Сабақтың тақырбы: Сусыз тіршілік жоқ. Сабақтың мақсаты: Су экологиясы туралы бастапқы ұғымды қалыптастыру, сусыз



Дата03.07.2016
өлшемі77.05 Kb.
#175428
түріСабақ
Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы,Ақшұқыр ауылы,
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің жоғары санатты,


I ші (ілгері) деңгейлі,бастауыш сынып мұғалімі

Мусина Айнұр Темировна
Сабақтың тақырбы: Сусыз тіршілік жоқ.

Сабақтың мақсаты:

  1. Су экологиясы туралы бастапқы ұғымды қалыптастыру, сусыз

тірішілік жоқ екендігін, суды ластамау жолдары туралы түсінік беру.

  1. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында

сабсақты түрлендіре отырып, өздігінен ізденуге, қосымша материалдар қосуға, өзіндік жұмыс істеуге, бақылау жасауға өз оиын еркін жеткізуге, өзара пікір айта білуге және сөйлеу мәдениетін дамытуға.

  1. Салауатты өмір салтына, табиғатты қорғау, үнемшілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Баспасөз конференция сабағы.

Сабақтың әдісі: Пікір алмасу, сұрақ жауап, топтық жарыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Ой шақыру әдісі бойынша жұмбақ шешу.

Дәмі де иісі де жоқ, Аяғы жоқ, қолы жоқ, Сақтамасаң қорын,

Пайдаланбас кісі жоқ. Бірақ тыныш тұрмайды. Барша тірлік құрайды.

Ол не? (су).

Демек барша тіршілікке су керек екен. Міне, балалар біздің сабағымызда осы

«Сусыз тірішілік жоқ» тақырыбында баспасөз конференция сабағында өтпек.

Сабағымызға тілшілер, зерттеуші, ғалым, дәрігер, эколог, өсімдіктанушы, жануартанушы, Географ, заңгер, су мамандары қатысып отыр.

1. Судың қандай қасиеті бар?

Су: иіссіз, түссіз, мөлдір, еріткіш, жұққыш, аққыш.

2. Судың күйлерін еске түсіру жұмбақтар шешу арқылы.

Жылп - жылп етеді,

Жылғалардан өтеді. (судың сұйық күйі ) Жазда суға шомыламыз.

3. Өзі судан жаралған,

Бірақ судан қорқады. (судың қатты, мұз күйі) Қыста қатады коньки тебеміз.


4. Көзге көрінгенмен,

Ұстасаң қолға ілінбейді. (бу газ күйі).


5. Жуылған киімді далаға жаямыз. Ол кебеді.

Оның бойындағы су қайда кетеді? (күн көзі жылуымен су буға айналады.)


Су еріткіш.
Табиғатта ешбір қоспасы жоқ таза су кездеспейді. Суға қант, тұз салсақ олар еріп көрінбей кетеді. Ішінде еріген затқа байланысты судың дәмі өзгереді. Тұз салсақ ащы, қант салсақ дәмі тәтті болады. Демек, су еріткіш. Суға саз балшық салсақ су лайланады, яғни араласқанымен ерімейді. Демек, суда ерімейтін заттарда бар.

3. Ой толғаныс әдісі бойынша жұмыс:


Балалар, мен сендерге мынадай бір тапсырма берейін, сендер ойланып, ойларыңды ортаға салыңдаршы.

Тапсырма:

Үстінде жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінің үстінде мақта болатын. Оларға терең өзеннен өту керек болды. Үстіне тұз артқан есек судан шығысымен тез – тез жүріп кетті. Ал үстінде мақтасы бар есек, аяғын әрең басып келеді. Неге? Оларға не болды?

Судың маңызы.

Өсімдікке су керек. Себебі өсімдік сусыз өспейді. Біз оны күнде көріп байқаймыз. Егер топырақ кеуіп қалса, оны жұмсартып су құю керек. Сонда ол әдемі болып жақсы өседі. Су адамға көмекші. Сумен бау бақшаны, егінді суарады. Олар бізге жеміс – жидек береді. Нан өмір, су тірішілік көзі.

Су пайдалы нәрсе. Онымен кемелер, қайықтар жүзеді. Су қатынас жолы. Су тасқыны болса, адамдар оны өз күшімен, ақыл ойымен тоқтатады.

Су өте таза, мөлдір болады. Суды адамдар ауыз суға ішеді, шөлін қандырады, тамаққа пайдаланады. Су тазалық кепілі. Сумен ыдыс аяқ, киім яғни барлық ласты сумен тазалап кетіреміз. Суға шомыламыз. Әр адам судай таза, жақсы болса дені сау, ұзақ өмір сүреді.

4. Өткенді бекіту:

Адам Су. Табиғат.



5. Жаңа сабақ: Бүгінгі «Сусыз тірішілік жоқ» деген баспасөз конференция сабағын кеңірек ұғуымыз үшін, сөз кезегін тілшілерге берейік.



Тілші: Барлық тіршілік иесінің сусыз тіршілік етпейтіні белгілі. Бірақ ұзақ уақыт суды қажет етпей жүре алатын жануарлар барма?

Жануартанушы: Табиғатта қолайсыз, суаттардан алыс жатқан жерлерде тірішілік ететін жануарлар бар. Кесірткелер, тышқандар өздері жейтін азықтың

құрамындағы ылғалды қанағат етеді. Ал жануарлардың ішіндегі түйе шөлге өте шыдамды келеді. Олар қоректенгенде майды өркешіне жияды. Суға кезіккенде шөлін әбден қандырып алады. Ақбөкен, бұлдырық сияқты күнделікті су ішпесе болмайды. Ақбөкен тез жүгіреді, бұлдырық тез ұшады. Сондықтанда олар алыс суаттарға барып шөлдерін қандырады.



Тілші: Адам ағзасындағы судың алар орны қандай деп білесің?

Ғалым. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Адам денесі отыздан тоқсан пайызға дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50кг су болады. Оның мөлшері 17кг кемісе адам өледі. Адамға ауа қандай қажет болса, суда сондай қажет.

Тілші: Өсімдік тірі ағза. Оған да су керек. Оны қалай дәлелдейсіз?

Өсімдіктанушы:

Өсімдік құрамының көп бөлігі судан тұрады. Кез келген өсімдіктің жапырағының, сабағының сынған жерін байқасаң шырыны шығады. Ол өсімдік бойындағы су. Суды өсімдік тамыры арқылы топырақтан сіңіреді. Еріген тұздар қоректік заттар бәрі де өсімдікке сумен араласып барады. Табиғатта өсетін өсімдіктер суды топырақтан және жауған жаңбырдан алады. Ал бау бақша егіс қолдан суарылады. Бөлме өсімдіктеріне су құю керектігін топырағына қарап анықтауға болады. Ал өсімдікте мүлдем су болмаған жағдайда ол солып, өліп қалады. Сондықтан өсімдікте сусыз тірішілік ете алмайды.



Тілші: Судың денсаулықты нығайтудағы әсері барма?

Дәрігер:
Болғанда қандай денеңіздегі түрлі дертті қуғыңыз келсе су құйыңыз. Су саусаламат өмір сүру құралы. Суық сумен жуынып, денеңізді шынықтырсаңыздар жылдам, шымыр, төзімді боласыңдар. Денсаулық кепілі тазалық болса, тазалық кепілі су. Тісіңізден бастап сумен жуасыз, денеңіздегі кірді сумен қуасыз. Киімің және заттарың таза болуы үшінде суды пайдаланасың. Жуына отырып гигиенаны сақтайсың.

Тілші: Біздің планетамыздың климатына судың тигізер әсері қандай?

Географ:

Табиғатта су баяу жылынып, баяу суынады. Мұхиттармен теңіздердің суы жаз бойы күн сәулесінен мол жылу жинайды да, қыста климатымыздың ауасын жылытады. Мысалы: біздің ауамыз басқа құрғақ өңірдің ауа - райына қарағанда жылы болып тұруының себебі де осыдан.



Тілші: Табиғатта қоспасы жоқ тап -таза су болама?

Зерттеуші:
Табиғатта қоспасыз тап -таза су жоқ, таппайсыңдар. Таза су тек лабараторияларда ғана болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организмге қажетті тұздарда болмайды. Ал теңіз суының құрамында керісінше көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтындығы да сондықтан.

Тілші: Ластанған су деп қандай суды атайды? Оның зияны қандай?

Эколог: Пайдаланған су шайынды суға айналады. Оны ластанған су дейді.

Тілші: Су көздерін қалай қорғауға болады және қандай заңды жолдары бар?

Заңгер:

Республикалық «Су заңында» әрбір өзен немесе көл жағалауында су қорғау белдеулерінің болуы керектігі айтылған. Бұл аймақтағы шаруашылықтар қатаң бақыланады. Сондай ақ су көздерін сарқылу мен ластанудан сақтауда ағаш отырғызудың орны ерекше.

Ауылды жерлерде өзен, көл, құдық суының ластануын қадағалаңдар. Су көзіне мал қораларын жақын салуға болмайды, өйткені малдың қиы мен зәрі еріген қар, жаңбыр суымен шайылып барып, су көзін ластайды. Сондай- ақ су жағасына көң, қоқыс, күл төгуге болмайды. Оның бәрі суды ластайды. Су көзінің ластана бастағанын байқасаңдар дереу тиісті жерлерге хабарлаңдар.

Тілші: Біздің елімізде ауыз су тапшылығы байқаладыма?

Ғалым:

Ауыз су тапшылығы әлемдік проблема. Біздің планетамызда су көп. Бірақ солай бола тұра жер шарының 60% тұратын халық тұщы судың болмауынан зардап шегуде. Мысалы: Грецияның, Афина, Персия дейтін жерлерінде ауыз су жоқ. Югаславияда су кемемен тасымалданады. Біздің елімізде ауыз су жеткілікті. Бірақ сол суды әрқашан ластаудан қорғауымыз керек.



Тілші: «Ақшұқыр» елді мекенінде ауыз су проблемасы туралы ақпарат берсеңіз.

Су маманы:

Ақшұқыр елді мекені тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз ету үшін «Ауыз су» бағдарламасы бойынша 54 млн теңге қаржы бюджеттен бөлінді. Жабдықтары алынып, құрылыс жұмыстары басталды. Осы жоба арқылы жер асты су көзінен 3-ұңғыма қазылып, суды тазалап тұщытатын қондырғы қойылып, ауылға сапалы ауыз су беріледі.

2006 жылы 200 метр текше су жинайтын қондырғы және ауыл ішіне алты километр су құбырының жүйесі жүргізілген. Бұл су «Ақтау Аэропорт» су құбырынан алынады. Сонда Ақшұқыр, Сайын ауылы екі су көзімен қамтылатын болады.

Мұғалім:


Қане, сабақты бекіту ретінде суға байланысты айтылған мақал мәтелдерді айтып шығайық.

Судың кепкені, тірішіліктің кеткені.

Разия: Сулы жер құрақсыз болмас,

Таулы жер бұлақсыз болмас

.Ақселеу: Бұлақты болса көл семіреді,

Қордалы болса жер семіреді.

Ернар: Таумен тасты су бұзар,

Ел арасын сөз бұзар.

Альбина: Бұлақ көрсең көзін аш.

Амалбек: Судың да сұрауы бар.

Шарапат: Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішер.

Әділет: Су қадірін шөлдеген білер.

Маржан: Сыйлап берген қара суда тәтті.

Жолдас: Су ата, жер ана немесе су қазына, жер алтын.

Мөлдір: Сулы жер, шулы жер.

Жасұлан: Шешінген судан тайынбас.

Бекзат: Судан таза, сүттен ақ.

Малика: Су анасы бұлақ,

Сөз атасы құлақ.

Тамирлан: Су бергеннің сауабы бар,

Су төккенің жауабы бар.
6. Қортынды сөз: Бүгінгі конференциямызға қатысып, өзекті мәселелер жөнінде ой бөліскен тілшілерімізбен зерттеуші, ғалым, дәрігер, географ, заңгер, жануартанушы, өсімдіктанушы, эколог, су мамандарына көп - көп рахмет айтамын.

Енді міне тіршілікке қажетті бес жағдайдың (ауа, жылу, жарық, тамақ, су) бірі су екенін тереңірек ұғындыңдар деп ойлаймын. Су бар жерде тіршілік бар. Адам тәулігіне төрт бес литр су ішеді екен. Адам баласы тамақ ішпей бір айдан астам өмір сүре алады. Ал сусыз үш күнде өмір сүре алмайды. Су күнделікте тұрмыста, егістікке, өндірісте пайдалануға қажет. Біздер пайдаланып отырған электр қуаты да осы судың арқасында алынады екен. Жарты шарлар картасының диаграммасына сүйенсек жердің ¾ бөлігін су алып жатырғанын көреміз. Теңіз, мұхит сулары ащы. Біздің Республикамыздың Каспи маңы, Орталық Қазақстан жерінде тұщы су тапшы. Сондықтан тұщы сумен қамтамасыз ету жолдары іздестірілуде. Соңғы зерттеулер бойынша адам организімінің 2/3 бөлігі судан тұрады екен. Ересектер денесінің жартысы, ал балалардың денесінде одан да көп.

Балалар, біз күнделікті тамақта қолданатын картопта 80%, алмада 85%, сәбізде 9%, балықта 75%, қиярда 95% су болады екен. Адам табиғаттан суды таза күйінде алады, ластанған күйінде қайтарады. Тұщы су жер бетінде аз. Сондықтан біздер суды ысырапсыз пайдаланып, қоғам қажетіне де орнымен пайдаланатын ұрпақ болып өсейік. Бүгінгі конференция сабақ бізге көп мағлұматтар берді. Бұларды естіп қана қоймай, өмірде пайдалану әрқайсымыздың міндетіміз деп білейік. ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңының 38-ші бабына сәйкес табиғатты қорғаңдар, оны таза ұстап үйреніңдер. Бүгінгі конференция сабақтың алға қойған мақсаты оқушылармен ғылыми жұмыс жобаларына алғашқы қадам жасау.

Балалар, үйге тапсырмаға бүгінгі естігендерің бар, қосымша материалдардан қарап «Сусыз тірішілік жоқ» тақырыбында эссе жазып келу.



  1. Бағалау. Интерактивті әдіспен.




Тақырыпты түсіндім





Көп жаңа мәліметтер алдым





Белгілері:





  • жоғары;




  • орташа;




  • төмен.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет