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. «Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір сәттілігінің негізі» дегендей еліміздің өркендеп, гүлденуіне үлес қосатын мықты маман иесі болыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет