Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бөлімшелердегі жеке қорғаныш құралдарына техникалық қызмет көрсету шарттарымен таныстыру



Дата17.07.2016
өлшемі43 Kb.
#205644
түріСабақ
«Бекітемін»

______________ ______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бөлімшелердегі жеке қорғану құралдарына техникалық қызмет көрсету.



  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бөлімшелердегі жеке қорғаныш құралдарына техникалық қызмет көрсету шарттарымен таныстыру.



  1. Уақыты: 45 мин.



  1. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.



  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, жеке қорғаныш құралдары.



  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.

  • ЖӘҚТ не үшін қолданылады?

  • ЖӘҚТ қандай жағдайда болуы мүмкін?

  • ЖӘҚТ кию тәсілдерін орындаңдар.

  • ЖӘҚТ шешу тәсілдерін орындаңдар.

б) Негізгі бөлім – 22 мин.
Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бөлімшелердегі жеке қорғаныш құралдарына техникалық қызмет көрсету.

Әрбір әскери қызметші өзіне берілген қорғаныш құралын бұзбай, үнемі даяр тұратындай күйде ұстауы керек, күн сайын оның жайын, ұсақ-түйек бұзылған жерін жөндеп, табылған, бірақ жөнделмеген ақауларын командирге баяндап отыруы керек.

Газтұмылдырықты үнемі дұрыс күйде ұстау үшін мынадай шарттар орындалуы тиіс:


  • газтұмылдырықты соққылардан, қатты шайқалыстардан сақтау керек;

  • шығу клапандарын абайлап ұстап, қажетсіз жағдайда оны суырмауға тырысу керек; егер клапандарға әр түрлі нәрсе тұрып не жабысып қалса, оны қораптан шығарып алып, ақырын үрлеу не сумен жуу керек;

  • салқын уақытта газтұмылдырықты жылы жерге кіргізген кезде, терлеген соң оның бүкіл тетіктерін құрғатып сүрту керек;

  • бүркеме-дулыға (шлем-маска) ластанған жағдайда байланыстырғыш трубадан оны бөліп алып, сабынды сумен жуу керек;

  • газтұмылдырықты жағылған пештің, жылыту батареялары мен алаудың жанына сақтап, не оған кептіруге болмайды;

  • сөмкеде қандай да болмасын басқа да заттарды сақтауға болмайды;

  • газтұмылдырықты үнемі қолданған жағдайда сөмкені шаң мен ластанудан тазартып тұру керек;

  • оған дер кезінде техникалық қызмет көрсетілуі керек;

Сүзгілі газтұмылдырықты дала жағдайында қолданған кезде, сондай-ақ газтұмылдырықты алу және алмастыру кезінде негізгі тыныс шығару клапанын сумен жуу керек. Қосымша тыныс шығару клапанын ұясынан шығарып алмай, қоқысты саусақпен ақырын тазалайды.

Жеке қорғаныш құралдарына техникалық қызмет көрсету күн сайын және кезеңдік болып бөлінеді.



Жеке қорғаныш құралдарына күн сайын көрсетілетін техникалық қызметті арнайы бөлінген әскери қызметші жүзеге асырады және қорғаныш құралдарына дезактивация, дезинфекция және газсыздандыру істерін жүргізуді күн тәртібі бойынша қару-жарақ пен әскери техникаға күтім жасауға бөлінген сағатта жүргізеді.

Жеке қорғаныш заттарына күн сайын техникалық қызмет көрсетуде төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:



  • қорғаныш заттарын шаңнан, қоқыстан, таттан тазарту және кептіру;

  • бұзылмағанын сырттай бақылау жасап тексеру;

  • ағымдағы жөндеу негізінде ұсақ ақауларын жөндеу;

  • ластанған жағдайда тыныс шығару клапандарын жуып тұру;

  • газтұмылдырықтың жиналуының дұрыстығын тексеру;

  • газтұмылдырықты терлетпейтін үлдірмен не мембранамен жинақтап салу;

Жеке қорғаныш құралдарына кезеңмен техникалық қызмет көрсету командир көрсеткен мерзімде жылына екі реттен кем емес тәртіппен жүргізіледі.

Кезеңдік техникалық қызмет көрсетуде әр әскери қызметші күн сайын көрсетілетін техникалық қызмет көрсетуде қарастырылған жұмыстарды орындайды, содан кейін нұсқаушы аспаптар көмегімен газтұмылдырық қораптарының тыныс алу төзімділігі мен газтұмылдырықта саңылаудың қалмауын тексереді.



в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Газтұмылдырықтарды дұрыс күйде ұстау үшін қандай шарттар орындалуы керек?

  • Жеке қорғаныш құралдарына техникалық қызмет көрсету жұмыстары қалай жүргізіледі?

  • Күн сайынғы және кезеңдік техникалық қызмет көрсетуді кімдер жүргізеді?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет