Сабақтың тақырыбы : Cурет салу, редакциялау



Дата07.07.2016
өлшемі27.97 Kb.
#183886
түріСабақ

Информатика 7 класс

Сабақтың тақырыбы: Cурет салу, редакциялау

Сабақтың мақсаты: Үзіндіні көбейту, үзіндіні өшіру, үзіндіні бейнелеу, немесе бұру тақырыптарын түсіндіру.

1)Сурет салып, оны көбейту, өшіру, бұру әрекеттерін

орындау тәсілдерін үйренеді.

2)Өз күшіне сенуді, өз бетімен жұмыс істеуді

дамытады.

3)Өз ұлтының ұлттық ою-өрнектеріне деген

сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, эстетикалық

көзқарасқа тәрбиелейді.



Сабқтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнері, информатика.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау. РР слайдтарда көрсетілген саймандар панелінің батырмаларының қызметі сұралады.

  1. қарындаш




  1. Құю құралы, тұйық контурдың ішін фон түсімен бояйды.




  1. Масштаб құралы




  1. Қисық, тегістелген сызықтар салуға қолданылады.



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Үзіндіні көбейту.

Paint графиктік редакторын іске қосамыз. Құрал саймандар тақтасындағы батырмасын пайдаланып, төртбұрыш саламыз. Төртбұрышты көбейту дегеніміз –экранда тышқанның нұсқағышын жылжыту арқылы оның көшірмелерінің тізбегін жасау деп ұғамыз. Shift пернесін басу арқылы үзіндіні сурет салу аймағында көбейтуге болады.

Үзіндіні өшіру. Үзіндіні бірнеше әдіспен жоюға болады:

1-ші әдісі: Үзіндіні белгілеп алып, Правка Очистить выделение командасын орындау;

2-ші әдісі: Правка Вырезать командасын орындау. Бұл жағдайда сурет буферге көшеді.

3-ші әдісі: Рисунок →Очистить командасын орындау.

Үзіндіні бұру. Отразить→Повернуть командасының көмегімен 90, 180, 270 градусқа бұруға болады.



Сурет берілді ол 270 градусқа бұрылды.





Отразить сверху вниз



Отразить слева направо
«Қошқар мүйіз» ою -өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем т.б түрлерінде кездеседі.

ІУ.Жаңа тақырыпты бекіту.

Тапсырма -1. Тапсырмалармен жұмыс жасайды. «Текемет» жасап көрейік. Алдымен «қошқар мүйіз» оюды қарындаштың көмегімен салып аламыз. Оны төрт рет көбейтеміз. Әр оқушы әр түрлі түспен бояйды.

Тапсырма -2.

  1. Тіктөртбұрыш сызыңыз.

  2. Оны қызыл түспен ояңыз.

  3. «Қошқар мүйіз» оюын салып, оны сары түспен бояңыз.

  4. Сол төртбұрыштың ішіне жағалай бірнеше рет көшіріп шығыңыз.



V.Жаңа тақырыпты қорытындылау.

VI.Бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру. «Төртқұлақ», «Үшқұлақ» оюының суретін дәптерлеріңізге салып келіңіздер.


Тлегенова К.Ж


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет