Тақырыбы: Ар-ұждан Күні



бет1/2
Дата25.03.2024
өлшемі21.28 Kb.
#496469
  1   2
Ар-ұждан

Тақырыбы: Ар-ұждан


Күні 29.09.2023.
Мақсаты: «Ар» ұғымының адамгершілік құндылық ретінде мәнін ашу.
Міндеттері: ұят, ар, намыс туралы түсінік беру; сыпайы қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту; ұяты бар, арлы бала болуға тәрбиелеу.
Адамның жеке басы дегеніміз — оның кісілігі.
Ал, кісілік дегеніміз — адамның абыройы, беделі, дәрежесі. Бұның бәрінің ұйытқысы — әдептілік. Ендеше, адам өзінің өмір сүру салтын, ғұмыр кешу жолын осы әдептілікке негіздеуі керек. Әдептілік адамның жеке құлқын жолға қояды, оны қоғамға пайдалы адам етіп шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда адамдардың коғамдық өмірі осыған байланысты болып келеді. Яғни, қоғам жеке адамдардың жақсы болуын қалайды. Ал, адамды жақсы ететін — әдеп. Бізде «ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі?
«Шәкәрім» энциклопедиясында А. Тоқсамбаева: «Ар - адамгершілік сана, этика - философиялық категория. Адамгершілік қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым - өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қасиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді.
Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Адам өз бойындағы ең асыл құндылық иман, ар - ождан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғау, ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе ол шын мәніндегі намысты тапқаны күмәнсіз. Бүгінгі ар, ұят тақырыбына келсек
Қандай адам — ұятты?
Инабатты адам - ұятты.
Сыйлы адам - ұятты
Сабыр ойлы адам - ұятты
Абыройлы адам - ұятты.
(Балараға сұрақ)
Ұят дегенді қалай түсінесіңдер?
Инабатты адам деп кімді айтамыз?
Сыйлы адам деп кімді түсінесіңдер?
Сабырлы адамды не үшін ұятты, деп айтады?
«Ойлы - ұятты», «абыройлы - ұятты» дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары.
Өсиет әңгіме
Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен - кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды. Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, — деді Ұят.
Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың ағаттық істеріне жауапкершілікті сезіндіремін - дейді Ар.
Сонда Намыс тұрып: Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныпты, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілігін сезіндіремін, - дейді.
Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп: О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың - адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам - нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді - бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар деп бата беріпті. Содан бері намыс - ағасы, ар - інісі, ұят - кіші інісі болып, бірге өмір сүреді екен. Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып, арлы бала намысшыл бала болып өседі» деген осыдан қалған екен.
Ұят, ар, намыс сендерге не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Үлкендердің сендерге «ұят болады» деп қандай жағдайларда айтқанын естеріңе түсіріңдер және айтып беріңдер.
Балалардың жауаптары.
Дәйексөз
«Ар, ұяттың анасы - әдептілік» халық даналығы
Ұят, ар адамды әдепті, ізетті болуға жетелейді. Адам кейде өзінің бір оқыс қылықтарына, тұрпайылық көрсеткеніне, дұрыс істемегеніне ұялады. Ұялудың өзі жақсы қасиет. Ал оны болдырмау одан да жақсы.
Шие тергенде
Әмина әже немерелері Жанат пен Қанатты ертіп, шие теруге орманға келді. Көп ұзамай - ақ қалың шиеге кезікті. Жанат терген шиесін қолындағы ыдысқа салса, Қанат шиесін тойғанша жеп, сонан соң өз бетімен ойнап кетті. Таза ауада әрі жақсы демалып, әрі шиеге тойып, олар үйлеріне көңілді оралды. Жанат ыдыстағы шиесін атасына ұсынып жатып:
Ата, мына шиені әдейі сіз жесін деп, орманнан теріп әкелдім, — деді.
Көп жаса, Жанатжан, — деді атасы бір шиені алып, аузына салып.
Өскенде сен мені асырайды екенсің.
Өзің де же, Жанатжан, — деді ол бір кезде.
Ата, біз шиені орманда тойғанша жедік
«Ас иесімен тәтті» — дейді халық. Сен көмектеспесең, мен жалғыз өзім тауыса алатын емеспін.
Қанатжан, сен неге отырмайсың, — деді атасы, босаға жаққа тұрып қалған Қанатты көріп, — Жанаттың шиесін же
Қатты ұялған Қанат көзі жасаурап, сыртқа ата жөнелді.
Қанат қандай әрекеті үшін ұялды?
Қанат осы әрекетін қайталамайды деп ойлайсыңдар ма?
Неліктен? Әңгімені өз ойларыңмен қалай аяқтар едіңдер?
Қорытынды — Балалар, бүгінгі сабақтан ар, ұяттың нағыз адам болып өсуге тигізетін пайдасы көп екенін түсіндік. Ұяты жоқ, өзінің ағаттық істеріне ұялмайтын балаларға үлкендер ренжиді. Оның болашағы үшін нағыз адам болуы қиын - ау деп қиналады. Ал ұяты бар, арлы балалардың болашағынан үлкендер көп үміт күтеді. Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық.
Ата - бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар - ұяты бар адамның бет - бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар - ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет