Сабақтың тақырыбы : Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі



Дата03.07.2016
өлшемі44.5 Kb.
#173602
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

4-сабақ. Сыныбы -11 Пәні - қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі туралы мағлұмат беру, тарихи тұлғалардың өмірі мен шешендік сөздерінің мәнін ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сыни ойлау және танымдық қабілеттерін арттыру, өзіндік ой-пікір айта білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, болашаққа сыни көзбен қарай білуге, проблеманы шеше алуға, сөз өнеріне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Табыстылық критерийлері: тақырып туралы түсінік алады, топта белсенді жұмыс жасайды, өзіндік ой-пікір айта алады.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, «Ойлаудың алты қалпағы», бейнеролик көрсету, талдау жұмыстары, «Фишбоун» әдісі, «Дүкен» ойыны, кері байланыс.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Ресурстар: әр түрлі қима қағаздар, бейнеролик, постер, маркер, стикер

Сабақтың барысы:





Сабақтың кезеңдері

уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу. Сынып ішіне оқушыларға арналған тілек жазылған жүрекшелер ілінеді. Түсіне сәйкес 6 топқа бөлінеді.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, топқа бөлінеді.

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау

3 минут

Ойлаудың алты қалпағы

«ХХІ ғасырдағы шешендік өнердің маңызы»



Ақ қалпақ - ақиқатты айтады.

Сары қалпақ – күмәншілдікті білдіреді

Жасыл қалпақ – креативті ой, шығармашылық деңгей

Қызыл қалпақ - қуанышты эмоцияны көрсетеді

Қара қалпақ – теріс жақты сипаттайды

Көк қалпақ – сыншы топ

Оқушылар ойлаудың 6 түріне машықтанады, өз ойларын анық жеткізе алуға дағдыланады.

ІІІ

Қызғушылықты ояту

3 минут

Мотвация. «Мақсатқа жету жолдары» бейнеролик көрсетіледі.

Ойларын ортаға салады.




Бейнероликті көру арқылы оқушыда қозғаушы күш, түрткі пайда болады.




Жаңа сабақ. І Білу

5 минут

Алғашқы 6 топ 3 топқа біріктіріледі.

Жаңа тақырып бөлініп беріледі.

1-топ. Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі

2-топ. Асан қайғы туралы ақпарат

3-топ. Майқы би туралы ақпарат


Жаңа тақырып туралы түсінік алады, оны кластер түрінде ажыратып жазып береді.




Түсіну

5 минут

Жаттығулармен жұмыс

1-топ. 17-жаттығу

2-топ. 19-жаттығу

3-топ. 20-жаттығу



Жаттығуларды қатесіз айқын орындайды, талдай алады.




Қолдану

5 минут

Тапсырмалар орындау

1-топ сөйлемді құрамына талдайды.

2-топ синтаксистік талдау жасайды.

3-топ сөз таптарына қарай талдау жүргізеді.



Тіл біліміндегі талдау жұмыстары жүзеге асып, оқушылардың теориялық білімдері нығаяды.




Талдау

6 минут

1-топ. «Төрт балауыз шам» бейнеролик көрсетіледі. Ойларын таратып айтқызу

2-топ. «Фишбоун» әдісі. Тақырып:

«Ата-бабамызда қалған шешендік өнерінің бүгінгі жайы көңіл көншітпейді»



3-топ. Шәкірт ізденісі «Санамақ»

Шағын топта әр түрлі стратегиялар жүзеге асады. Әр түрлі ой айтылады; проблема айқындалып, шешу жолдары қарастырылады; шығармашылық қабілеті артады.

ҮІ

Сабақты бекіту. Жинақтау

7 минут

«Дүкен» ойыны. Сыныпта сабаққа қатыспай отырған оқушыларды сабаққа тарту көзделеді.

Сатушы оқушыларға сұрақ береді. Сатып алушы сұраққа жауап беруі тиіс.

ҰБТ-ға дайындығын арттыру – бұл әдістің міндеті.


Сабаққа белсене қатыспай отырған оқушыларды сабаққа тарту.

ҮІ

Бағалау

3 минут

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Өзіне берілген оқушының әрекетіне әділ түрде сыни баға бере алады.

ҮІІ

Үйге тапсырма:

2 минут

Аяз би мен Майқы бидің шешендігін жаттау.

Оқушылар тапсырманы түсініп, белгілеп алады.

ҮІІІ

Кері байланыс

"Екі түрлі түсіндірме күнделігі"



3 минут

"Екі түрлі түсіндірме күнделігін" толтыруды тапсырады.

Берілген ресурсқа сабақта ұнаған нәрсені, оның себебін жазады, өзіндік ой қорыту жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет