Ақтөбе қаласы
№36 қазақ орта мектебінің география пәнінің мұғалімі
Шауленова Гулнар Салыковна
Пәні :Қазақстанның физикалық география
Класс:8 б
Күні: 18.02.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: №5 практикалық жұмыс «Қазақстанның табиғат зоналарына қысқаша салыстырмалы сипаттама»
Сабақтың мақсаты:
-оқушыларға Қазақстан территориясындағы табиғат зоналарының түрлері мен табиғат компоненттерінің бір-біріне байланысу,әрекеттесу заңдылықтарын түсіндіру;
-оқушылардың физикалық және кескін картамен жұмыс жасау шеберлігін,кесте сызба-нұсқа сызу қабілетін оқу еңбегіне қажетті біліктіліктерін және дағдыларын дамыту;
-адамның табиғаттағы ролін анықтап,экологиялық проблемаларды шешу жолдарын таба білуге үйрету.Туған жер табиғатына ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:
1.Қазақстанның физикалық картасы
2.Сызба нұсқалар(практикалық тапсырмалар)
3.Кескін карта
4.Электрондық оқулық
5.Бейне суреттер
Сабақтың түрі:ойын арқылы дамыту
Сабақтың әдісі:ақпараттық технология әдіс-тәсілдерін қолдану
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Сабақты меңгеру
3.Сабақты бекіту
4.Қорытындылау
Оқушының іс-әрекеті:мәтінмен,сызба-нұсқамен,картамен жұмыс жасау,электрондық
оқулықпен және интерактивті тақтамен жұмыс жасау;
Мұғалімнің іс-әрекеті: қажетті ақпараттар беру,түсіндіру,тапсырма-сұрақтар беру.
Сабақтың кезеңдері:Сабақ теориялық білімдерін практикада қолдану әдістерін меңгеруді тексеру түрінде өтіледі.Сабақ екі сатыдан тұрады.
1.Дайындық. сатысы
2.Білім шыңына жету.
Сабақтың өтілу барысы:Ұйымдастыру бөлімі.
Дайындық кезеңі : Қазақстанда табиғат зоналары.
Оқушыларға сұрақ жалпы қойылады. Сөйлемді жалғастырып жауабын айтады .Қысқа мәлімет беріп , картадан географиялық орнын көрсетеді. Бұл қай зона ?
1.Жер бедері тегіс кішігірім ойпаңдар кездеседі...... Орманды дала
2.Батыстан шығысқа 2200 кмге созылып жатыр...... Дала
3.Топырағы ашық қара қоңыр топырақ...... Шөлейт
4 .Каспий теңізінен Тарбағатай тау етегіне дейін созылып жатыр.. Шөл
Жауаптарын тыңдағаннан кейін оқушыларды табиғат зоналары атауымен топқа бөліп отырғызып, әр топтың жетекшісі топ аттарын таңдайды.
1 топ. Орманды дала зонасы (жасыл),
2 топ дала зонасы(сары),
3 топ шөлейт зонасы (қоңыр),
4 топ шөл зонасы(сұр).
-
Білім қақпасын ашу . Қазақстанның табиғат зоналары туралы не білеміз: Электрондық оқулықпен жұмыс.
Интерактивті тапсырмалар №8
-
орманды дала 1.Қазақстанның табиғат зоналарын құрайтын басты факторларды белгіле. Жылу мен ылғалдың қатынасы
-
дала 2.Шөл,шөлейт, дала зоналарына жататын жануарлар тобын таңда.
Саршұнақ, тышқан,құм қояны,
-
шөлейт 3.Шөл түрлеріне сәйкес табиғи аймақтарға апар.
құмды, тасты, сазды
-
шөл 5.Көрсетілген сандардың жауабын тап.
6000 ,77 млн. +70,75 см, 180-200мм,0,4 ,10кг, 1954-1959
-
Білім кемесіне отыру.
Оқушылар дәптерлеріне орындайды .
Сабақтың тақырыбы: №5 практикалық тапсырмалар «Қазақстанның табиғат зоналарына қысқаша салыстырмалы сипаттама»
1 тапсырма. Төмендегі сөздердің анықтамасын жаз.
Алдарына кеспе қағаздар үлестіріледі. (Тірек сөздеріне жауап беру.)
-орман-Қазақстанның солтүстігіндегі ағаштар өсетін алқабы. Шағын көлемді қамтиды;
-гумус- қарашірінді, қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен, одан шірінді пайда болады;
-дала-кеңістік жазира жазық жер,Қазақстанның біраз аумағын алып жатыр;
-ақбөкен- даланың жүйрік жануары бас үлкен,қошқар тұмсық,денесі ықшам,аяғы жіңішке.
-сантонин-дәрсі, Қазақстанда ғана өсетін дермене жусаны өсімдігінен жасалады
-баялыш- шөлейттің өсімдігі тек сор жерде өседі
2 тапсырма Кесте мәліметтері арқылы толтыру график тұрғызу.
Табиғат зонасы
|
жауын-шашын
|
Жазда t шілде
|
қыста t қаңтар
|
Орманды дала
Дала
Шөлейт
Шөл
|
|
|
|
3 тапсырма «Адасқан объектілер» сөздерді сәйкестендіру.
-орманды дала сұр-қоңыр
ақбөкен
-дала қара топырақ
дермене
-шөлейт ашық-қызғылт
дуадақ
-шөл емен
Алақоржын
4 тапсырма Семантикалық карта
Географиялық орны
|
Орманды дала
|
Дала
|
Шөлейт
|
Шөл
|
Қара топырақ
|
|
|
|
|
Дуадақ
|
|
|
|
|
Дермене
|
|
|
|
|
Ашық қара қоңыр топырақ
|
|
|
|
|
Долана
|
|
|
|
|
Итмұрын
|
|
|
|
|
Емен
|
|
|
|
|
Жүзгін
|
|
|
|
|
тоғайлар
|
|
|
|
|
Ш . Қорытынды .Танымдық сұрақтар:қандай қорытынды айтар едің?
Бұлт сұрақтарына жауап беру.
а) сипатта «Қазақстанның табиғат зоналарына сипаттама»(бес жолдық өлең)
б) дәлелде «Сенің көзқарасың бойынша мына сөздердің қайсысы дұрыс айтылған, соны дәлелде» «Шөл- бұл қолайсыздық»
«Шөл – бұл керемет»
в) салыстыр «Табиғат зоналарының алып жатырған аумағын шеңберлі диаграмма түрінде сызып, салыстыр»
г) сурете «егер, басқа ғаламшардан адам кездесе Қазақстан табиғат зоналарын
қалай суреттер едің?» (эссе)
IV .Үйге тапсырма: Жергілікті жер табиғатын қорғау .
V . Бағалау.әр топқа жеке тоқталу.
№36 қазақ орта мектебі
Тақырыбы: Қазақстанның табиғат зоналары
Класс 8 «б»
Пән мұғалімі Г.Шауленова
Ақтөбе- ақпан 2014ж.
Достарыңызбен бөлісу: |