13.02.2021ж.
Тобы: ЕТБ-0918
Пәні: Компьютер құрылғыларын жөндеу және техникалық күтімі
Сабақтың тақырыбы: Бейне адаптер және олардың сипаттамасы
Жоспар:
Бейнеадаптер
Бейнеадаптер мақсаты
1. Бейнеадаптер
Монитордың көмегімен арнайы тақша басқарады, оны бейнеадаптер деп атайды. Монитормен бірге бейнекарта персоналдық компьютердіңбейне бағыныңқы жүесін құрайды.
Бейнеадаптерда жеке тақшаның кеңейтілуі бар, оны аналық тақшасының арнайы слотына орналастырады (қазіргі ДК-де бұл слот AGP). Бейнеадаптер бейнеконтраллер, бейнепроцессор және бейнежады функцияларын атқарады.
ДК пайда болғаннан бері бейнеадаптердің бірнеше стандарттары өзгерді:
MDA (Monochrom Display Adapter) – монохромды;
CGA(Color Graphics Adapter) – 4 түс;
EGA (Enchanced Graphics Adapter) – 16 түс;
VGA (Video Graphics Array) – 256 түс;
SVGA (Super VGA) – 16.7 млн. түске дейін.
Бұл стандартқа барлық программалар есептелінген, ІBM – біріктірілген.
Құрастырылған графикалық бейнелер бейнеадаптердің ішкі жадысында сақталады. Ол бейнежады деп аталады. Бейнежадының сыйымдылығы берілген шешуші қабілеттілікке және түстер палитрасына тәуелді, сондықтан жоғары шешуші қабілеттілікпен толық түсті гамма режимінде жұмыс істеу үшін көбірек бейнежады қажет. Қазіргі кездегі көптеген бейнекарталар бейнежадының көлемін 512 Мбайтқа және бейнеакселерация қасиеттерін кеңейтуге мүмкіндігі бар.
Бұл қасиеттің мәні операцияның бір бөлігі бейнелі құруда математикалық шығарылымсыз да жүре алады.
Бейнеакселераторлар бейнеадаптердің құрамына кіре алады және бейнекартаға жалғастырылып, және аналық тақшада орналастырылып жеке тақша кеңейтілуінде беріледі. Бейнеакселераторлардың 2 типін ажыратады: жазықтық (2D) және үш өлшемді (3D) график үшін. Жазықтық ол жалпы көрсетілген қолданбалы программалар үшін тиімді және ол Wіndows ОЖ үшін оптимизацияланған, басқалары әр түрлі мультимедиялы және ойынсауық программалармен жұмыс істеуге негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |