Сабақтың мақсаты: Оқушыларымыздың білімі мен ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын анықтау



Дата03.07.2016
өлшемі48.77 Kb.
#173846
түріСабақ
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы,

Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің

технология пәнінің мұғалімі Дәулетов Жарылқасын Ноғайұлы
Тақырыбы: «ХХІ ғасырдың жас технологі»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларымыздың білімі мен ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын анықтау;

Білімділік мақсаты: білім деңгейін көтеру, жетілдіру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру;

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой-өрісін дамыту, жылдам ойлап, шапшаң жауап беруге үйрету;

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды шеберлікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, химия, математика, сурет, информатика, т.б.

Сабақтың әдісі: сайыс сабақ

Қолданылатын көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, түрлі-түсті қағаз,карандаш, қайшы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Мұғалімнің кіріспе сөзі

ІІ. «ХХІ ғасырдың жас технологі» сайысы

Сайыс алты кезеңнен тұрады:

1 кезең: «Бәйге»

2 кезең: «Өнер»

3 кезең: «Қасиетті тоғыздық»

4 кезең: «Жанды сұрақтар»

5 кезең: «Тапқырлық»

6 кезең: «Жорға»

ІІІ. Қорытынды

І-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар «ХХІ ғасырдың жас технологі» атты сайысымызды бастаймыз!

«Өмір деген көк мұхиттың толқыны

Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып

Бір бірімен жатқан тулап арбасып

О, толқындар, арпалысып алға шық

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын

Құштарлықтың толғағы мен көктемі» деп Төлеген Айбергенов ағамыз жырлағандай өмірдің өзі сайыс.

Бүгінгі сайысымызға жетінші сыныптың алғырлары мен білімділері келіп күш сынаспақ.

ІІ- жүргізуші:

Шақырамыз, келіңдер жарысуға

Күш, өнер, білімменен алысуға

Бар өнерді салайық ортамызға

Қанеки, кім шығады сайысуға

Сонымен ортаға жас технологтарды шақырамыз.

Ал сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді.

Жас технологтардың білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық

І жүргізуші: Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз! Біздің күнделікті іс-әрекетіміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған. Бірақ, менің ойымша, бұл қасиеттерге қоса адамға шапшаңдық та өте қажет.

ІІ жүргізуші: Сонымен бәйге жарысының шарты: жауап нақты тез болу керек. Қай оқушы алдындағы жалауды бірінші көтерсе, сол бірінші болып жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

І кезең: «Бәйге»

1. Кез- келген машина механизмі неше бөліктен тұрады?(3)

2. Құрамындағы көміртегі 2%-дан аспайтын темір қорытпасы (болат)

3. Металды шабатын негізгі құралды ата (шапқы)

4. Металл кескіш аспаптарды өткірлеу әдісі қалай аталады? (қайрау)

5. Егіншіліктің интенсивті жүйесі алғаш рет қай елде пайда болды? (Англияда)

6. Тұқымды қанша градус температурада кептіреді? (130%)

7. Ағаштың жасын қалай анықтайды? (Сақиналары арқылы)

8. Тығыздығы жоғары ағашты ата (алмұрт)

9. Киіз үй сүйегін жасайтын қолөнершіні кім деп атайды? (үйші)

10. Өсіп тұрған ағаш неше бөліктен тұрады? (3)

11. Темір өзектің бойына бұрама кесу? (Ойма)

12. Ағаш ою тәсілдері шартты түрде нешеге бөлінеді? (2)

13. Екі кісілік үлкен ара қалай аталады? (Кернеу ара)

14. Ағашты көркемдеп оятын құрал? (Әр түрлі жүзді қашау)

15. Қаңырап кепкен ағаштың құрамында қанша пайыз көмірқышқылы болады? (35,5%)

16. Жер қыртысының ең үстіңгі қабаты? (Топырақ)

17. Ағаш өңдеуге арналған оқушы орнын қалай атайды? (Верстак)

18. Ағашты ашық ауада кептіру қалай аталады? (Табиғи кептіру)

І жүргізуші: «Ана тілің – арың бұл;

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!»- келе,сайысымыздың келесі кезеңі «Өнер» бөлімін бастаймыз.

Бұл бөлім бойынша мақалды толықтыру. Кім бірінші жалауды көтерсе, сол жауап береді. Бағалануы – 10 ұпай

ІІ кезең: «Өнер»:

1. Атадан көріп оқ жонар…(Анадан көріп тон пішер)

2. Өнер түрі елде мол…(өнім сыры жерде мол)

3. Еңбек түбі…(береке)

4. Ер қадірін ерлер білер…(Зер қадірін зергер білер)

5. Өнерлінің қолы алтын…(өлеңшінің сөзі алтын)

6. Асыл пышақ… (қап түбінде жатпас)

7. Еңбекпен тапқан… (нан тәтті)

8. Адам өнерімен әсем… (Аң жүнімен әсем)

ІІ жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап, жым отыру жарасама

Туыс досқа, сыныптас танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талапқа!

Сайысымыздың келесі кезеңі «Қасиетті тоғыздық» Бұл бөлімде әртүрлі 9 сөз беріледі. Сол сөздердің мағынасын түсіндіру керек.Бағалануы-20 ұпай. Ескерту ұпайы аз оқушымен қоштасамыз

ІІІ кезең: «Қасиетті тоғыздық»

1. Бейне (сурет, мүсін)

2. Батыру (мүйізге, ағашқа, былғарыға басып бедер салу)

3. Безбен (ескі қадақ, пұт мөлшерімен өлшейтін өлшеу аспабы)

4. Берен (ең жақсы барқыт, ең асыл болат, темір сауыттың бір түрі)

5. Бесаспап (бәріне дайын, бәріне де маман адам)

6. Бесік жамбы (құйма күміс)

7. Бұлғын (қымбат аң терісі)

8. Бұрғы (ұшы өткір бұрандалы тескіш)

9. Бөшке (үлкен ағаш кеспе)

І жүргізуші: Келесі бөлімімізді бастамас бұрын әділқазылардан алдыңғы үш кезеңнің бағасын берулерін сұраймыз. Өкінішке орай, жарыстың аты жарыс, алғашқы үш ойында жинаған ұпайлары төмен төрт оқушыға ойынға қатысып, өз білімін сынға салғаны үшін рахмет айтып қоштасамыз.

Ойыншыларымыздың алғашқы жеңістерімен құттықтай отырып, сайысымыздың келесі кезеңіне көшейік.

ІV кезең: «Жанды сұрақтар»Жауаптары үш нұсқада беріледі.Сіздер сол нұсқалардан дұрыс жауаптарды белгілейсіңдер Бағалануы 5 ұпай

1. Конус тәріздес металл діңгектер не деп аталады?

А) қалпақты шеге ә) бұрама шеге б) шеге жауабы А

2. Ағашқа белгі салғанда нені пайдаланған дұрыс?

А) шеге ә) қарандаш б) пышақ Ә

3. Токарь станогы қандай қызмет атқарады?

А) теседі ә) жонады б) сүргілейді Ә

4. Кескіш тістер қандай материалдардан жасалады?

А) мыс ә)жез б) болат Б

5.Шеңбер сызуға арналған құралды ата

А) циркуль ә)штангенциркуль б)рейсмус А
ІІ жүргізуші:Біздің келесі кезеңіміз «Тапқырлық» Шарты:қағаздан түрлі заттар жасау. Бағалануы 20-дан 50 ұпайға дейін. Ал, сайыскерлер іске сәт! Барлық кезеңнен жоғары ұпай жинаған екі оқушы соңғы кезеңге жолдама алады.

Соңғы кезең: «Жорға» Шарты:барлығы он сұраққа жауап бересіздер. Дұрыс жауабын білмесеңдер келесі деп белгі бересіз, әрбір дұрыс жауапқа он ұпай беріледі. Ұпайы аз оқушы бастайды.

VI кезең «Жорға»

«Технология» қай елдің сөзі

Ағаш өнерімен айналысатын шебер

Ағаштан жасалатын ұлт аспаптарын ата

Табиғатта темірді таза күйінде кездестіруге бола ма?

Теріден жасалынатын ер-тұрман жабдықтары

«Бұлқыншақ»деп атайтын ыдысты қандай малдың терісінен жасайды?

«Жез» деп қандай металды айтады?

Металдар неше топқа бөлінеді?

Аудандық газеттің аты

Тұқым себетін машинаны ата

ІІІ. Қорытынды

Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасыңда оқып, жиып ал

Тепкілесең кетпейді. Сонымен сайысымыз да өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды марапаттау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет