Сабақтың тақырыбы : Көпұлтты Қазақстан. Қазақстан қалалары (5 класс) Мыс-тас тас ғасыры



Дата05.07.2016
өлшемі157.98 Kb.
#180323
түріСабақ
Аяпова Жұмагүл Исағалиқызы

Ақтөбе қаласының №1 орта мектебінің

жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Көпұлтты Қазақстан. Қазақстан қалалары (5 класс)

Мыс-тас тас ғасыры ( энеолит) (6 класс)

Сабақтың мақсаты:

1. Қазақстанның көпұлттылығы және қалаларының тарихы, мысты тас ғасырының ерекшеліктерімен таныстыру;

2.Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту;

3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, бірлікті сақтауға тәрбиелеу, әдемілікке баулу.



Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ –жауап, салыстыру, талдау, кесте құру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тізбектер

Сабақтың барысы:

І. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

БАҒДАРЛАУ – МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ

Қызығушылығын ояту

5 класс 1. Хронологиялық кесте құрыңыздар 6 класс

«Тәуелсіз Қазақстан» «Тас дәуірі»
2. - «Ұлт», «этнос» сөздеріне түсінік беріп көр. «мыс-тас» сөзінің мағынасы не?

Екі сөздің айырмашылығы неде?



ІІ. САРАЛАНҒАН БӨЛІМ

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ – ОРЫНДАУШЫЛЫҚ КЕЗЕҢ

Тапсырма №1

5 класс Суретпен жұмыс

- Суретте бейнеленген қалалардың аттарын атаңыз. Оның тарихын білесіз бе?



6 класс Тізбекті аяқтаңыздар:



Тапсырма № 2

5 класс Сөздік жұмыс

Этносбелгілі бір аумақта тұратын, тілі мен ділі, шығу тегі ортақ ұлт.

Диаспора - өз елінен тыс жерде өмір сүретін этностық топ.
- Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттардың аттарын жазыңыздар.
6 класс Оқулықпен жұмыс

«Мыс-тас ғасырының ескерткіштері» тақырыбынан тұрақтарды оқып, сипаттамасын баяндаңыздар.

«Ботай тұрағы» «Шебір тұрағы»

ІІІ. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

РЕФЛЕКЦИЯЛЫҚ – БАҒАЛАУ КЕЗЕҢ

ТАПСЫРМА № 3

5 КЛАСС

1. «Қалаларға саяхат» ойыны

Картадан ірі қалаларды даярлап, сол бойынша оқушыларға ол қаланың аталуының мағынасын және сипаттамасын даярлатып, тізбектей тақтаға шығару.

Мысалы: «Келесі аялдама – Түркістан қаласы. Түркістан тарихи мәдениеттің орталығы. Онда ортағасырлық архитектураның тамаша үлгісі болатын Қожа Ахмет Яссауидің мавзолейі бар...»

6 класс 1.Шығармашылық тапсырма

Кестені толтырыңыздар:

тас дәуірінің кезеңдері

хронологиялық ауқымы

жаңалықтары мен табыстары

қоғамдық құрылымы














6 класс 2. Кестені толтыру: «Не білемін? Не білдім?»

Қосымша материал: «Ғалымдар ежелгі тас және мыс балталардың дәл үлгілерін дайындады. Жуандығы бірдей екі қарағай таңдап алды. Сағаттағы уақыт анықталды да тәжірибе басталды. Екі «ағаш шабушы» қарағайды құлатуға тырысты, алайда тас балтамен бұл он бес минутта, ал мыс балтамен бес минутта атқарылды».

5 класс 2.Қазақ халқының өсуіне кері әсер еткен оқиғаларды жазыңыздар.

Бағалау: Өзін-өзі бағалау парағы – 5 класс

27-25 ұпай – «5

24 - 20 ұпай – «4

19- 15 ұпай – «3


Өзін-өзі бағалау парағы – 6 класс

25-20 ұпай – «5

19- 15 ұпай – «4

14- 13 ұпай – «3


Үйге тапсырма :

Мәтінді оқу. Өз ұлтыңыздың салт-дәстүрлері туралы жазыңыздар және мәлімет жинақтаңыздар. (5 класс)

Мәтінді оқу. Энеолит дәуірінде жасалған зергерлік бұйымдардың суретін салыңыздар.

(6 класс)

Сабақтың тақырыбы: Тарихи карта (5 класс)

Орта тас ғасыры ( мезолит) (6 класс)

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға картаның шығу тарихымен, әр кезеңдерде картаны пайдалану түрлерімен, мезолит заманының өзгерістерімен таныстыру;

2. суреттермен жұмыс жасай отырып, есте сақтау қабілетін дамыту;

3. Оқушыларды еңбекқорлыққа, бірлікке, білімділікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ –жауап, салыстыру, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тізбектер, портрет.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, география.

Сабақтың барысы:

І. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

БАҒДАРЛАУ – МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ

Қызығушылығын ояту



  • Суреттерде не бейнеленген?

  • «Карта» сөзінің мағынасы не?

  • Картаның түрлерін жазыңыздар




Географиялық саяси тарихи экономикалық


  • Картаны тас дәуірінде адамдар қажетті жердің бағыт-бағдарын өздерінше белгілеп отырған екен.

ІІ. САРАЛАНҒАН БӨЛІМ

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ – ОРЫНДАУШЫЛЫҚ КЕЗЕҢ

5 класс Оқулықпен жұмыс

«Карта тарихы» тақырыбын өз бетінше оқу



Тапсырма № 1 алғашқы карталарды авторымен қоса дәптерге жазыңыздар:

  1. Геродот кескін картаның жобасын жасады.

  2. Птолемей б.з.б. ІІ ғ. «География» кітабында 26 мемлекеттің аумағын қамтыған карта жасады.

  3. Әл-Хорезми «Жер жайындағы кітап»

  4. Махмұт Қашқари қазақ жерінің саяси-этностық тарихы туралы карта жасады.


6 класс Суретпен жұмыс

- Суретте не көріп отырсыздар? Сипаттаңыздар.

- Екінші суреттегі құралдар қай кезеңге келеді деп ойлайсыздар?

Тапсырма № 2

5 класс Топтық жұмыс (Класты үш топқа бөлу)

Әл –Идрисидің картасымен танысыңыздар. Әр топ өзбеттеріңізше өздеріңіз тұратын қаланың ( ауылдың) картасын басқа адамдарға таныстыру үшін сызбасын сызыңыздар.


6 класс Тізбек құрыңыздар: «Орта тас ғасырының ерекшеліктері»

ІІІ. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

РЕФЛЕКЦИЯЛЫҚ – БАҒАЛАУ КЕЗЕҢ

Тапсырма № 3

5 класс 1. Тест

  1. Жердің шар тәрізді екенін қай елдің ғалымдары анықтады?

А) Ежелгі Қытай В)Ежелгі Грекия С)Ежелгі Египет Д)Ежелгі Вавилон


  1. 26 мемлекттің картасын жасаған ғалым

А) Геродот В)Әл-Хорезми С)Птолемей Д)Карпини


  1. Діни көзқараста жасалған карталар қалай аталады?

А)монастырлық карта В)діни карта С)шіркеу карталары Д)храмдық карталар


  1. Әл-Хорезмидің карталы еңбегі қалай аталады?

А)«Тарих» В)«География» С)«Үлкен сызба кітабы» Д)«Жер жайындағы кітап»


  1. ХҮІІ ғ. С.Ремезов қандай кітабында тұңғыш рет Қазақстанды атласқа түсірді?

А)«Үлкен сызба кітабы» В)«Сібірдің сызба кітабы» С)«Жылнамалар жинағы»

Д) «Жер жайындағы кітап»




  1. Ыстықкөлді алғаш топографиялық картаға түсірген кім?

А)Ш. Уәлиханов В)Әл-Фараби С)М.Қашқари Д)И. Ренат

  1. Мемелекттің аумағы мен асатанасы, шекарасы көрсетілген карта қалай аталады?

А)тарихи В)саяси С)географиялық Д)физикалық

2. «Бұл кім?» Қазақ жерін зерттеуде оның еңбегі қандай?



6 класс «Қоғамдық өзгерістер» тақырыбында суретке қарап, әңгіме құрастырыңыздар

Тапсырма № 3

  1. класс Айырмашылығын табыңыздар «Егіншілік пен мал шаруашылығы»

Бағалау: Өзін-өзі бағалау парағы – 5 класс

27-25 ұпай – «5

24 - 20 ұпай – «4

19- 15 ұпай – «3



р/с

Тапсырмалар

Мұғалім берген ұпай саны

Оқушының жинаған ұпай саны

Баға

1

Алғашқы карталар

10







2

Сызба сызу

5




3

Тест

7




4

Бұл кім?

5







Барлығы

27




Өзін-өзі бағалау парағы – 6 класс

25-20 ұпай – «5

19- 15 ұпай – «4

14- 13 ұпай – «3



р/с

Тапсырмалар

Мұғалім берген ұпай саны

Оқушының жинаған ұпай саны

Баға

1

Суретпен жұмыс

10







2

Тізбек құру

5




3

Әңгіме құрастыру

5




4

Айырмашылығын табу

5







Барлығы

25




Үйге тапсырма :

Мәтінді оқу. Өз қалаларыңыздың тарихы тақырыбында шағын әңгіме жазыңыздар. (5 класс)

Мәтінді оқу. Мезолит еңбек құралдарының сипаттамасын жазу. (6 класс)


Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі (5 класс)

Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі (6 класс)

Сабақтың мақсаты:


  1. Сақтардың жеріне басқа халықтардың шабуылы олардың қажырлы азаттық күресіне себеп болғандығын түсіндіру;

  2. Өзіндік ой-өрістерін қалыптастыру үшін қосымша деректерді пайдалану, оқиғаларды өз бетінше талдау жасай білуге үйрету;

  3. Жерін, елін қорғаған ер жүрек сақ тайпаларының ерлігіне оқушылардың көңілін аудара отырып, олардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: карта,тірек-сызба, суреттер

Күтілетін нәтиже: Оқушылар сақтардың жаулары жүргізген шапқыншылық жорықтары

туралы танысып, картадан көрсете алады.

Томирис патшайымның жүргізген саясаттарымен ,келісімдерімен танысып,

ой бөлісе алады.

Сақтардың өз жерін қорғаудағы ерлік істерін оқып, үлгі алады.

Сабақтың барысы:

І. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

БАҒДАРЛАУ – МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ

Көрнекілік стратегиясы.

Сурет: «Томирис» (А.Дүзелхановтың картинасы). «Алтын адам» мұражайдағы дерек.

Оқулықтан тыс материал

- Оқушылар тақтадағы суреттерге көңіл бөлейікші.

-Бұл суретте нені көріп отырмыз және олар туралы не білеміз?

(Оқушылардың пікірілерін тыңдау).

Қосымша материал («Қазақ тарихы» журналы 2004/3 нөмірінде):

Бірінші «Алтын адам» Есік қорғанынан табылған. Б.э.б ІV ғасыр жәдігері. Зерттеуші тарих ғылымдарының докторы Кемал Ақышев.

Екінші «Алтын адам» 1999 жылы Атырау өңіріндегі Аралтөбе қорғанынан табылды. Б.д.д.ІІІ ғ.жәдігері деп шамаланған бұл «Алтын адам» ғалымдардың айтуынша, сарматтардың көсемі. Оғын дәлел- көсемнің өзімен бірге жерленген болат семсері. Аралтөбедегі «Алтын адамды» тапқан белгілі археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Зейнолла Самашев.

Үшінші «Алтын адам» 2003 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті жазығындағы көне қорғанынан табылды. Бүл жәдігерді тапқан археологиялық экспедицияның жетекшісі тарих ғалымдарының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаев.


Кесте арқылы мазмұнын баяндау:

САҚ ТАЙПАСЫ



әскери демократия халық жиналысы мемлекет басшысы – патша

- жауынгерлер – қызыл түс - көктемде алғашқы жерге соқа салушы

- абыздар – ақ түс

- қауым мүшелері сары, көк түс - малшының үйретуші ұстазы

- аспан мен жер астындағы дәнекерлеуші

Сақ тайпалары: Парадараия (Қара теңіз, Сырдарияның төменгі ағысы, Амудария)

Тиграхауда (Тянь - Шань, Жетісу)

Хаумаварга ( Мурғаб (Түркменстан))

Сақтардың басқа елдердегі атауы: - Азиялық скифтер

Парсылар – Құдіретті еркектер

Ирандықтар – Жүйрік атты турлар

Тарихи деректер: Геродот – «Тарих»

І Дарий - «Бехистун»

Страбон

Шаруашылығы: Көшпелі мал шаруашылығы – жылқы өсірді.

Жартылай мал шаруашылығы – балық аулады.

Отырықшы мал шаруашылығы

Мәдениеті: «аңдық стиль»

Зергерлік өнер

Ағаш бұйымдары

Металл өңдеу



Тілі: шығыс ирандық

Діні: Анимизм – негізгі ата – баба аруағына сыйыну

Тотемизм – мәйітті сақтау үшін бальзамдау, мумиялау.

Магия – мәйіттерге қызыл бояу жағу, қабір басына от жағу.

  • Картадан сақтардың орналасуын көрсетіңіз.

ІІ. САРАЛАНҒАН БӨЛІМ

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ – ОРЫНДАУШЫЛЫҚ КЕЗЕҢ

Тапсырма №1 5-6 класс 1. Оқулықты қосымша деректерді пайдалана отырып, сақтардың жауынгер халық екенін дәлелде.
Тапсырма № 2. 5 класс Кестені толтырыңыздар: «Мағынаны тану».

р/с

Не болды деп ойлайсыз?

Қандай дәлеліңіз бар ?

Не болды?

1

Томириске келіп елші хабарды айтады.

Томирис келіспеуі мүмкін.



Кирге сақтардың жері керек екенін түсінеді.

Себебі: Томиристің өзі патшайым.



Кир ашулануы мүмкін. Қайта елші жібереді. Не болмаса соғыс ашам деп қорқытуы мүмкін.

2

Үлкен әскермен келу.

Сақтардың жауынгер халық екенін біледі.

Сақтар жеңеді.


Тапсырма № 3. «Тайпа көсемін сайлау»әңгіме құрастырыңыздар.

Тапсырма №4. Абайдың «Ескендір» поэмасынан үзінді оқу, талдау.

6 класс

Тапсырма №2. Кестені толтырыңыздар: «Мағынаны тану».

Не таң қалдырды?

Неге?

Томиристің Кирдің басын кесіп алып, қан толы торсыққа батырып «Сусының қанғанша іш» дегені.

1.Әйел бола тұрса да,баласы үшін кек алуы.

2.Әйел-ананың осындай іске баруы.




Тапсырма № 3. Оқулықтағы Геродот пен Страбон еңбектеріне сүйеніп, сақтардың шаруашылығы мен тұрмысын сипаттаңыздар. (Оқулық тағы 61-бет)

Тапсырма № 4. Тірек –схемалар арқылы сабақ түсіндіру.

А. Македонский Б.з.б. ІҮ Орта Самарқанды

жаулап алған жер Азияға басып кірді жаулап алды


А Македонскийдің Сырдарияның Сақтар А.Македонскийдің Шығысқа қарай

ар жағында сақ тайпаларына жасал- жүретін жолын бөгеді

ған жорығы сәтсіз болды

Сақтар өз жерін,тәуелсіздігін

қорғап қалды

Тапсырма № 5. Картамен жұмыс

-Сақтар қарым-қатынас жасаған мемлекеттерді көрсету.

-Александр Македонскийдің жорығын картадан көрсету.
ІІІ. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

РЕФЛЕКЦИЯЛЫҚ – БАҒАЛАУ КЕЗЕҢ

5-6 класс Оқулықпен жұмыс

Тапсырма №1. «Мына сөздерді кім айтқан?» мәтіннен табыңыздар.

«Не мақсатпен сен осындай ұлт патшаны алдап,ұшқан құс,жүгірген аңы жоқ шөл далаға әкеп, оның қалың әскерін қырғынға ұшыратпақсың?».


Тапсырма №2. «Жеңіске жетті деген осы,отандастарымның басына үйірілген қасіреттің қара бұлтын кері серпіп, сендерді шөл мен аштыққа әкеп қамадым. Енді қайда барсаңдар да,табатындарың ажал»
Тапсырма №3. Сақ қоғамында өмір сүрген үш тобын жаз.

    1. _____________________________________________________________

    2. ______________________________________________________________

    3. _____________________________________________________________


5 класс Тапсырма №4. «Шырақтың ерлігі»тақырыбында әңгіме құрастырыңыздар.

6 класс Тапсырма №4 «Тарихи бас қатыру» ойыны.

Төменде тарихи тұлғалардың аты-жөні кетірілген. Онда әріптер тәртібі бұзылған. Сонымен бірге әрбір сөзде басы артық әріп бар. Берілген адамдардың атына сәйкес әріптердің дұрыс тәртібін қалпына келтіру талап етіледі, ал артық әріпті оң жақтағы қатарға орналастыру керек, дұрыс орындалған тапсырма тігіннен оқығанда тағы бір тарихи адамның есімін оқуға мүмкіндік береді.



Ш-ИРКШ-Кир

Ы-ИСИРМТОЫ- Томирис

Р-ПАСПАРГР- Спаргап.

А- АИРИАД- Дарий.

Қ- ҚРДАЛЕНАСК –Александр

5 Мәтіндегі қатені тап.

Жазба деректер материалдары сақтар киімін елестетуге мүмкіндік береді. Әйелдер теріден немесе қарапайым жүн матадан тігілген кең шалбар, жағасыз ұзын шекпен киіп, оған алтынмен немесе қоламен безендірілген ауыр қола тағалы жалпақ белдік тақты. Басын шошақ немесе киізден жасалған дөңгелек бас киім, аяғына - өкшесі жұмсақ етік киді.
Бағалау: Өзін-өзі бағалау парағы.

5 класс Әр тапсырмаға 5 ұпайдан беріледі.

60-55 ұпай – «5

54-45 ұпай – «4

44-30 ұпай – «3






Тапсырмалар

Мұғалім берген ұпай саны

Оқушының жинаған ұпай саны

Баға

1

Қосымша дерекпен жұмыс

5







2

Мағынаны тану

15




3

Әңгіме құрастыру

5




4

Үзіндіні талдау

5




5

Авторды тану

10




6

Сақ топтарын табу

15




7

Әңгімен құрастыру

5







Барлығы

60






6 класс Әр тапсырмаға 5 ұпайдан беріледі.

100-90 ұпай – «5

89-80 ұпай – «4

79-55 ұпай – «3


Үйге тапсырма: 5 класс «Сақтардың ерлігі»тақырыбында эссе жазу.

6 класс А.Македонский (Ескендір Зұлқарнайын)туралы мағлұматтар жинау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет