Пайзиева Мухтарам Исматуллаевна,
№105 Мукуми атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: а+6; а-6
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың а+6; а-6 өрнектерінің мәнін табу жолымен алған білім дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы:оқушылардың ой-өрістерін, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: оқушылардың жазбаша есеп шығаруға белсенділігін арттыра отырып, ұқыптылыққа, жинақылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: дидактикалық материалдар, суреттер, кеспе сандар, интерактивті тақта, слайдтар.
Түрі: қайталау
Әдіс-тәсілі: дамыта оқыту технологиясының элементтері
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
«Біз зейінді баламыз, сабақты ұғып аламыз» деп айту.
II.Үй тапсырмасын қайталау.
1.Сандар қатарын өсу ретімен санау
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
2.Кему ретімен санау
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0.
3. «Көршісін ата» ойыны (экраннан сан көрсетіледі, сол санның алдыңғы және кейінгі санды атайды)
(слайд№1)
9 ; 3 ; 1 ; 7 ; 6 ; 5 .
4.Логикалық ойын жұмбақ. (слайд№2)
а)Төрт қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады.
Аяқ нешеу, бас нешеу?
Жауабын кім табады? (4 бас, 8 аяқ )
ә)Балапанын көгалда,
Санай алмай тауық жүр.
Жетеуі жүр жүгіріп,
Үшеуі жем тауып жүр.
Қанша барлық балапан,
Санап берші, балақан? (10 балапан)
5.Сергіту жаттығуы. (слайд №3)
Бір, екі, үш қарлығаш боп ұш,
Төрт, бес, алты қарлығаш боп қалқы.
Жеті, сегіз, тоғыз, он
Қайта орныңа қон.
III. Жаңа сабақ.
1.Көркем жазу.( сандарды өсу ретімен жазады )
1,2,3,4,5,6,7,8,9.
2.Қызығушылықты ояту.(cлайд №4)
Суреттен 6 айырмашылығын тап.
3.Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма.Ауызша есептеу.
а+6; а=0, 2, 3, 4. а-6; а = 10, 9, 8, 6.
0+6= 6 3+6= 9 10-6= 9 8-6= 2
2+6= 8 4+6= 10 9-6= 3 6-6= 0
3-тапсырма.Тақтамен жұмыс.
а-1; а= 5,6.
5-1= 4 6-1= 5 4< 5 5 < 6
4-тапсырма. Есеппен жұмыс. (слайд№ 5)
Алма-6 Барлығы-8
Алмұрт-2 Алма-2
Барлығы-? Алмұрт-?
Шешуі: 6+2= 8 Шешуі: 8-2= 6
Жауабы: барлығы 8 жеміс. Жауабы: 6 алма
IV. Сабақты бекіту.
а) Суретке қарап ауызекі мысалдар түзу және есептерді шешу. (слайд №6)
1.Ертеңгілік көлде аққулар жүзіп жүрді. Кешке қарай 3 аққу ұшып келіп, олардың саны 8 болды. Ертеңгілік қанша аққу жүзіп жүрді? 8-3= 5.
2.Бүдіргеннің сабағында 5 бүлдірген өсіп тұр. 2 бүлдірген пісіп, үзіліп түсті. Сабақта қанша бүлдірген қалды? 5-2=3
ә) Математикалық диктант.
8+2= 10 7+3= 10 5+4= 9
10-2= 8 10-3= 7 9-4= 5
б) Оқушылардың ой-пікірін пысықтау. «Ойлайықта-ойнайық» ойыны. (слайд№7)
1. Мен жүріп келе жатып, еменнің тасасынан төрт қоянның құлағын және екі түлкінің құйрығын көріп қалдым. Олар нелер және нешеу? (2 түлкі, 2 қоян.)
2.Дарбазаның астынан 8 доңғалақ көрініп тұр. Сонда дарбазаның арғы жағында неше машина тұр деп ойлайсың? (2 машина)
в) Геометриялық пішіндер мен жұмыс. (слайд№8)
1.Суретте барлығы неше үшбұрыш бар?
2.Суретте қандай пішіндер бар?
V.Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды мадақтап, жұмыстарына баға беру.
VI .Үйге тапсырма.
2-тапсырманың есебін шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |