Сабақтың өзара және өзін-өзі талдау Пән мұғалім: Балтабай. Б пәні: Геометрия Сыныбы



бет1/5
Дата20.04.2023
өлшемі182.43 Kb.
#472480
түріСабақ
  1   2   3   4   5
кОНУС ТАЛДАУ


Сабақтың өзара және өзін-өзі талдау
Пән мұғалім:Балтабай.Б Пәні: Геометрия Сыныбы: 11
Тақырыбы: Конус және оның элементтері. Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары


Оқу мақсаты: 11.1.8 - конустың анықтамасын, оның элементтерін білу; конусты жазықтықта кескіндей алу;
11.3.5 – айналу денелерінің (цилиндр,
конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару;
11.3.6 - конустың бүйір және толық беті аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.1.11 – көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу;




Өткізілген сабақтан кейінгі талдау сұрақтары

Өзіндік талдау бойынша пікірлер

1

Оқушылардың барлығы
қандай прогреске қол
жеткізді? Ол жеткілікті
болдыма? Олардың
сыныптарындағы басқа
оқушыларқандайнəтиже
көрсетеді?

Сабақ барысында тапсырмаларды орындау кезіндеоқушылардың бір бірімен ақылдаса жұмыс жасауы, ұйымшылдыққа, бір біріне сенім білдірулеріне, бір бірінің жауабын сыйластықпен тыңдауы басшылыққа алынды.

2

Енгізіліп жатқан əдіс
қалай көмектесті немесе
кедергікелтірді?



Айналмалы бекет әдісі :оқушылардың есепті шығару барысында алдыңғы оқушының қателіктерін анықтай отырып, есептің келесі жолын тапты. Геогебра программасының көмегімен конустң жазбасы толық көрсете алды.

3

Қандай тосын оқиғалар
болды?



Сабақ барысында жаңашыл әдістерім оқушыларыма таңқаларлық жағдай болды.






Əр оқушының нəтижесін
жақсарту үшін келесі
жолыəдістеменің қандай
аспекті(лері)сі түзетілуі
керек?

Өз ойын жетік жеткізе алатын оқушылармен жекелеген жұмыс жүргіземін, себебі ол оқушылар білімдік танымы жоғары деңгейдегі оқушыларым еді. Ал білімділік дағдысы төмен, ойын жеткізуге қиналатын оқушыларға өз тарапымнан қолдау көрсетемін.

5

Келесі жолы біз не істеуге
тырысуымыз керек?



Келесі жолы оқушыларға геогебра программасымен көп жұмыс жасау керек екен. Кез келген тапсырманы өз беттерінше функционалдық сауаттылыққа айналдыруға дағдыландыру.



Тексерілді:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет