Сабақтың тақырыбы №12-сабақ. Азиада алауы. Сабақты және салт етістік



бет1/2
Дата07.02.2024
өлшемі25.12 Kb.
#491113
түріСабақ
  1   2
12-сабақ. Азиада алауы. Сабақты және салт етістік


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар
бөлімі: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.

Мектеп: Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш»
мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кезембаева Зауреш Жамбылтайкызы

6-сынып Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

№ 12-сабақ. Азиада алауы. Сабақты және салт етістік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау;
ӘТН4. Етістіктің етіс түрлері мен салт, сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.

Бағалау критерийі

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
Детальді ақпаратты анықтайды;
Салт, сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз






Оқушыларды сабақтың мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру


Мағынасына қарай

Салт етістік

Сабақты етістік

Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді. Салт етістіктер: барыс, жатыс, шығыс, көмектес септігіндегі сөздермен тіркесуі мүмкін, бірақ табыс септігіндегі сөзбен байланыспайды.
Мысалы: үйге кел, үйден шық, үйде отыр, үймен хабарлас, үй өртенді.

Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етеді. Кімді?нені? деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: хатты оқы, ақшаны сана, есепті шығар, шашыңды сана, төсекті сал.


1-тапсырма. Тыңдалым мәтіні.
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, детальді ақпаратты анықтаңыздар.
2011 жылы Қазақстанда тұңғыш рет VII Қысқы Азиада ойындары өтті.
VII Қысқы Азиада ойындарына әлемнің 27 елінен мыңнан астам спортшы қатысты. Жарыстардың бағдарламасына 11 спорт түрі енгізілді.
Қазақстан осы ойындарда қысқы Азиадада алтын медаль саны бойынша рекорд жаңартып, 32 алтын медаль иеленді және жалпыкомандалық есепте айқын басымдылықпен бірінші орынды жеңіп алды. Біздің құрамамыздың қоржынында 70 награда болса, оның 21-і күміс және 17-сі қола медальдар.
Екінші орынды 13 алтын, 24 күміс және 17 қола медаль алып, Жапония иеленді. Үшінші орынға 13 алтын, 12 күміс және 13 қола медаль алған Оңтүстік Корея ие болды. Төртінші орынды­ 11 алтын, 10 күміс және 14 қола медальмен Қытай алды.
Жарыстың барысын шетелдік 2 мыңнан астам журналист, ғаламшардың 500 миллионнан астам тұрғыны тамашалады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет