Сабақтың мақсаты Отбасының бала тәрбиесіндегі орнын түсінеді; Ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту



бет1/4
Дата03.12.2023
өлшемі0.67 Mb.
#485257
түріСабақ
  1   2   3   4
Отбасы


Тәрбие сағаты
Бекітемін: ______________
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тақырыбы

Отбасының адам өміріндегі маңыздылығы

Күні

11.09.2023

Сыныбы: 10 а

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып жетекшісі

Ерғалиева Ақбота

Сабақтың мақсаты

Отбасының бала тәрбиесіндегі орнын түсінеді;
Ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту .

Құндылығы

Сыйластық

Ресурстар

Слайдтар, суреттер, қанатты сөздер.

Тәрбие сағатының түрі

Шығармашылық жұмыс

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, ойын, т.б.

Барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Басы

І.Ұйымдастыру.
II.Кіріспе.
III.Үй тапсырмасы: «Менің отбасым» — эссе жазу.
IV.Ассоциация әдісімен тақырыпты ашу.
V.Ой қозғау.
VI. Мақалдың жалғасын тап.
VII. Жағдаяттар шешу.
VIII.Ертегі құрастыру.
ІX.Рефлексия.
X. Қорытындылау.
І. Ұйымдастыру:
a) Сәлемдесу;
ә) Релаксация –«Сиқырлы әлемге саяхат».

Топқа бөлінеді..

Ортасы

ІІ. Кіріспе:
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең:
— Қайтсем ғана осыны адам етем?
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?
Ойым емес оллаһи, біздікінің
Енжарлығы елде жоқ ала бөтен…..
Туа сала тұлпардың жалын тартқан,
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
……. Үміт пенен күдіктің ортасында
Ата-ананың үміті талады екен!
Міне осылайша баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды екен. Ұлы данамыз Ыбырай Алтынсарин айтқандай «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламайтын бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды».


ІІІ. Үй тапсырмасы:
Алдын ала берілген «Менің отбасым» тақырыбындағы
сынып оқушыларының жазған эсселері тыңдалады.

Мұғалім: «Әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И. Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана бала үшін еңбірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы.
IV. Ассоциация әдісімен тақырыпты ашу.
«Отбасы» деген сөзді естігенде ойымызға не оралады?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет