Сабақтың тақырыбы: Алгоритм түрлері. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата08.05.2024
өлшемі91 Kb.
#500733
түріСабақ
6-сынып-кмж 3


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Біздің өміріміздегі алгоритмдер

Педагогтың аты-жөні

Бауржанов Мадияр

Күні




Сынып 5

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Алгоритм түрлері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.2.1-Алгоритм анықтамасын тұжырымдау .
5.3.2.3 – орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру.
5.3.2.2. – алгоритмді сөз түрінде ұсыну



Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Алгоритм ұғымы және қасиеттерін, алгоритм орындаушылары туралы білімдері қалыптасады.

Көптеген оқушылар:

Түсінеді, талдайды, білімін қолданады: алгоритм құруды, алгоритмнің блок-сызбасын құруды, алгоритмнің қасиеттері туралы ұғымды меңгереді.

Кейбір оқушылар:

 Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды. Алгоритм құруды, алгоритм қасиеттерін үйренеді

Күтілетін нәтиже

Алгоритм ұғымы және қасиеттерін, алгоритм орындаушылары туралы білімдері қалыптасты
Түсінеді, талдайды, білімін қолданады: алгоритм құруды, алгоритмнің блок-сызбасын құруды, алгоритмнің қасиеттері туралы ұғымды меңгерді
Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды. Алгоритм құруды, алгоритм қасиеттерін үйренді

Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


оқушылармен сәлемдесу;
сыныпқа жағымды ахуал туғызу;
Сабақта ынтымақтастық атмосферасын орнату. (оқушылар бір – біріне жақсы тілектер тілейді)
«Learning Apps» ресурсы арқылы арқылы өткен тақырыпты қайтала



1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың мақсаттарымен танысады.




https://learningapps.org/1197653

Сабақтың ортасы

1 тапсырма
. Үй тапсырманы сурау
(Т) Топтық жұмыс
Мазмұнды сызбамен (постермен) жұмыс. Әр топқа берілген тақырып бойынша мазмұнды сызба дайындау және қорғау тапсырмасы беріледі.
1-топ. «Алгоритм ұғымы»
2-топ. «Алгоритм орындаушысы»
3-топ. «Алгоритм қасиеттері»
Топтар бірін-бірі бағалайды
«Екі жұлдыз, бір тілек»

Дескриптор: Әрбір топ тапсырманы орындайды!


4 Б

2 тапсырма


«Жасырын сөзді тап»
Алгоритм анықтамасын құрыңыз.
Алгоритм – берілген ...... шешу үшін орындалатын амалдар тізбегі.
Алгоритм ұғымы араб математигі ...... есімімен байланысты.
Алгоритм жазудың ...... түрлі формасы бар.
Дескрипторлар
Алгоритм анықтамасын толықтырады.
Алгоритм ұғымының формаларын атайды.
3 Б

1 тапсырманы орындайды

2 тапсырмны орындайды



Смайлик
4 балл

Смайлик
3 балл



Презентация


Алгоритм Түрлері


Сабақтың соңы

Қорытындылау «Сұрақ жауап» әдісі

  1. Алгоритм деген не?

  2. Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?

  3. Алгоритмнің жазылу формаларын атаңдар.

Үйге тапсырма. Алгоритм түрлерін, қасиеттерін оқу



Сұрақтарға жауап беру.







Үй тапсырмасы

§ 1.3, 19-бет «Үй тапсырмасы»











«Есептеу техникасының даму тарихы» тест сұрақтары


1. Гректердің ежелгі есеп құралы

  1. Арифмометр

  2. логарифмдік сызғыш

  3. абак



2. ЭЕМ-нің І буынының элементік базасы

  1. транзистор

  2. шам

  3. логарифмдік сызғыш

3.Бэббидждің машинасына арналған алғашқы бағдарламаның авторы:

    1. Бэббидж

    2. Блез Паскаль

    3. Ада Лавлейс

4.Біздің елдегі бірінші ЭЕМ

  1. ЭНИАК

  2. МЭСМ

  3. Урал-11



5.Программа бойынша жұмыс істеген бірінші құрылығы:

  1. Арифмометр

  2. Холлерит машинасы

  3. Шоттар

  4. Беббидж машинасы





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет