Оңтүстік Қазақстан облысы,Түлкібас ауданы,
С. Бреусов атындағы жалпы орта мектебі.
Ашық тәрбие сабағы.
Мен өскенде кім болам?
Сыныбы: 4«А»
Пәні: Қазақ тілі
Мұғалімі: Турлиева Жанат Жанабайқызы.
Шақпақ баба ауылы.
Сабақтың тақырыбы : Мен өскенде кім болам ?
Сабақтың мақсаты :
Оқушыларды мамандық түрлерімен және маман иелерімен таныстыра отырып мамандық таңдай білуге үйрету . Кәсіптік бағдар беру
Жоспар :
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Жүректен жүрекке . (тренинг )
-
Сөзжұмбақ шешу
-
Мен өскенде кім болам ?
-
Ойын « Балықшы »
-
Ән шашу
-
Ойын « Кім не істейді ? »
-
Қорытындылау.«Біз болашақта...»
Тренинг : Сәлеметсіңдер ме , балалар ! Біз бүгін сендермен бірге «Мен өскенде кім болам ? » - атты ашық тәрбие сабағын өткізгелі отырмыз . Біз сабақты «жүректен жүрекке » - атты тренингпен бастайық .
(Әр бала жылы лебізін айту арқылы қолындағы гүлді көршілес балаға ұсынады)
-Балалар тақтаға қарайықшы , сендерге сөзжұмбақ жасырыныпты , қане шешіп көрейік .
1)Ала таяқ ұстаған ,
Жол тәртібін нұсқаған .
Өміріңді күзеткен ,
Ысқырығы күшті адам . ( милиционер )
2 ) Бал тамған мәзір ,
Ол бар жерде әзір . (аспаз )
3)Оқу білім бағдары ,
Заманының бағбаны . (мұғалім )
4)Өскен шашты жаратпаймын ,
Қайшым бар жалақтайтын .(шаштараз )
5)Келіп баған қасына ,
Өрмеледі басына .( Монтер )
6) Еңбек орны танабы ,
Сүйікті әні дала әні .
Егін салып мәпелеп ,
Асырайды қаланы , (дихан )
7)Өңкей сығай екі топта ,
Таласып жүр бір допқа . (футболшы )
8)Күміс қанат сұңқары ,
Көкке еркін сүңгиді .
Бұлттан да тым әрі ,
Кеткен жанды кім дейді . (ұшқыш )
- Ал енді оқыңдаршы балалар қандай сөз шықты .
- Мамандық деген сөз шықты .
- Мамандық дегеніміз не балалар ?
- Мамандық дегеніміз кәсіптің түрлері .
- Ал сендер мамандықты қайдан көріп жүрсіңдер ?
- Үйдегі ата – аналарымыздан , мектептен көріп жүрміз .
- Жарайсыңдар балалар , шынында да біздің мектебімізде толып жатқан мамандық иелері бар . Олар кітапханашы , мұғалім , есепші , электрик , тазалықшы , дәрігер т. б .көптеген мамандық иелері бар .
- Ал енді , тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен өскенде кім болам » - деп аталғандықтан , өскенде кім боламыз ? –осыған тоқталайық .
- Арай өскенде кім болғың келеді ?
-Техника тетігін , мен өмірге келтірдім .
Мен ерітіп құйғанмын , металдардың не түрін .
Металлург ер маман , бас иеді ел маған .
-Мен өскенде металлург болғым келеді . Біздің ел басымыз Н . Ә . Назарбаевта кішкентай кезінде , біз сияқты мұғалімнен дәріс алып , жоғарғы оқу орнына түсіп , ең алғашқы жұмысын темір балқытудан бастаған .
-Ой жарайсың Арай , сенің де Нұрсылтан атамыздай болашақта ел басқарып ,
ел басы болуыңа тілектеспіз .
-
Енді металлург мамандығын толығырақ түсіну үшін тақтаға назар аударайық .(Слайд көрсетіледі )
-
Малика , сен өскенде кім болғың келеді ?
-
Мен өскенде тілші болғым келеді .
-
Тілшілер не істейді ?
-
Тілші болу үшін көп еңбектену қажет , өлең оқып , тілдерін жаттықтырады .
-
Мен сіздерге Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтан ба ? » - атты өлеңін оқып берейін .
Ғылым таппай мақтан ба
Ғылым таппай мақтан ба ,
Орын таппай баптан ба ,
Құмарланып шаттан ба ,
Ойнап босқа күлуге .
Бес нәрседен қашық бол ,
Бес нәрсеге асық бол .
Адам болам десеңіз .
Тілеуің , өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз .
Өсек , өтірік , мақтаншақ ,
Еріншек , бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның , білсеңіз .
Талап , еңбек , терең ой ,
Қанағат , рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз .
Жамандық көрсең нәфрәтлі ,
Суытып көңіл тыйсаңыз .
Жақсылық көрсең ғибрәтлі ,
Оны ойға жисаңыз .
Абай :
Ел деп соққан жүрегі ,
Ұлы отанның түлегі .
« Полиция » қорғаның ,
Тыным таппай жүреді .
-
Мен өскенде полиция қызметкері болғым келеді .
Дәрігер :
Мен дәрігер боламын ,
Үлкеннің де баланың .
Қиналғанда қасына ,
Бірінші боп барамын .
Лилия :
Біз дәрігер , дәрігер ,
Ауруды емдеп жазамыз .
Науқас келсе әбігер
Боламыз да қаламыз .
Ұстаз : Бекжан .
Ұстаз болу – жүректің батырлығы ,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы .
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы ,
Азбайтұғын адамның алтын дығы .
-Мен өскенде ұстаз болуды армандаймын .
Наубайшы : Аида .
Ей балалар , балалар ,
Болмаңдар сірә нанға тар .
Өмірдің алтын арқауы ,
Бар қасиет нанда бар .
Нан қиқымын шашпаңдар ,
Жерде жатса баспаңдар .
Теріп алып қастерлеп ,
Торғайларға тастаңдар .
-
Мен өскенде наубайшы болып , неше түрлі тәтті нандар пісіргім келеді .
Кристина :
Өскен шашты жаратпаймын ,
Қайшым бар жалақтайтын .
- Мен өскенде шаштараз болғым келеді .
Дильназ :
Алға қойған мақсатпен ,
Армандарым көп менде .
Шыр көбелек айналар ,
Биші болам өскенде .
-
Ал олай болса , мың бұралған биші қыздарымыз қазақтың «Қара жорға » биін билеп береді, қабыл алыңыздар.
Би : «Қара жорға » .
«Балықшы » - ойыны .
Шарты :
Оқушылар бір – бірден шығып аквариумдегі балықтарды аулай бастайды . Ал ол балықтардың әр қайсысында сұрақтар жасырынған . Оқушылар балықтарды аулай отырып , сұрақтарға жауап береді . Сұраққа жауап бере алмаған оқушы балықты қайтадан суға жіберуі тиіс .
-Ал балалар , біз бүгін балықшы да болдық , биші де болдық , ал енді әнші болайық .
Жақында ғана қандай мерекені атап өттік ?
-Ұстаздар мерекесін .
-Өте жақсы балалар , ендеше ұстаздарға деген құрметпен орнымыздан тұрып , «Ұстазым » әнін орындап берейік .
Ән «Ұстазым »
Сабақты бекіту :
Балалар , Ыбырай Алтынсарин атамыз болашақты жақсы болжай білген десек артық айтпаған болар едік . Оны Ыбырай атамыздың мына өлеңінен байқауға болады .
Өнер білім бар жұрттар .
Лилия .
Өнер білім бар жұрттар ,
Тастан сарай салғызды .
Айшылық алыс жерлерден ,
Көзіңді ашып жұмғанша
Жылдам хабар алғызды .
Аты жоқ құр арбаны ,
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды .
Сәния .
Адамды құстай ұшырды ,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді ,
Сусыздан сусын ішірді .
Теңізде жүзді балықтай ,
Дүниені кезді жалықпай .
Білгендерге осылар ,
Бәрі дағы қанықтай .
Ойын: «Кім не істейді ? »
Қорытынды :
« Біз болашақта » ... .
-
Балалар өскенде кім болғыларың келеді ? Өз ойларыңнан айнып қалған жоқсыңдар ма ?
-Апай «Мен өскенде кім болам » - деген сұраққа жауап ретінде өз ой , арман , тілектерімді мына кітапшаға жазып қойдым – деп оқушылар өздері жасаған кітапшаларды тақтаға келіп іледі .
Мұғалім :
Болмасаң да ұқсап бақ ,
Бір ғалымды көрсеңіз .
«Ондай болмақ қайда ? » - деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз – деп Абай атамыз айтқандай , алға қойған мақсаттарыңа жетуге ұмтылып , елге қажетті мамандық иесі болуларыңа тілектеспін дей отырып , «Мен өскенде кім болам ? » - атты ашық тәрбие сабағын аяқтаймыз . Қош сау болыңыздар .
Достарыңызбен бөлісу: |