Сабақтың тақырыбы Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты Жалпы мақсаты



Дата25.02.2016
өлшемі63 Kb.
#20028
түріСабақ
Қызылрда облысы

Жаңақорғанкенті

№163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бегалиева Динара


Сабақтың тақырыбы

Қалмақан Әбдіқадыров
«Қажымұқан» хикаяты


Жалпы мақсаты

+ Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаятындағы дүниежүзі чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлы тақырыбында алған білімдерін бекіту.

+ «Көп бейнеттің зейнеті болатындығын» ұғындыру арқылы шыдамдылыққа , басқаға жақсылық жасау, қамқор болу, қайырымды,әділ болу туралы түсіндіру. 

+ Алған білімін пайдалана отырып, қолдана алуға үйрету.


Күтілетін нәтиже:


+ «Қажымұқан» хикаятындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы жайында алған білімдерін бекітеді.

+ «Еңбектің наны тәтті» екенін түсінеді

+ Ііскерлік, өз бетімен жұмыс жасай білу дағдысын үйренеді..


Негізгі идея

Қалың бет ,бура түсті қара нардай,
Жұп-жұмар ,жуан діңгек,бойшаң дардай
Өзге жұрт ергежейлі ол келгенде,
Айбынды ,жолбарысқа болар пардай.
С.Сейфуллин


Ресурстар

Кестелер, суреттер


Бағалаудың түрлері

«Білімді өзара бағалау», «Екі жұлдыз, бір тілек», геометриялық пішімдер, күлегештер, бағдаршаммен.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Хронологиялық кесте, «Кубизм», «Сұрақты қағып ал», «Пікір алмасу», «Дыбыстар сөйлейді».

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Сергіту сәті.

Оқушы назарын сабаққа аудару.



II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. хронологиялық кесте

Қ.Әбдіқадыровтың өмірінен





Мерзімі

Болған оқиғалар

1903 жыл

Қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген

1925 жыл жыл

Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған

1928 жыл

Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен жарық көрді

1935-51 ж.ж.

“Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары жарық көрген

1954, 1956, 1959 ж.ж.

“Қажымұқан” повесі қайта басылды

1970 жылы

“Қажымұқан” повесі орыс тілінде жарық көрді

1935, 1936, 1937ж.ж.

“Алатаудың бауыры”, “Амантай”, “Тапқыш” кітаптары жарық көрді.


Сөздікпен жұмыс

Түсініксіз сөз

Мағынасы

Қыламық

Өлшем бірлігі. 16 килограмға тең

Кеспек

Талдың қабығынан тоқылған аяқ киім

Кіреші

Сұйық зат құйып сақтайтын ағаш ыдыс, бөшке

Бастырық

Жел үріп әкеп, біржерге үйіп кеткен ,бекіп үлгермеген қар

Күртік қар

Шөпті ауып кетпеу үшін басып тұратын ұзын сырық

Пұт

Жұқалаң түскен қар

Шабата

Жүк тасушы



Қ. Мұңайтпасұлының өмірінен

Мерзімі

Болған оқиғалар

1871 жыл

Ақмола уезі,Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген

1906 жыл

Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста чемпионы атанды.

1909 жыл

Халықаралық палуандар жарысына «Қара Мұстафа » деген атпен шыққан.

1911 жылы

Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барды.

1948 жылы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында қайтыс болды.


2 «Сұрақты қағып ал» доп лақтыру арқылы мынадай сұрақтар қойылады.

- Мұқанның балалық шағы қайда, қандай жағдайда өтті?


- Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?
- Мұқан бір шана шөпті бай үйіна қалай жеткізді?
- Мұқанның ерекше күшін байқап, оған достық көмекке келгендер кімдер?
- Добрый-Рабый, Лебедев дегендер кімдер?
- Лебедев мектебі Мұқанға нелерді үйретті?
-Қазақтың ата-анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай берілген? Мұқан бойында тағы қандай үлгі қасиеттер көрінеді?
ІІІ. Тұсау кесер
3. «Танып білу» стратегиясы.

Мақсаты: Шығарма мазмұнын қандай деңгейді меңгергендерін пысықтау үшін шығармадан үзінділер келтіру, оқушыларға «Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?» деген сұрақтар беру. («Семантикалық карта»)


4. «Кубизм» стратегиясы.

1 Суреттеңіз: Мұқанның сыртқы түрі, мінез құлқын суреттейтін тұстарды шығарманың әр тұсынан іріктеп алып, балуанның өсу жолына мінездеме бер

2. Қолданыңыз: Бес жолды өлең

  1. Зат есім: Қажымұқан

  2. Сын есім: мықты, епті

  3. Етістік: күресті, чемпион болды, Парижге барды.

  4. Сөйлем құра: Қажымұқан әлем чемпионы атанды.

  5. Синоним: Мықты, палуан, күшті


3. Талдау жасаңыз : Әңгіменің композициялық құрлысына талдау жасаңыз:

1. Басталуы: Мұқанның саудагер Иван Ногичке жалданып жұмыс жасау

2. Дамуы: Орлий Масликовтың қызметіне ауысуы

3. Шиеленісуі: Бір шана шөпті бай үйіне жая сүйретіп келуі

4. Шақыртау шегі: Иван Лебедевтің мектебінен дәріс алуы, өзіне жақын дос табуы

5. Шешімі: Париж сахнасында өнерін көрсетіп, құрметке бөленуі


4.Зертте: Профессор Ә.Қоңыратбаевтың дерегі бойынша

1.Салмағы–174 кг.


2. Бойы–195 см.
3. Кеудесінің аумағы–146 см.
4. Балтырының аумағы–49 см.
5. Мойнының жуандығы–56 см.
6. Бас аумағы–65 см.
7. Ортаңғы саусағының ұзындығы–14 см.
8. Ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см.
9. Үстіңгі және астыңғы еріндері – 12 см.
10. Аяқ киімі–54 размер.


  1. Мінездеме: Қажымұқанның мінезін сипаттау, ақжарқын, ісіне адал, қарапайым

«Дыбыстар сөйлейді» әдісі бойынша  Қажымұқанға мінездеме беру

Қ-қайратты

А-адал


Ж-жақсы

Ы-ынталы


М-момын

Ұ-ұнамды кейіпкер

Қ-қайсар

А-ашық мінез



Н-намысшыл


  1. Салыстырыңыз: Қазіргі чемпиондармен Қажымұқанды салыстыр


IV. Жаңа сабақты қорыту.
1 «Пікір алысу» стратегиясы.

Шығарма несімен ұнады?

Сүйікті кейіпкерлерің

Кейіпкерге хат

Жасалған қорытынды

 

 

 

 



Үйге тапсырма беру:
Эссе:


1.Қажымұқан ағаға хат.

2.Мен –балуанмын

3.Қалмақан ағаға хат. 



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет