Сабақ Өткен күні : 2015ж 04 желтоқсан. Топ: п 1-74,1 курс



Дата23.07.2016
өлшемі21.5 Kb.
#216139
түріСабақ
«Өндірістік оқыту» пәні бойынша ашық сабақ



Өткен күні: 2015ж 04 желтоқсан.

Топ: П 1-74,1 курс

Тақырыбы: “Винегрет дайындау”

Әдістері: сөздік, көрнекі, демонстрациялық, жағдаят оқыту әдісі, оқытудың интерактивті әдісі

Өндірістік оқыту шебері- Каральная Людмила Рудольфовна

Педагогикалық технологиялар: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, денсаулық сақтау технологиялары, ынтымақтастықта оқыту, бірлескен оқыту, «Case study» технологиясы, ИК- технологиялары

Білім беру мақсаты:

Оқушыларды винегрет дайындауға үйрету.



Кіріспе нұсқаулық Оқушылардың білімінің өзектілігі үшін «Көкөністерден салат» өткен тақырып бойынша «Сөйлемді аяқта» тапсырмасы құрылды.

Сабақ тақырыбы «Ойлау картасы» әдісі арқылы анықталды.

Сабақтың мақсатын анықтау алдында тірек конспектпен өздігінен жұмыс өткізілді, «Инсерт» әдісі бойынша таблица толтырылды. Оқушылардың білім өзектілігіне «Винегреттің пайда болу тарихы», «Винегретті ұсыну ережесі және алуан түрлері» тақырыптары бойынша презентация және «Винегрет дайындау» сабақ тақырыбы бойынша видеоролик көрсету себепкер болды.

Бұдан әрі оқушылар винегретті кезеңдеп дайындау сызбасын дайындады және толтыру дұрыстығы интерактивті тақтаға жауабын шығару арқылы тексерілді. Тақырыпты бекіту үшін «Қапшықтағы мысық» электронлық ойын формасында жабық тест өткізілді.

Содан кейін оқушылар топтарға бөлініп сабақ бойы топтарда 2 адамнан жұмыс істеді. (бірлескен оқыту)

Оқушылар өзіндік практикалық жұмыс басталардың алдында «Ми шабуылы» тапсырмасын орындады. (шикізат санына есеп айырысу) Жұмыс орнында ҚТ ережесі бекітілді. (слайд-презентация)

Кіріспе нұсқаулық бойы сондай-ақ шебердің практикалық көрсетілімі «Кальмарамен винегрет» тағамын дайындау және безендіру өткізілді.

Кезектегі нұсқаулық кезінде оқушылар өздігінен топтарда әр-түрлі винегрет түрлерін дайындады.

1 топ – « Көкөніс винегреті

2 топ - « Балық винегреті»

3 топ - «Кальмар винегреті»

4 топ – «Майшабақ винегреті»

5 топ - «Саңырауқұлақ винегреті»

6 топ - «Ет винегреті»

Қорытынды нұсқаулығында шебермен жасалған жұмыс талдауы жүргізілді.

Білімді алғашқы рет бекіту «Зияткерлік тиеу» кестесін толтыру арқылы жүргізілді.

Білімді екінші рет бекіту жағдаят міндеттерін шешу арқылы жүргізілді.



Рефлексия кезеңінде оқушылар көптілділік элементтерімен (ағалшын, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) сабақ тақырыбы бойынша синквейн құрастырды.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет