Сабақтың тақырыбы : Эпиграфтар ( тақырып мазмұнын ашатын )



бет1/2
Дата13.12.2023
өлшемі20.91 Kb.
#486356
түріСабақ
  1   2
адалдық адамдық


Бекітілді:
ДТІЖО_________А.К.Альжанова.
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Адалдық – атадан қалған мұра»

Күні

09.10.2023 ж

Сынып жетекші:

Қыдырашева А.

Сынып: 11

Қатысушылар саны: 4

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге.»
Абай



Сабақтың мақсаты:

Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру және Адалдық,шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету.

Құндылықтарды дарыту

Адал,шыншыл болуға тәрбиелеу.

Ресімдеу

Презентация,

Музыкалық және бейне көркемдеу

Слайд.

Үлестірмелі материалдар

Суреттер, буклет

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация, суреттер

Дайындыққа арналған әдебиет

ғаламтор материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Құрметті оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Адалдық – атадан қалған мұра»
Ары таза адал адам мінді өмір сүреді.Оның ішінде Отанына,отбасына,қоғамға адалдық адамның өзіне,өзгеге,болашаққа деген сенімен арттыра түседі.
Адалдық әр адамның өзін де,өзгені де сыйлауын көрсетеді.
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. “Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.– Шыншылдық, турашылдық – өлмес рух пен арлылықтың, адалдықтың алғышарты. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз.
Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады. Әл-Фараби
Шешен кісі сөз бастар, Адал кісі - ел бастар. Жамбыл Жабаев
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Мұхтар Әуезов
Ойың адал болғанмен, орындағаның олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың. Ғабит Мүсірепов
Асыл қасиет – адалдық, асысл міндет – адалдық. Максим Горький
Адалдық қайда болса, тіршілік сонда. Қаюм Насыри
Жақын болудың бірінші шарты – адалдық. Михаил Пришвин
Адалдық танытатын адамға да адал бол. Плавт Тит Макций
Адал болғың келсе, жаныңда адал достар болсын. Менандр
Адалдық ұмытылса, ақыл мен ерлік – бос дыбыс. Вишакхадатта
Сүйіспеншілік пен құрмет адалдыққа әкеледі. Габриэль Оноре Марсель
Адалдық – өмірден қымбат. Ф. Шиллер
Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол. Т. Фуллер

Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.




презентация

Сабақ басы (13 мин)

  1. Видео – ролик (адалдық туралы)

Бейне таспаны көріп болғаннан кейін оқушылар не көргендері туралы өздерінің ойын пікірлерін білдіреді.
Қазір «Ашық микрофонға» шығып, өз білімімізбен бөліселік:



Оқушылар бейнеролик қарайды, өз ойларын айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет